«Самұрық-Энерго» АҚ. Жылдық есеп / 2013

ЖЕРГІЛІКТІ ҚАМТУ ҮЛЕСІНІҢ ДАМУЫ

ЖЕРГІЛІКТІ ҚАМТУ ҮЛЕСІНІҢ ДАМУЫ САЛАСЫНДАҒЫ МИССИЯ

Жергілікті қамту үлесін (одан әрі — ЖҚҮ) дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде Қоғам бұрыннан бар қуаттарды жаңарту мен жаңа құрушы қуаттарды іске қосудың операторы ретінде ЖҚҮ жоспарлы түрде дамытуды қамтамасыз етуді, сондай -ақ электр  энергетикасы саласындағы өндірістік және келешегі бар жобаларды іске асыруға, жаңа өндірістер құруға отандық тауар өндірушілердің (одан әрі — ОТӨ) қатысуын қамтамасыз етуді қолға алды.

Қоғам жергілікті қамту үлесін дамыту бойынша өз миссиясын орындау және ОТӨ-нің барлық диалог алаңдарында саладағы жобаларды іске асыруға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бағдарламаны орындау үшін бірқатар жүйелі іс-шараларды ұсынады және өз қызметінде жүзеге асырады. 

ЖЕРГІЛІКТІ ҚАМТУ ҮЛЕСІ САЛАСЫНАН пайымдау

Қоғам өзін энергетика саласында отандық өндірушілер үшін жетекші ретінде көреді, ел экономикасының электр энергетикасы сегментінде ОТӨ қатысуы мен өсуіне, соның ішінде «Жасыл»  экономика стратегиясының негіздерін жасау және іске асыру, ЖЭК дамыту, өндірістік энергияның тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар шеңберінде танылуына жол ашады.

2012 ЖЫЛЫ ҚОҒАМ БАРЛЫҒЫ
168
МЛРД ТЕҢГЕ СОМАСЫНА ШАРТ ЖАСАДЫ









ЖЕРГІЛІКТІ ҚАМТУ ҮЛЕСІН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

Қоғам жергілікті қамту үлесін дамыту бойынша өз миссиясын орындау  және ОТӨ барлық диолог ауқымдары саласындағы жобаларды іске асыруға қатысуын камтамасыз ету мақсатында ОТӨ қолдау және ЖҚҮ дамытудың мемлекеттік бағдарламасын орындау, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» АҚ бағдарламалық тапсырмаларын орындау үшін бірқатар кезекті іс-шараларды іске асырады:

  • Озық технология трансферті;
  • Озық технологияға және өндірістерге, ноу-хауға қол жеткізу мақсатына орай жетекші құқық иегерлерімен біріккен кәсіпорындар құру;
  • ОТӨ жергілікті үлесін ұлғайту;
  • ОТӨ банк секторындағы қызметтерін жеңілдікпен қаржыландыру үшін қажетті жағдайлар жасау;
  • Дамыту институтарында және экономиканың нақты секторында, мемлекеттік- жеке әріптестік шеңберінде ОТӨ жобаларын мемлекетпен қоса қаржыландыру.
2013 ЖЫЛЫ ҚОҒАМ БАРЛЫҒЫ
299
МЛРД ТЕҢГЕ СОМАҒА ШАРТ ЖАСАДЫ
2012 ЖЫЛЫ
9
ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ШАРТ ЖАСАЛДЫ

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

Осы іс-шаралар кешенінің іске асырылуы ОТӨ бәсекеге қабілеттілігін жетілдіруге, отандық бизнесті электр энергетикасына барынша кешенді және жүйелі түрде тартуға, жаңа өндіріс және жұмыс орындарын құруға,саланы тұтасымен жақсартуға, тиімділігін арттыруға жағдай туғызады. 

Осылайша, жаңа өндірістердің жергілікті үлесін ұлғайту үшін жағдайлар жасалатын болады. Қойылатын жабдықтар жиынтығын толықтыруға, жетекші әлемдік құқық иегерлерінен технология алу және қойылатын жабдыққа сервистік қызмет көрсету сегментін дамытуға мүмкіндік туады. 

Жоғарыда аталған іс-шаралар нәти-     жесінде ашылған жаңа жұмыс орындары және жергілікті жұрттың өндіруші жабдықтарды пайдалану, күтіп-баптау, жөндеу жұмыстарындағы біліктіліктерін жетілдіруі үшін жасалған қажетті жағдайлар оң  же-тістік ретінде белгілі болады. ОТӨ ұзақ мерзімді шарттар жасасуы – өнімдерді кешенді түрдк өткізу мәселелері шешімін табады.

2012-2013 ЖЫЛДАРЫ ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРІМЕН ЖАСАЛҒАН ШАРТТАР БОЙЫНША САПА ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТ

2012 жылы Қоғам барлығы 168 млрд теңге сомасында тауар бойынша 3 918 дана шарт жасады, оның ішінде ОТӨ 237 дана, 37 млрд теңге сомасында.

2013 жылы Қоғам барлығы 299 млрд теңге сомасында, тауар бойынша 4 672 дана шарт жасады, оның ішінде ОТӨ 388  дана, 69 млрд теңге сомасында. 

2012 және 2013 жылдарды салыстыра отырып, біз отандық тауар өндірушілерімен жасалған шарттардың оң нәтижесін – 32 млрд теңгеге ұлғайғанын көреміз.

2012-2013 ЖЫЛДАРЫ ЖАСАЛҒАН ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ШАРТТАРДЫҢ САНЫ ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТ

2012 жылы отандық тауар өндірушілерімен жалпы сомасы 230,7 млн теңге болатын 9 ұзақ мерзімді шарт жасалды, олардың ішінде: «Кентау трансформатор зауыты» АҚ айырғыштар мен рубильниктерді жеткізу бойынша 4 шарт, «Нұр-құрылыс LTD» ЖШС темір бетон тіреулерін жеткізк бойынша 4 шарт, «Атамкул-дан» ЖШС бағана тіреулерін жеткізу бойынша 1 шарт.  

2013 жылы отандық тауар өндірушілерімен жалпы сомасы 8,3 млн теңге болатын 4 ұзақ мерзімді шарт жасалды, олардың ішінде: «Атырау қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесімен, «Anttec» ЖШС (аккумляторшы костюмі үшін), «ТаразКожОбувь» ЖШС (тері бәтеңкелер жеткізу), «DOC Co.LTD» ЖШС (тонер картриждерін жеткізу).

2011-2013 жылдардағы жергілікті қамту үлесін сатып алу бойынша ақпараттар. мың теңгеде*

факт 2011 Жасалған шарттардың жалпы сомасы ЖҚ сомасы ЖҚ%
тауарлар 98 422 538 68 941 280 70
жұмыстар 32 233 294 18 096 885 56
қызметтер 88 057 006 86 717 086 98
барлығы 218 712 838 173 755 251 79

факт 2012 Жасалған шарттардың жалпы сомасы ЖҚ сомасы ЖҚ%
тауарлар 175 949 669 112 421 300 64
жұмыстар 66 287 021 26 184 573 40
қызметтер 98 087 186 94 582 504 96
барлығы 340 323 876 233 188 377 69
*Ескерту: «Самұрык-Қазына Контракт» ЖШС мәліметтері
2013 ЖЫЛЫ
4
ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ШАРТ ЖАСАЛДЫ
факт 2013 Жасалған шарттардың жалпы сомасы ЖҚ сомасы ЖҚ%
тауарлар 166 114 048 123 164 229 74
жұмыстар 127 069 408 57 398 008 45
қызметтер 80 782 171 78 555 575 97
барлығы 373 965 627 259 117 812 69


Жергілікті қамту үлесі 2013 жылы ақшалай мәні жағынан өсті, бұл қоғамның отандық жеткізушілердің тауарларын, жұмыстарын және қызмет көрсетулерін сатып алуға бет бұру себебінен болды. Тауар өндірушілерінің көпшілігі өндіретін тауарларына KZ–CT сертификаттарын алады және ұсынады.

Біз тапсырыс берушілер болғандықтан, әсіресе  энергетика саласы аясында жаңа отандық өнімдердің шығарылуына үлкен қызығушылық танытамыз, сонымен қатар, отандақ тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттар жасау жөніндегі жұмыстарды жалғастыра береміз. Бұл олардың өніміне тиянақты сұранымды қамтамасыз етеді, соған сәйкес, өндірістегі ұзақ мерзімді инвестициялар үшін өндірістік өнімдер тізбесін кеңейту бөлігінде түрткі болуы керек.

Өз кезегінде «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобымен іске асырылатын ивестициялық жобалар, қуаттылықты кеңейту жобалары, өндірісті жаңарту, сондай-ақ күрделі қаржылық шығындар Отандық тауар өндірушілерге әрекет түрткісі болуы керек, әсіресе шығаралыатын өнім тізбесін арттыруға.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы іске асыратын инвестициялық жобалар, қуаттарды кеңейту, өндірісті жаңғырту жөніндегі жобалар, сондай-ақ ағымдағы күрделі шығындар отандық тауар өндірушілерді шығарылатын өнім тізбесін кеңейтуге ынталандыруы тиіс.

ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРІМЕН АРАДАҒЫ ШАРТТАР БОЙЫНША АҚПАРАТТАР:

  • «Кентау трансформатор зауыты» АҚ: 630 млн теңге сомасында тауарлар: айырғыштар, трансформаторлар, рубильниктер, рубильник жетектерін жеткізу;
  • «ААМЗ» АҚ: 182,6 млн теңге сомасында темір тақта, қосалқы бөлшектер, редукторлар, метал қақтау бұйымдарын жеткізу.
  • «Азия Авто» АҚ: 245,7 млн теңге сомасында автокөлік жеткізу.
  • «Қазэнергокабель» АҚ: 188,8млн теңге сомасында кабель өнімдерін жеткізу.
  • «КОРУНА» ЖШС: 436,1 млн теңге сомасында тауарлар: жылу механикалық жабдықтың өосалқы бөлшектері, бәк жиектері, жартылай жалғастыру  және жылу алмастыру аппараттарының жиынтығын жеткізу.
  • «Семей Май» ЖШС: 126,7 млн теңге сомасында ағаш шпалдар жеткізу.
  • «ҚазЦентрэлектропровод» ЖШС: 251 млн теңге сомасында кабельдік өткізгіш өнімдер, жалғастырғыштар, шкафтар жеткізк.
  • «Нұр-Құрылыс LTD» ЖШС: 252,8 млн теңге сомасында тауарлар: темір-бетон тіреуіштерін, бағаналар тіреулерін жеткізу.
  • «ArkStone Group» ЖШС: 51,7 млн теңге сомасында майы киімдер жеткізу.
  • «High Industrial Lubricants & Liquids Corporation» («HILL»): 126 млн теңге сомасында тауарлар: май және жағармай жеткізу.
  • «ҚазЭлектроМаш» ЖШС: 354 млн теңге сомасында тауарлар: кабельдік-өткізгіш өнімдер жеткізу.
  • «ТРИБО» ЖШС: 30,7 млн теңге сомасында құраушы және тежегіш колодкалар жеткізу.
  • «DiDeCo» ЖШС: 22,2 млн теңге сомасында тауарлар: бланк бұйымдары, журналдар, плакаттар, белгілер және т.б. жеткізу.
  • «Invest Style Group» ЖШС: 189,4 млн теңге сомасында тауарлар: қосалқы бөлшектер, және жылыту жабдықтарына арналған жиынтықтар жеткізу.
  • «Елназар» ЖШС: 56,8 млн теңге сомасында тауарлар: арнайы киімдер жеткізу.
  • «КазПрофБезопасность» ЖШС: 56,6 млн теңге сомасында тауарлар: арнайы киімдер және қауіпсіздікке арналған басқа да жиынтықтар жеткізу.
  • «Сталь инжиниринг» ЖШС: 76,5 млн теңге сомасында тауарлар: тетіктер, тиектер, түзету агрегаттары, темір арқаулар жеткізу.

САТЫП АЛУДЫ БАСҚАРУ:

а) материалдық ресурстардағы қажеттілігін анықтау:

Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінен қызметтік және өндірістік қажеттіліктерге қарай келіп түскен өтінімдер бойынша қалыптастырған даму жоспарының негізінінде айқындалады.

б) жеткізушіні тағдау:

Жеткізушіні тағдау Қордың сатып алу ережелеріне сәйкес тендер өткізу, бір арнадан бағалы ұсыныс сұранымын жасау нәтижесінде белгілі болады.

в) сатып алуды жүзеге асыру:

Сатып алуды жүзеге асыру Қоғамда «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар Кеңесінің №80 2012 жылдың 26 мамырында Шешімімен Бекітілген «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді сатып алу ережелеріне және тура немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ жататын, дауысқа салынатын акциялардың (қатысу үлестерінің) пайыздардан астамына сәйкес жүргізіледі.

ТІКЕЛЕЙ ЕМЕС ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫҚПАЛДАР

Қоғамның басшылығы мен директорлар кеңесі тұрақты компания құруды өз алдарына мақсат етіп қояды. «Тұрақты» деген термин «Самұрық-Энерго» компаниясы тобының ресурстарды тиімді пайдалануы мағынасында түсіндіріледі.

Бұл мақсаттар үшін жекелеген кәсіпорындарда менеджменттің біріктірілген жүйесі енгізіледі, станцияларды техникалық жағынан қайта жарақтандыру жүргізіледі және жеке адам мен жеткізушіге қойылатын талап жоғарылайды. 

Бұл ретте басты назар экономикалық аспектілерге аударылады, өйткені корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы жобалар, экологиялық жағдайды жақсарту және компанияның өсуі «Самұрық-Энерго» компаниясы тобының меншікті операциялық кірістерінен қаржыландырады. 

Жоғарыда айтылғандарға сәйкес басшылық тұрақты дамудың барлық аспектілерін экономикалық тиімділік пәні ретінде талдайды. Мәселен, еңбек өнімділігі (еңбекті ұйымдастыру), пайдаланылатын шикізат (қоршаған ортаға әсері) және басқа аспектілер «Самұрық-Энерго» компаниялары тобының іс-қимылдарын жоспарлау кезінде есепке алынады.

Тұрақты даму мен тиімділік философиясы экономикалық тұрғысынан қарастырылуға тиісті емес қайырымдылық сияқты аспектілерге де қатысады. Дегенмен, басым бағыттағы әлеуметтік жобаларды анықтау кезінде сапалы ықпал және қозғаушы өзгеріс деңгейі есепке алынады. 

Қоғам 2013 жылды күтілген нәтижеге сай кіріс көрсеткіштерін жоғары етіп аяқтады (барынша толық ақпарат қоғам әлеуметтік желілерде орналастырлған қаржылық есеп қисапта және басшылықтың қаржы шаруашылық қызметтердің нәтижелері туралы есебінде көрсетілген).