«Самұрық-Энерго» АҚ. Жылдық есеп / 2013

ӨНІМ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК

ТҰТЫНУШЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ

Тұтынушылардың қауіпсіздігін арттыру және техникалық реттеу мақсатында электр  энрегия сапасына талаптар көрсетілген, «Жалпы белгілеуде электрмен жабдықтау жүйесіндегі электр энергия сапасының нормалары» 13109-91 Мемлекеттік стандарт құрылды. Бұл мемелекттік стандарт «Самұрық-Энерго» компаниялары Тобының орындауы үшін міндетті болып табылады.

ӨНІМДЕР МЕН КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІН ТАҢБАЛАУ

«Самұрық-Энерго» компаниялары Тобы бойынша өнімдерді таңбалау қолданылмайды.

МАРКЕТИНГТІК ҚАТЫНАС

Монополиялық немесе доминанттық жағдайлардың салдарынан «Самұрық-Энерго» компаниялары Тобы үшін маркетингтік байланыс эконмикалық мақсатқа сай емес болып табылады.

ТҰТЫНУШЫНЫҢ ЖЕКЕ ӨМІРІНЕ ТИІСПЕУШІЛІК

«Самұрық-Энерго» компанияларының Тобы  клиенттің жеке өміріне тиіспеушілік және ол туралы ақпаратты қорғау мәселелеріне аса маңызды мән береді. Бұл мақсаттар үшін, «Самұрық-Энерго» Тобының әр компаниясында компания клиенттері мен тұтынушылардың  мәліметтеріне авторластырылған рұқсаты бар қызметкерлер тобы тағайындалған. 

«Самұрық-Энерго» компаниялары тобының бірқатары үшін клиенттік база стратегиялық және коммерциялық құпия болып келеді. 

Көбінесе, «Самұрық-Энерго» Тобының бір қатар компниялары үшін клиенттік база стратегиялық және коммерциялық құпия болып келеді.

Клиенттік мәліметтер базасы жайында «Самұрық-Энерго» компаниялары Тобына бөгде адамдарға ақпаратты ашу, ҚР уәкілетті органдарының талаптары бойынша ғана іске асады.

Есептік кезеңде «Самұрық-Энерго» Тобының компаниялары арасында клиенттер жайындағы мағлұматтардың жоғалу оқиғалары  болмады.

ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕС КЕЛУ

«Самұрық-Энерго» компаниялары Тобы өз қызметін қолданыстағы заңдар шеңберіне жүзеге асырады.  Заң департаметі қолданыстағы заң нормаларын сақтау бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп тұрады. Заң департаменті жүйелі негізде ағымдағы және қайта күшіне енген заңдарға және электр энергетикасы, экология, еңбек қорғау мен қауіпсіздік салаларындағы техникалық реттемелерге, сондай-ақ өнімдер сапасына мониторинг өткізіп тұрады.

Бұл іс-әрекеттердің тәртібі 2013 жылы күшіне енген, табиғатқа жағымсыз ықпал ететін заттарды азайтуға бағытталған техникалық реттемеде белгіленген.

«Самұрық-Энерго» компаниясы Тобының Заң талаптары мен нормаларын сақтауды ұстанушылығы тап осы кезде «Самұрық-Энерго» Тобы компанияларының атмосфераға шығатын зиянды заттардың көп бөлігін ұстап қалатын, бу аулағыш орнатқыларды орнату жұмыстарын жүргізіп жатқанымен тиянақталады.

ӨНІМДЕР МЕН КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАТЫСТЫ НОРМАТИВТІК ТАЛАПТАР МЕН ЕРІКТІ КОДЕКСТЕРГЕ СӘЙКЕС КЕЛМЕУ ЖАҒДАЙЛАРЫ

Есептік кезең бойынша өнімдер мен көрсетілген қызметтердің адам денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатысты нормативтік талаптарға сай келмеу жағдайлары «Самұрық-Энерго» компаниялары Тобында білінбеді.

МАРКЕТИНГТІК ҚАТЫНАСҚА ҚАТЫСТЫ НОРМАТИВТІК ТАЛАПТАР МЕН ЕРІКТІ КОДЕКСТЕРГЕ СӘЙКЕС КЕЛМЕУ ЖАҒДАЙЛАРЫ

2013 жылы «Самұрық-Энерго» ккомпаниялары Тобының барлық өнім жарнамасы мен маркетингке қатысты себептерге бола сәйкес келмеу жағдайлары байқалмады.

ТҰТЫНУШЫНЫҢ ЖЕКЕ ӨМІРІНЕ ТИІСПЕУШІЛІКТІҢ БҰЗЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ АРЫЗДАР

Есептік кезеңінде тұтынушының жеке өміріне тиіспеушіліктің бұзылуына және тұтынушы жайында мәліметтердің жоғалуына қатысты арыздар «Самұрық-Энерго» компаниялары Тобында байқалмады.