«Самұрық-Энерго» АҚ. Жылдық есеп / 2013

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

ҚОҒАМНЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қоғамның инвестициялық қызметінің негізгі бағыттары халықаралық экологиялық стандарттарға, электр энергиясын таымалдау желі-лерін жаңарту үлгілеріне сай келетін қазіргі технологиялық шешімдерді есепке алып, бұрыннан бар нысандарды жаңғырту, қайта қайта құрылымдау және жаңа нысандар салу, сондай-ақ көмір шығару жұмысына тиімді технология енгізу болып табылады.

Қоғамның инвестициялық қызметі тұрғындардың электр энергиясы мен жылуға деген қажеттілігін қанағаттандыру және оларды сенімді түрде энергимен жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған.

ҚОҒАМ 2013 БІРҚАТАР ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ АЯҚТАДЫ:

  • Қапшағай қаласындағы жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын, қуаты 2 МВт күн электр станциясын іске қосу жүзеге асырылды;
  • III кезектегі Алматы ЖЭО-2-ні қайта құрылымдау және кеңейту жұмыстары жүргізілді. Бойлерлік қуаты 350 Гкал/с;
  • Екібастұз ГРЭС-1 №3, 7 блоктарының электр сүзгілерін қатты заттардан арылту мақсатында монтаждау жүргізілді;
  • АЭА АТП нысандарын электрмен жабдықтау үшін Алматы қаласында «Новая №16» қосалқы станциясы пайдалануға берілді;
  • Алматы қаласында ЭБЖ-220 кВ  шығыршығын салу аяқталды,  «Бесағаш» және «Мамыр» қосалқы станциялары кернеуге қосылды.

Қоғамның инвестициялық қызметі капиталды қажет ететін бағытта болады. Жобаларды қаржыландыру Қоғамның, Еншілес және тәуелді ұйымдарының меншікті қаражаттары, Республикалыө бюджет пен Ұлттық қор қаражаттары есебінен, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық қаржы институттарының кредиттік қаражаттары есебінен жүзеге асырылады және жоспарланады. Капитал салу мөлшері көп болған, сондай-ақ жобалардың жүзеге асырылу мерзімі ұзаққа созылған жағдайларда қазақстандық және шетелдік банктер жобалардың экономикалық тиімділік көрсеткіштері мен экологиялық талаптардың сақталуына айрықша назар аударады.

Қоғамның іске асырылатын инвестициялық жобалар қоржынына 13  инвестициялық жоба кіреді, олардың іске асырылуы Қазақстандағы электр энергиясы мен электр қуатының тапшылығын бұрыннан бар станцияларды ұлғайту және жаңа қуаттар салу жолымен өтеуге жағдай жасайды. Олардың ішінен 4 жоба ИЖДЖМБ шеңберінде, 4 жоба Индустрияландыру картасы шеңберінде іске асырылуда. Төменда «Самұрық-Энерго» компаниясы Тобының негізгі іске асырылатын жобалары келтірілген:

«Балхаш ЖЭС құрылысы» жобасы

2012 жылы қыркүйекте Қазақстан Республикасы және Корей Респуб- ликасы мемлекет басшыларының қатысуымен қуаты 1 320 МВт Балхаш ЖЭС алғашқы модул құрылысы басталды (жоба ҮИИДМБ және Индустрияландыру картасына қосылған). Жобаның іске асырылуы жылына 10 млрд шамасында электр энергиясын өндіруге және Қазақстандағы электр энергисы мен электр қуатының тапшылығын болдырмауға мүмкіндік береді.

Станция құрылысын 2018 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

«Шардара ГЭC-ін жаңарту» жобасы

Шардара ГЭС-ін жаңарту жобасы (жоба ҮИИДМБ және Индустрияландыру картасына қосылған) станцияның өндірімділігі мен пайдаланылу қауіпсіздігін жақсарту үшін тозығы жеткен жабдықтарды ауыстыруға бағытталған, бұл белгіленген қуатты 116 МВт дейін ұлғайтуға және жылына үстеме 57 млн кВт•сағ өндіруге жағдай туғызады.

Станцияны жаңартуды 2016 жылы аяқтау жоспарлануда.

«Екібастұз ГРЭС-1 қуатын жаңарту және кеңейту» жобасы

Екібастұз ГРЭС-1 қуатын жаңарту және кеңейту жобасы (жоба ҮИИДМБ және Индустрияландыру картасына қосылған) Екібастұз ГРЭС-1  №8, №2 және №1 блоктарын қалпына келтіруге, соған сәйкес станцияның белгіленген қуатын 1 500 МВт дейін ұлғайтуға бағытталған.  №8 блокты қалпына келтіру 2012 жылы аяқталды. №2 блокты қалпына келтіруді 2014 жылы аяқтау,  №1 блокты қалпына келтіруді 2016 жылы аяқтау жоспарлануда.

«Екібастұз ГРЭС-2-ні №3 энергия блогын орнату арқылы кеңейту және қайта құру» жобасы

Екібастұз ГРЭС-2-ні №3 энергия блогын орнату арқылы кеңейту және қайта құру жобасы (жоба ҮИИДМБ және Индустрияландыру картасына қосылған) станцияның белгіленген қуатын 636 МВт ұлғайту үшін өткізіледі, бұл жылына үстеме 4,8 млрд, шамасында электр энергиясын өндіруге жағдай жасайды.

Энергия блогын салуды 2017 жылы аяқтау жоспарлауды.

«БАЛҚАШ ЖЭС ҚҰРЫЛЫСЫ» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖЫЛЫНА ШАМАМЕН
10
МЛРД КВТ•САҒ.

Алматы қаласындағы қосалқы станциялар құрылысы бойынша жобалар

2010-2013 жылдар аралығындағы кезеңде Қоғам Алматы қаласы мен Алматы облысында Азиада (Медеу, Шымбұлақ, ҚазМУ, Ерменсай), Метрополитен және АЭА АТП (Отырар, №16 Новая, Толивная және Алатау), сондай-ақ ТКШ (Мамыр, №3А Новая) қосалқы станцияларының жобаларын іске асырды. Қосалқы станциялардың жабдықтары кернеуге қойылды. Жаңа трансформаторлық қуаттың қосылуы 1,372 МВА құрады.

Трансформаторлық қуаты 500 МВА «Бесагаш» қосалқы станциясы кернеуге қойылды, Ерменсай ҚС ЭБЖ – Бесағаш ҚС, Бесағаш ҚС ЭБЖ – 3-ЖЭО ҚС құрылыстары аяқталды.

«АЖК» АҚ ТКШ нысандарын электр-мен жабдықтау үшін трансформаторлық қуаты 80 МВА «Алтай» қосалқы станциясын салуды жалғастыруда. Құрылысты аяқтау 2014 жылғы маусымға жоспарланып отыр.

Алматы 2-ЖЭО-да күл-қоқыс кетірудің құрама жүйесін және №8 ст. қазандық агрегатын қайта құру, Кербұлақ ГЭС-нің құрылысы, қуаты МВт Ерейментау Жел электр станциясының құрылысы, «Богатырь» көмір кен орнындағы жұмысты авто-конвейерлік топтама-ағындық технологияға көшіру және  Придорожное газ кені базасында ГТЭС салу жобалары іске асырылуда.

«Ақтөбе ЖЭО-ын қайта құру және жаңарту» жобасы

Жобада №3 станцияның турбина агрегатын өндірімі кему себебіне қарай ауыстыру ұсынылады. Жобаның іске асырылуы станцияның белгіленген қуатын 117 МВт дейін ұлғайтуға қолайлылық тудырады. Аяқталу мерзімі 2014 жыл.

АҚТӨБЕ ЖЭО ҚУАТЫН
117
МВт дейін ұлғайту

2014 ЖЫЛҒА ЖОСПАР РЕТІНДЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАНЫ:

  • Алматы қаласының тұрмыстық-коммуналдық нысандарын 80 МВА трансформаторлық қуаты бар электрмен жабдықтау үшін «Алтай» қосалқы станция құрылысын аяқтау;
  • Ерейментау қаласының өңріне қуаты 45 МВт болатын жел электр станциясын пайдалануға енгізу;
  • 117 МВт қуатты Ақтөбе ЖЭО жаңарту және қайта құру;
  • Қуттылығы 500 МВт болатын Екібастұз ГРЭС-1 №2 блогін қайта құру жұмыстарын аяқтау.

Сонымен қатар Қоғам қоржынға жаңа инвестициялық жобаларды қосу үшін белсенді жұмыс жүргізуде. 7 инвестициялық жобаларды іске асыру жұмысына кірісу жоспарлануда. Олардың ішінде Семей қаласындағы ЖЭО құрылысы және Шелек коридорындағы жел электр станциясын құрылысы, 7 шағын ГЭС, Алматы 1-ЖЭО ГТО орнату және газға аударумен кеңейту және қайта құру, Алматы қаласындағы 6-10 кВ электр желілерін қайта құру, Алматы 3-ЖЭО күл үйіндісін қайта құру және кеңейту.

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ

Қоғам қаржылық ресурстарды тарту үшін кредитлер мен облигациялар сияқты құралдарды кеңінен қолданады, сондай-ақ әлеуметтік мәнді жобаларды қаржыландыру үшін Республикалық бюджеттен ақшалай қаражат келтіреді. Бұл ретте Қоғам қаржыландырудың ішкі көздерін, сол сияқты сыртқы көздерін, Внешэкономбанк (РФ), Дамудың мемлекеттік банкі (ҚХР) тәрізділерді және т.т. пайдаланады. 2013 жылы Ерейментау қаласы аумағында жел электр станциясын салу жобасын қаржыландыру жөнінде кредиттік келісімге қол қойылды.

2012 жылы 21 желтоқсанда Қоғам Ирландтық қор биржасына (ISE) және Қазақстандық қор биржасына (КАSЕ) жиынтығы 500 млн доллар бесжылдық еврооблигациялар салды, купон мөлшерлемесі жылдық 3,75% көлемінде белгіленді. КАSЕ арқылы орналастырылған облигациялардың нақтылы құнының жалпы көлемі 101,5 млн долларды құрады.

Қоғам 3,75%, купон мөлшерлемесі бойынша еврооблигациялардың дебюттік шығарылымы өтінімдерінің кітабын сәтті жапты, бұл мөлшерлеме қазақстандық эмитенттердің халықаралық капитал нарығында алғаш орналасқан кезіндегі ең төмен деңгей болып табылады. Еврооблигацияларды орналастырудан алынған қаржы ағымдағы қарыздарды қайта қаржыландыруға және Қазақстан Республикасы Үкіметі мен «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат қоры» АҚ бекіткен инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға бағытталады.

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ДАМУЫ, ЖАҢАРТУШЫЛЫҚ

2013 жылы Қапшағай қаласында қуаты 2 МВт күн электр станциясы құрылысы аяқталды және пайдалануға берілді.

2013 жылы  Ерейментау қаласы аумағында қуаты 45 МВт жел электр станциясы құрылысының салынуына орай құрамында «Karaganda BI Energy Plus» ЖШС, «ФУРЛЕНДЕР ВИНДТЕХНОЛОДЖИ» ЖШБ, «W2E Wind to Energy GmbH», «СТРОЙИНДУСТРИЯ» ЖШС бар консорциуммен ЕРС-келісімшарт жасалды. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

2013 жылы екі жылдық тендер қорытындысы бойынша Шардара ГЭС-ін жаңарту жобасы жөнінде «Шардара ГЭС» АҚ және ANDRITZ Hydro GmbH (Германия) арасында ЕРС-келісімшартқа қол қойылды. 

«АЖК» АҚ

2013 жылы  ЭБЖ-220 кВ «Кенсай» — Ерменсай» құрылысы аяқталды, соның өзінде мегополисті электрмен жабдықтаудың сыртқы сызбасының беріктігін айтарлықтай жоғарылататын Алматы қаласының төңірегіндегі 220 кВ шығыршығы құрылды.

2013 жылы Алматы қаласында 110 кВ кабельдік желілері бар ЭБЖ-220 кВ және ҚС 100/10/6 кВ «Жаңа» құрылыстары аяқталды. 2014 жылы I орамда ҚС 110/10 кВ «Алтай» құрылысын аяқтау және қаланың солтүстік бөлігінде  ҚС 110/10-6 «Түркісіб» қосалқы станциясын салуға кірісу жоспарлануда.

110 кВ қосалқы станциясының құрылысы әлемдегі көсбасшы өндірушілердің жабдықтарын қолдануымен жасалды. Жоғары ковальтты кабельді 110 ЭБЖ және 220 кВ-ге полиэтиленнен тігілген оқшалауы бар кабель қолданылды.

«МЭБК» АҚ

«Маңғыстау ЭБК» АҚ КРУН-6 алмасуы бар 100/35/б кВ «Северная» ҚС және қосымша орнатылған 110 кВ ӘЖ 1,2-Л-Сай-Утес қайта құруы аяқталып жатыр.

2013 жылы:

  • 110/6 кВ «Карамандыбас» ҚС және 110/6 кВ «Термальная» ҚС-да 110 кВ ОД/КЗ-ін элегаздық ажыратқыштарына алмастыру болды;
  • 35/6 кВ  БКНС-2 ҚС,  35/6 кВ  БКНС-3 ҚС,  35/6 кВ  БКНС-5 ҚС  және 35/6 кВ «Асар ҚС түгел КРУН — 6 кВ жаңартуы жүргізілді;
  • «Ақтау-Қаражанбас» ЭБЖ-220 кВ құрылысына қосымша 1х125 МВА автотрансформаторы бар «Каражанбас» 220 кВ ҚС қосылды.

«ШҚ АЭК» АҚ

2013 жылы электр энергиясын беру көлемін көбейту және үшінші жақтағы тапсыруға кеткен шығындарды азайту мақсатында «Distrans» ЖШС-нен келесі активет алынды:

  • 151-Ж ЭБЖ, 152-Ж, 116-Ж, 123-Ж, 434-Ж, 435-Ж, 439-Ж;
  • 9-ҚС, 16-ҚС, 23-ҚС, «Левобережная» ҚС, «ЧПТФ» ҚС.

Барлық ӨЭК бойынша электр энергия есебін автоматтандыру үшін энергияның коммерциялық есебін автоматтандырылған жүйе (ЭКЕАЖ) кезеңімен енгізу жалғасып жатыр. Бөлу желілерінде айырылған өзі түсетін сымға жалаң сымы алмасуы бар 0,4 кВ ӘЖ қайта құрау жүріп жатыр. Бөлу желілерінде ВЛ 0,4 кВ өзі жеткізетін оқшауланған сымды (ӨОС) жалаң сыммен алмастыратын қайта құру жұмыстары іске асырылуда.

Алматы қаласының қалалық желілерінде қуаты 6 кВ  желіні 10 кВ жоспарлы түрде аудару жүріп жатыр.