«Самұрық-Энерго» АҚ. Жылдық есеп / 2013

ЕТҰ (ЕНШІЛЕС ЖӘНЕ ТӘУЕЛДІ ҰЙЫМДАРЫ) ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

СУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ жаңартылатын ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ

ГЭС бойынша жалпы

Электр станцияларының белгіленген қуаты:
  • «Шардара ГЭС» АҚ-100 МВт;
  • «Мойнақ ГЭС» АҚ -30 МВт;
  • «Қапшағай ГЭС» - 2 МВт; 
  • «Бұқтырма ГЭС» -675 МВт; 
  • «Шүлбі ГЭС» - 702 МВт; 
  • «Өскемен ГЭС» -331,2 МВт; 
  • «Алматы Каскад ГЭС»- 46,9 МВт; 
  • «Қапшағай ГЭС» - 364 МВт.

«Шүлбі ГЭС» АҚ

Шүлбі ГЭС-і Ертіс өзенінің орта ағысында, Семей қаласынан 70 км жоғары тұсында орналасқан. 1976 жылы салына бастаған, 1987 жылы бірінші гидроагрегаты өндірістік пайдалануға берілген, алты гидроагрегатының соңғысы 1997 жылы 19 желтоқсанда жұмысқа қосылған.

Шүлбі ГЭС-ның құрамына мыналар кіреді:

  • ГЭС ғимараты;
  • Топырақ бөгет;
  • Кеме жүзетін шлюз;
  • Су қоймасы;
  • Ұштасатын құрылыс;
  • Ашық тарату құрылғысы 220 кВ.
«Шүлбі ГЭС» АҚ–ның ірі акционері «Самұрық-Энерго» АҚ болып табылады, акциясы 92,14%.
2013 жылы өндірген электр энергиясы 1 683 млн кВт•сағ құрады.

«МОЙНАҚ ГЭС» АҚ

Мойнақ ГЭС-і Алматы облысындағы Шарын өзенінде орналасқан және қуаты 300 МВт. Көлемі мен қуаты Қазақстандағы су электр станцияларының ішінде 5-ші болып саналады және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы қолданылуға енгізілген, еліміздің бірінші құрушы энергетикалық нысаны болып табылады.

«Мойнақ ГЭС» АҚ 2012 жылы желтоқсанда пайдалануға берілді. Оның ірі акционері «Самұрық-Энерго» АҚ болып табылады, акциясы 51%.

2013 жылғы өндірген электр энергиясы 899,3 млн кВт•сағ құрайды.

«БҰҚТЫРМА ГЭС» АҚ»

«Бұқтырма ГЭС» акционерлік қоғамы Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі аумақтық комитетінің 1996 жылғы 19 желтоқсандағы «Қайта ұйымдастырылған «Алтайэнерго» акционерлік қоғамының құрамынан бөлініп шыққан «Бұқтырма ГЭС» акционерлік қоғамын құру туралы» №1053 қаулысымен бекітілген.

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 24 қазандағы «Кейбір акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін «Самұрық» қазақстандық мемлекеттік активтерді басқару холдингі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталына өткізу туралы» №1020 қаулысына сәйкес, 2006 жылы 28 желтоқсанда «Бұқтырма ГЭС» АҚ мемлекеттік акциялар пакеті «Самұрық» Холдинг» АҚ жарғылық капиталының төлеуіне берілді. 2008 жылы 04 қаңтарда «Бұқтырма ГЭС» АҚ мемлекеттік акциялар пакеті «Самұрық-Энерго» АҚ-ның меншігіне өтті.

Бұқтырма ГЭС Бұқтырма өзенінің төменгі сағасынан 15 км төменде, Ертістің Зайсан көлінің бастауынан 350 км-де орналасқан. БГЭС бөгеті тіреуінің сыйымдылығы 49,6 млрд текше метр су қоймасын құрап, Зайсан өзенінің табиғи деңгейін 5-6 метрге жабады. Айдынның алаңы – 5 490 шаршы км.

«Бұқтырма ГЭС» АҚ-ның ірі акционері «Самұрық-Энерго» АҚ болып табылады, акциясы 90%.
2013 жылғы өндірген электр энергиясы 2 006,9 млн кВт•с құрайды.

«ӨСКЕМЕН ГЭС» АҚ

Қазіргі уақытта Өскемен ГЭС-і Өскеменнің Солтүстік-Шығыс шетінде орналасқан, белгіленген қуаты – 331,2 МВт, төрт турбинасы бар (82,8 МВт).

ГЭС құрылыстарының құрамы мыналар: 

  • төрт су төгетін саңылауы бар қырқасы бойынша ұзындығы 92 м су төгетін бетон бөгет; 
  • ұзындығы 300 м бітеу бетон бөгеттер; 
  • ұзындығы 129 м бөгет бойындағы ГЭС ғимараты; 
  • бір камералы кеме жүзетін шлюз.
«Өскемен ГЭС» АҚ-ның ірі акционері «Самұрық-Энерго» АҚ болып табылады, акциясы 89,9%.

Станцияның белгіленген қуаты 331,2 МВт құрайтын еді, бірақ перемичка толық алынбағандықтан, 315 МВт құрайтын болды. Станцияның орташа көп жылдық өндіретіні 1 580 млн кВт•сағ. құраса, аз жылдықта өндіретіні 1 200 млн кВт•сағ. құрайды.

2013 жылы өндірген электр энегиясы 1 220 млн кВт•с құрады.

«ШАРДАРА ГЭС» АҚ

Шардара ГЭС Сырдария өзенінің орта ағысында орналасқан және Нарын-Сырдария сарқырамасындағы тұйықтаушы ГЭС болып табылады.

Шардара ГЭС-ның жармасы өзеннің төменгі тұсы 5 км-ге дейін тарылатын Жаушықұм қырының етегінде орналасқан. Маусымдық реттелетін су қоймасы бар Шардара гидроторабы кешенді түрде жобаланып, салынды. Оны пайдаланудағы басты бағыттардың бірі өзеннің орта және төмен ағысының жағасында орналасқан құнарлы ауыл шаруашылық жерлерді суғару болып табылады.

Шардара гидроторабын салу суландыру қызметтерін энергетикалық режимде қамтамасыз етіп, жоғарғы сарқыраманың ГЭС-ын суландыру қызметінен босатуға мүмкіндік берді.

«Шардара ГЭС» АҚ-ның Жалғыз акционері «Самұрық-Энерго» АҚ болып табылады, акциясы 92,14%.
2013 жылы өндірген электр энергиясы 1683 млн кВт•сағ. құрады.

ҚАПШАҒАЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚУАТЫ 2 МВТ КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ

«Самұрық-Энерго» АҚ 2013 жылы Қапшағай қаласындағы қуаты 2 МВт болатын, алғашқы өндірістік күн электр станциясының жобасын іске асыруды аяқтады. Қуаты 2 МВт КЭС салудың негізгі мақсаттары жаңартылатын энергия көздерін пайдалану үлесін ұлғайту және электр энергиясын өндіру кезінде көмірсутекті энергия тасығыштарды қолдану деңгейін төмендету болып табылады.

Күн электр станциясында электр энергиясын өндіру 7 995 күн панелдерімен жүзеге асырылады, олардың 70% тіркелген құрылғыларды және 30 пайыз күн баққыш құрылғыларда орнатылған. Тұрақты электр тогы пайда болу үшін күн электр станцияларында 178 инвертор қолданылады. Электр энергиясын өндірудің жоспарланған жыл сайынғы көлемі 3 600 млн кВт•сағ. құрайды. 2013 жылы 20 желтоқсанда индустрияландыру күніне арналған жалпы ұлттық телекөпір барысында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев күн электр станциясын өндіріске қосуға рұқсат берді.

2014 жылы Қапшағай қаласындағы қуаты 2 Мвт күн электр станциясын «Samruk-Green Energy» ЖШС жарғылық капиталына одан әрі пайдалану үшін беру жоспарлануда.

«Samruk-Green Energy» ЖШС

«Samruk-GreenEnergy» ЖШС 2012 жылы 25 қаңтарда жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру үшін құрылған және осы саладағы іс-әрекеттерді жүзеге асыратын, қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорын болып табылады.

«Samruk-Green Energy» ЖШС-нің бір ғана қатысушысы «Самұрық-Энерго» АҚ болып табылады, қатысу үлесі 100%.

«Samruk-Green Energy» ЖШС-нің негізгі бағыттары мына стратегиялық мақсаттарды орындау болып табылады: 

  • жаңартылатын энергия көздері, өзіндік техникалық құрылғы және жаңартылатын энергия көздерін қолданумен электр және/немесе жылу энергиясын өндіру үшін олармен өзара байланысты ғимараттарды пайдалану бойынша нысандарды жобалау және салу; 
  • жаңартылатын энергия көздерін қолданумен электр жән жылу энергиясын өндіру және іске асыру;
  • өндіріс орнынан бөлі жүйелеріне дейін жаңартылатын энергия көздерін қолданумен өндірілген электр энергияны өткізу үшін жүйелердің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету; 
  • консалтингтік қызметті ұйымдастыру және көрсету, жаңартылатын энергия көздері саласында ғылыми-зерттеу және құрылымдық жұмыстарға қатысу.

«ЖЕТІСУ ЭНЕРГИЯСЫ» ЖШС»

«Жетісу энергиясы» ЖШС біріккен кәсіпорын болып табылады, ол 60 МВт-дан 300 МВт дейін қуаты бар жел электр станциясын Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек дәлізінде салу саласындағы іс-қимылдарды жүзеге асыру үшін құрылды.

«Жетісу энергиясы» ЖШС-нің қатысушылары: 

  1. «Samruk-Green Energy» ЖШС — 51%; 
  2. «Жетісу» Әлеуметтік-кәсіпкерлік компаниясы» Ұлттық компаниясы» АҚ — 49%.

«БІРІНШІ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ» ЖШС

«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС 2011 жылы 27 маусымда құрылды.

«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы энергия өндіру саласындағы іс-әрекеттерді жүзеге асыратын және қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорын болып табылады. Жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды, жел электр станциялары құрылысының жобаларын іске асыру үшін құрылған.

«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС Ерейментау қаласындағы қуаты 45 МВт (1 кезең) жел электр станциясы құрылысының жобасын тікелей іске асырады.

«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС-нің қатысушылары: 

  1. «Samruk-Green Energy» ЖШС – 99,9%; 
  2. Нүсіпов Данияр Қанатұлы — 0,1%.