«Самұрық-Энерго» АҚ. Жылдық есеп / 2013

АКТИВТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫН ҚАЙТА ҚҰРУ, ЖАҢА КОМПАНИЯЛАРДЫ ҚҰРУ, САТЫП АЛУ, ҰЙЫМДАСТЫРУ

1. «ТПЭП» ЖШС

«Самұрық-Энерго» АҚ тобының 2013 жылғы 13 наурыздағы бейінді емес құрылымды қайта құру мақсатында «ТПЭП» ЖШС «Самұрық-ЭнергоСтройСервис» ЖШС жарғылық капиталына қатысуының 25% үлесін қайта сатып алды («Самұрық-Энерго» АҚ 100% ЕТҰ болып табылатын). Негіздеме: 12.03.2013 ж. №70 «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі шешімінің хаттамасы.

2. «ШҚ АЭК» АҚ

2013 жылы наурызда «Шығыс Қазақстан Өңірлік энергетика компаниясы» Акционерлік қоғамының 100% акциясы және «Шыгысэнерготрейд» ЖШС жарғылық капиталына қатысуының 100% үлесі «Самұрық-Энерго» АҚ жарғылық капиталына берілді. Негіздеме:  «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі (№ 67 хаттама 14.12.2012 жыл) және «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімі (№ 03/13 хаттама  29.01.2013).

3. «АлЭС» АҚ

«Самұрық-Энерго» АҚ  активтерін басқаруды оңтайландыру мақсатында АлЭС 100% акциясы Қоғамның тікелей иелігіне берілді. Негіздеме: «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі (№77 хаттама 09.09.2013).

4. «СЭСС» ЖШС

Бейінді емес құрылымды қайта құру іс-шарасы жоспары шеңберінде 2013 жылдың желтоқсан айында «Самұрық-ЭнергоСтройСервис» ЖШС жарғылық капиталының 100% сату-сатып алу келісіміне қол қойылды (№ 73 хаттама 20.05.2013).

5. «КМГ-Энерго» АҚ

Бейінді емес құрылымды қайта құру іс-шарасы жоспары шеңберінде 2013 жылы 24 қазанда «КМГ-Энерго» АҚ таратылды (№73 хаттама 20.05.2013).

6.  «ҚазҚуат» АҚ

Бейінді емес құрылымды қайта құру ісшара жоспары шеңберінде 2013 жылы 17 қазанда  «ҚазҚуат» АҚ таратылды (№73 хаттама 20.05.2013).

7. «ГРЭС-1» АҚ

2013 жылдың аяғында «Самұрық-Энерго» АҚ және Ekibastuz Holdings B.V  арасында «Екібастұз ГРЭС-1» АҚ 50%  акциясын «Самұрық-Энерго» АҚ пайдасына сату туралы шарт жасалды.