ЕТҰ (ЕНШІЛЕС ЖӘНЕ ТӘУЕЛДІ ҰЙЫМДАРЫ) ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
ӨНДІРУШІ КОМПАНИЯЛАР
«АЛМАТЫ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫ» АҚ
«Алматы электр станциялары» АҚ (одан әрі – «АлЭС»АҚ) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылады. «АлЭС» АҚ өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын және «АлЭС» АҚ Жарғысын басшылыққа алады.
Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы.
«Самұрық-Энерго» АҚ «АлЭС» АҚ-ның акционері болып табылады – 100%-акция.
«АлЭС» АҚ құрамына:
- Алматы ЖЭО-1;
- Алматы ЖЭО-2;
- Алматы ЖЭО-3;
- Қапшағай – ГЭС;
- Батыс жылу кешені;
- Алматы ГЭС Каскады;
- Энергожөндеу ПРП;
- Отынды қабылдау және тиеу орталығы кіреді.
«АлЭС» АҚ белгіленген қуаты 1 238,9 МВт және 3 922,2 Гкал/с құрайды. 2013 жылы «АлЭС» АҚ өндірген электр энергиясы 5 228,4 млн кВт•сағ құрады. Жылу энергиясын жіберу 4 959,5 мың Гкал құрады. «АлЭС» АҚ электр және отын энергиясын Алматы өңірі тұтынады.
«АлЭС» АҚ үшін электр және жылу энергиясын өткізу нарығы Алматы өңірі болып табылады.
Активтерді игеру құрылымын оңтайландыру мақсатында «АлЭС» АҚ 100% акциясы тікелей Қоғамның қарауына беріледі: «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі (2013 жылғы 9 қыркүйектегі № 77 хаттама).
«АҚТӨБЕ ЖЭО» АҚ
«Ақтөбе ЖЭО» АҚ заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасы заңдары мен Қоғам Жарғысына сәйкес жүзеге асырады.
Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы.
«Ақтөбе ЖЭО» АҚ-ның Жалғыз акционері «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ болып табылады.
«Ақтөбе ЖЭО» АҚ Ақтөбе қаласы электрмен және жылумен жабдықтайды. Белгіленген қуаты:
- жылу -1 139 Гкал/с;
- электр - 88 МВт.
2013 жылы станция 620,4 млн кВт•сағ электр энергиясын және 1 753,5 мың Гкал жылу энергиясын өндіреді.
«БАЛХАШ ЖЭС» АҚ
«Балқаш жылу электр станциясы» акционерлік қоғамы (одан әрі — «Балхаш ЖЭС» АҚ) Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына, сондай-ақ Қоғам Жарғысына сәйкес жүзеге асырады.
Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылы.
2012 жылдың ақпан айында Балхаш ЖЭС құрылысы үшін инвестицияларды тарту мақсатында, «Балхаш ЖЭС» АҚ 75%-1 акциясы SAMSUNG (Оңтүстік Корея) компаниясына сатылды.
«Балхаш ЖЭС» АҚ акционерлері:
- «Самұрық-Энерго» АҚ - 25% қосу бір акция;
- SAMSUNG компаниясы (Оңтүстік Корея) – 75% алу бір акция.
ҚР электр энергиясы тапшылығын жабу үшін жылына 10,5 млрд кВт•сағ өндіру арқылы қуаты 1 320 МВт қос блокты модуль құрылысы жүргізілуде. Іске асырылу мерзімі: 2010-2018 жылдар.
«Б.НҰРЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ЕКІБАСТҰЗ ГРЭС-1» ЖШС
Б.Нұржанов атындағы Екібастұз 1-Мемлекеттік аймақтық электр станциясы (одан әрі – ГРЭС-1) Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес құрылған және өз қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.
Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы Екібастұз қаласы.
Екібастұз ГРЭС-1-нің қатысушылары: 1. «Самұрық-Энерго» АҚ – жарғылық капиталдағы үлесі 50%; 2. «Ekibastuz Holding B.V.» - жарғылық капиталдағы үлесі 50%.
Станцияның орнатылған қуаты 4 000 МВт (8 блок әрқайсысы 500 МВт).
2013 жылы Екібастұз ГРЭС-1өндіргені 13 491 млн кВт•сағ құрады.
Қазақстанның Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын электр энергиясымен жабдықтайды. Сондай-ақ «Интер РАО ЕЭС» БАҚ арасында жасалған шарт шеңберінде Ресей энергия жүйесіне электр энергиясын жеткізіп тұрады. 2013 жылы оның Ресейге жеткізген электр энергиясы 2 480 млн кВт•сағ құрады.
«ЕКІБАСТҰЗ ГРЭС-2 СТАНЦИЯСЫ» АҚ
«Екібастұз ГРЭС-2 Станциясы» АҚ Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылады. Өз қызметінде ҚР заңдарын және өз Жарғысын басшылыққа алады.
Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Солнечный елді мекені.
«Екібастұз ГРЭС-2 Станциясы» АҚ акционерлері:
- «Интер РАО» БАҚ (Ресей) — 50% акция;
- . «Самұрық-Энерго» АҚ — 50% акция.
Станцияның белгіленген электр қуаты 1 000 МВт.
2013 жылғы өндіргені 6 280,13 млн құрады.
Электр энергияны тұтыну нарығы: Солтүстік және Оңтүстік аймақтар.
«Т.И.БАТУРОВ АТЫНДАҒЫ ЖАМБЫЛ ГРЭС» АҚ
«Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС» АҚ Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылады, өз қызметінде ҚР заңдарын басшылыққа алады.
Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы.
«ЖГРЭС» АҚ акционерлері:
- «Самұрық-Энерго» АҚ — 50% акция;
- «Таразэнерго» ЖШС — 50% акция.
Қызметінің негізгі түрі: электр энергиясын өндіру. Белгіленген қуаты: 1 230 МВт (3х200 МВт +3х210 МВт).
Электр энергиясын тұтыну нарығы: Қазақстанның Оңтүстік өңірі.
2013 жылы Жамбыл ГРЭС-нің Қазақстанның Оңтүстік өңірінде өндірген электр энергиясы 1 594,6 млн кВт•сағ құрады.
«КМГ-ЭНЕРГО» АҚ
Бейінді емес активтер мен объектілер рееструктуризациялау бойынша іс-шаралар жоспарын (2013 жылғы 20 мамырдағы №73) іске асыру шеңберінде 2013 жылы 24 қазанда «КМГ-Энерго» АҚ таратылды.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2013 жылғы 24 қазандағы №2649 «КМГ-Энерго» АҚ қызметін тоқтату туралы бұйрығы.