«Самұрық-Энерго» АҚ. Жылдық есеп / 2013

07. ТӘУЕКЕЛДІҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫ ЖӘНЕ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ 

Қоғам қазіргі ұқсатуға, бағалауға, мониторинг және қаржылық тұрақтылық пен беделге теріс ықпал ететін жағдайларды азайтуға бағытталған, корпоративік басқарудың негізгі элементі ретінде көрінетін тәуекелдерді басқарудың жүйесі мен жосықтарының даму маңыздылығын сезінеді.

Тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу мен жетілдіруді үйлестіру мақсатында Қоғамда және оның негізгі еншілес және тәуелді ұйымдарында тәуекелдерді басқаруға жауапты, құрылымдық бөлімшелер құрылды, сондай-ақ тәуекелдерді басқаруға байланысты мәселелерді алдын-ала қарастыру мен қолдану үшін Тәуекелдер жөніндегі комитеттер қалыптастырылды.

Тәуекелдер жөніндегі комитет алдын-ала қолдаған, тәуекелдерді басқару бойынша негізгі мәселелер компаниялар тобының жоғары органдарының бекітуіне жіберіледі.

Қоғам өткен жылы тәуекелдерді басқару бойынша бірыңғай әдістемелік база құру жұмысын жүргізді, тәуекелдерді басқару саясаты, тәуекелдерді ұқсату мен бағалай ережелеріне өзекті сипат берді, банктер- контрагенттіктерге айрықша табанды түрдегі кредиттік тәуекелдерді басқару жөніндегі ережелерді жасады. Қоғамның директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшелер басшыларының негізгі тәуекелдерді сипаттаған және талдаған тоқсан сайынғы есептерін және шоғырландырылған тізімдерін, тәуекел карталарын бекітті. Тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалау жүргізілді, соның нәтижесінде тәуекелдерді басқару жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар алынды.

Қоғам тәуекелдерді ұқсату кезінде әлемдік тәжірибеге, салалық және халықаралық бенчмаркаларға, сараптық бағаларға, статистикалық мәліметтерге, болған шығындардың мәліметтер базасына, аудиторлық және басқа тексеру нәтижелеріне сүйенеді.  Ұқсатылған тәуекелдер компанияның тізімдерінде және тәуекел карталарында келесі бағалау,  басқару және мониторинг үшін қалыптастырылады. Тізімге және тәуекелдер картасына енген тәуекелдер өзектілігі мен бар болу деңгейі анықталуы үшін үнемі қайта қарастырылады. 

Қоғам тәуекелдерді басқару саясатына сәйкес келесі тәуекелдерді ерекшелеп бөледі:

  • стратегиялық;
  • операциялық;
  • қаржылық;
  • құқықтық.

Бүгінгі таңда Қоғам қызметі негізгі жіне көмекші жабдықтардың толық тозуына, тиімділігі төмен активтердің бар болуына, шикізат бағасының өсуіне, электр энергетикасындағы экологиялық талаптар мен заң шығару базасының өзгеруіне, валюталық бағам мен пайыздық төлемдердің қолайсыз ауытқуына және басқаларына байланысты негізгі тәуекелдерге тап келді.

Қоғам технологиялық ақаулардың ықтималдылығын төмендету мақсатында негізгі және көмекші жабдықтардың беріктілігі деңгейіне тиянақты мониторинг жүргізуді жүзеге асырады, қолданыстағы жабдықты жаңарту және қайта құруға  бағытталған ауқымды инвестициялық бағдарламаларды іске асырады, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын өз уақытында орындауға көп көңіл бөледі.

Қоғам өндірісте оқыс жағдай туындату тәуекеліне жіті назар аударады. Тұрақты негізде қызметкерге еңбек қорғау мәселелерін оқытып-үйрету, қайталау және жоспардан тыс нұсқамалық жүргізу,  медициналық куәландыру мен медициналық тексеруден өкізу жүзеге асырылады. Әр оқиғаны арнайы комиссия тексереді және Директорлар кеңесінің, ЕТҰ Қадағалау кеңесінің отырысына енгізеді. Өндірістік зақымдаушылық бойынша көрсеткіштер Қоғамның, Қоғам ЕТҰ бірінші басшысының негізгі тиімділік көрсеткіштеріне қосылады. Қоғам ЕТҰ бюджеттік баптарында зақымданған қызметкерлерге алғашқы медициналық көмек көрсету және  оларды емдеуге қажетті қаржы, зиянды еңбек жағдайы үшін тиісті үстем ақы мен өтемақылар қарастырылған,  қосымша тамақтандыру, жоспардан тыс демалыс беру, жеке қорғаныш құралын сатып алу, сондай-ақ жұмыс орындарына лабороториялық өлшем жасауды мерзімді түрде жүргізу қамтылған.

Қоғам қоршаған ортаны қорғау және жаңа технологиялар саласында, соның ішінде жаңартылатын энергия көздерін қолдануда басқарудың халықаралық стандарттарын енгізу жолымен зиянды заттардың атмосфераға шығарылу деңгейін жүйелі түрде қысқартуды жоспарлайды. Нысандарды салу қайта құру және жаңарту кезінде Қоғам жаңартылатын жабдықтарды пайдаланады, адамның денсаулығына қауіп төндіретін материалдар (мәселен, полихлорланған дифенилдер, ПХД) қолданыстан шығарылды. Энергия тиімділігін арттыру мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Бұл бағыттағы басымдық берілетін іс-шаралар ескірген электр жабдықтарын жаңарту,  электр және жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және бөлу тиімділігін арттыру, сондай-ақ электр және жылу энергиясын тұтынуда елдің үнемшілдік қатынасын қалыптастыру болып табылады.

Қоғам валюталық және пайыздық тәуекелдерді басқару шеңберінде пайыздық мөлшерлемесі құбылмалы шетел валютасындағы қарыздарды тарту бойынша тәуекелдер мен шектерді сақтандыру жөнідегі саясаттарды жетілдіреді. Валюталық ұстаным мен пайыздық алшақтық мониторингі тұрақты түрде жүзеге асырылады, пайыздық құны құбылмалы шетелдік валютадағы қарыздар қайта қаржыландыру және ұлттық валютада келісім шарттар жасау бойынша жұмыс жүргізіледі.

Қоғам электр энергиясындағы заңнамалық базаның қолайсыз өзгеру тәуекелін ықшамдау үшін нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын жасауға қатысады және  барлық тиісті салық ассоциациялардың  мүшесі болып табылады.