«Самұрық-Энерго» АҚ. Жылдық есеп / 2013
Warning: Creating default object from empty value in /var/www/uniqum/data/www/se2013.uniqum.net/app/views/layout/_header.php on line 96 Warning: Creating default object from empty value in /var/www/uniqum/data/www/se2013.uniqum.net/app/views/layout/_header.php on line 97
06
Электр энергетикасы кешені дамуының
стратегиялық мәнділігі әр елдің
әлеуметтік-экономикалық
дамуында маңызды рөлде болуынан
көрінеді.

06. ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ, ОНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Электр энергетикасы кешені дамуының стратегиялық мәнділігі әр елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөлде болуынан көрінеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметі алға қойған мақсаттарына жету және белгіленген бастамаларды  іске асыру үшін Қоғамның алдында Қазақстанның электр энергетикалық кешенін жаңарту және одан әрі жетілдіру жөніндегі мақсаттар қойылады.

МИССИЯ

Ел экономикасы дамуының жоғары қарқындарын қолдау және қазақстандықтардың өмір сүру деңгейлерін жақсарту үшін тұрақты даму арқылы ғаламдық энергия экологиясы шеңберінде электр және жылу энергиясын, сондай-ақ көмірді сенімді әрі тиімді өндіруді және жеткізуді қамтамасыз етеді.

ПАЙЫМДАУ 

Электр энергетикасы саласындағы ұлттық оператор бәсекеге қабілетті еуразиялық маңыздағы электр энергетикасы холдингі. 

Қоғам 2012-2022 жылдардағы дамуының ұзақ мерзімді стратегиясы 2013 жылы 27 ақпанында Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді (№69 хаттама).