Қоғамның корпоративтік басқару үдерісі және кодекс қағидаттарын ұстану
КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ КОДЕКСІНІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ:
- акционерлердің мүдделері мен құқығын қорғау қағидаты;
- ДК Қоғамды Басқару нәтижелік қағидаты;
- Басқарманың Қоғамды басқару нәтижелік қағидаты;
- Қоғамның дербес қызметінің қағидаты;
- Қоғам қызметі туралы ақпаратты ашудың нақтылығы мен объективтік қағидаты;
- әдеб пен заңдылық қағидаты;
- дивидендті саясаттың нәтижелік қағидаты;
- кадрлық саясаттың нәтижелік қағидаты;
- қоршаған ортаны қорғау қағидаты;
- мүдделер жанжалы мен корпоративтік жанжалдарды реттеу саясатының қағидаты;
- жауапкершілік қағидаты.
Қоғамның Корпоративтік басқару кодексі Қоғамның Жалғыз акционерінң шешімімен бекітілген (2007 жылы 12 қарашадағы № 165-П бұйрықты қолдану).
Корпоративтік Басқару қағидаттарын ұстану «Самұрық-Энерго» АҚ Ғаламтор-сайтында жарияланған.
АКЦИОНЕРЛЕР НЕМЕСЕ ҰЙЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ОРГАННЫҢ ЖОҒАРҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН БАҒЫТТАЙ АЛАТЫН ЖӘНЕ ОҒАН ҰСЫНЫС БЕРУГЕ КӨМЕКТЕСЕТІН ТЕТІКТЕР
Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің әрекеттестігі «Самұрық-Энерго» АҚ Тобының қадағалаушы кеңесі және Директорлар кеңесінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әлауқат қоры» АҚ өкілдерін қызметпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша әрекеттесу ретімен реттемеленеді» («Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасы 2010 жылы 3 қыркүйекте №53/10 хаттамасымен бекіткен).
«Самұрық-Қазына» ұлттық әлауқат қоры» АҚ өкілдерін қызметпен қамтамасыз ету мәселелері бйынша әрекеттесу ретімен» Қоғамдағы Директорлар кеңесінің мүшелеріне қызметкерлер ұсыныс беруге көмектесетін арнайы тетіктер қолданылмайды. Сол уақытта басқару жүйесінде қызметкерлердің пікірін жеткізу және мазасызданғандығын ДК-не білдіру шексізділгі жоқ.
Мүдделерді қорғау бойынша қауымдастықтарға және/немесе ұлттық және халықаралық ұйымдарға мүшелік.
«Самұрық-Энерго» АҚ мынадай қауымдастықтардың/ұйымдардың мүшесі болып табылады:
- «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы;
- ТМД Электр энергетикалық кеңесі;
- Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы ;
- Дүниежүзілік Энергетикалық Кеңес;
- Еуропа жел энергетикасы қауымдастығы.
БАСҚАРМА ЖӘНЕ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛІГІМЕН БІРГЕ СЫЙАҚЫ ТӨЛЕУДІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
Басқарма мүшелеріне сыйақы төлемі ҚНК бектікен негізде іске асады. Басқарма мүшесінің әр қайсына ҚНК бекіткен бағалар нәтижесі бойынша күнтізбелік жылдың нәтижесімен жоспарланған есеп коэффиценті және сыйақы төлемінің мөлшері анықталады.
Есеп беру кезеңіндегі шоғырланған пайданың бары сыйақы төлемі үшін қосымша шарт болып болып табылады.
ДК-нің тәуелсіз мүшелеріне сыйақы төлемі еңбек келісімшартында бекітілген тетіктер негізінде іске асады. Бекітілген Еңбек келісімшартына сәкес ДК-нің әр мүшесіне ДК-нің отырыстарына қатысқандығы үшін тиянақталған төлем белгіленеді, сондай-ақ Қоғамның ДК комитетенің мүшелігі үшін төленетін өзгермелі бөлігі бар.
Әсіресе, ДК-нің мүшелеріне отырстардың жартысынан азында қатысқан жағдайда сыйақы төленбейді, сондай-ақ Қоғамның қаржылай экономикалық көрсеткіштерінің нашарлануында және бағаларының қорытындысы бойынша көрсеткіш нәтижелері мен қойылған мақсаттарға жетпеген жағдайда.
ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРДЫ ОРЫНДАУ МОНИТОРИНГІНІҢ ТӘРТІБІ
Қоғамның әлеуметтік, экологиялық және эконмикалық нәтижелігін қадағалау, сондай-ақ қойылған стратегиялық мақсаттардың орындалу тәртібі Қоғамның атқару көмегімен іске асады:
- «Самұрық-Энерго» АҚ 2012-2022 жылдарға Даму стратегиясын іске асыру бойынша іс-шара жоспары ұзақ мерзім негізінде;
- «Самұрық-Энерго» АҚ 2015 жылға дейінгі Даму жоспары ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық негізінде.
САҚТЫҚ ҚАҒИДАТЫ
Қоғам 1992 жылы 3-4 маусымда Рио-де-Жанейрода БҰҰ Конференциясында Даму және қоршаған орта бойынша қабылданған Декларациясында жазылыған 15-ші сақтық қағидатын ұстанады.
Алдағы Қоршаған ортаны қорғау аясында ҚР Басқармасымен өз күшіне 2013 жылы енетін 2007 жылдың 14 желтоқсанда «Жылу электр станцияларында орнатылған шойын қазандарында отынның әр түрлісін жағу кезінде қоршаған ортаға эмиссияларына талап» Техникалық тәртібін бекіту № 1232 шешімі қабылданды.
«Самұрық-Энерго» компанияларының Тобы өз қызметі барысында қоршаған ортаға қатер келтіртінін ұға отырып, қоршаған ортаға эмиссиялардың қысқаруына себеп болатын іс-шараларды іске асырады.
Техника тәртібі талаптарына сәйкесу үшін «Самұрық-Энерго» компанияларының Тобы зарарлы заттектердің атмосфераға шығарылуын қысқартуға тырыса, қоршаған оратынң ластануын айтарлықтай төмендедетін,түтін аулайтын фильтрлерді озық қарқынмен орната бастады.
ХАРТИЯ ЖӘНЕ БАСТАМАЛАРҒА ҚАТЫСУЫ
2012 жылдан бастап Қоғам БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарына және оның қағидаттарын сақтауға бағытталған іс-шараларға, оның нәтижелеріне тұрақты қолдау көрсету туралы мәлімдеме ретінде қызмет ететін қол жеткізілген прогресс туралы хабарлама беруді бастады.
Қазіргі әлемде климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы, кедейшілік сияқты басқа да көптеген проблемалар адам өмірін барлық жағынан қыспаққа алады және бұл әлемдегі барлық мемлекеттерге қатысты болуда. Қоғам ҚР ең ірі компаниялардың бірі бола отырып, бұл мәселелерді шешудің өзіне тиісті жауапкершілігін өз мойынына алады.
Өзінің Корпоративті әлеуметтік қағидатшылығын көрсету үшін Қоғам 2011 жылы 5 қазанда БҰҰ Ғаламдық келісіміне кірді, бүгін де БҰҰ Ғаламдық келісімінің Он кағидатын ұстанады.
TRUST@SAMRUK-ENERGY.KZ
ЖАНЖАЛДАРДЫ БОЛДЫРМАУДЫ БАСҚАРУ
Мүдделер жанжалын болдырмау тәжірибесін барлық қызметкерлер өздерінің лауазымы мен мәртебесіне қарамай мүлтіксіз сақтайды және бұл қызметкерді жалдаудан бастап сауда жасауға дейінгі Қоғам қызметінің барлық аспкетісін қамтиды. Корпоративтік басқару және іскерлік этика Кодексінің талаптарын бұзуға бағытталған, қасақана істелген әрекет ҚР бекіткен заңнамамен жауапқа тартуға әкеліп соғуы мүмкін, бұл тәртіптік теріс қылық ретінде Қоғамда қарастырылады.
Қызметкерлерді ақпараттандыру мақсатында, Қоғам жанжалдар саясатын реттейтін корпоративтік басқару және іскерлік этика кодексін дайындады.
Үлгі шартында қызметкерлердің корпоративтік басқару және іскерлік этика кодексі ережелерін сақтау туралы міндеттемелері бар.
«Самұрық-Энерго» АҚ-да Іскерлік этика кодексі талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында сенім (+7 (7172) 55-30-95) тедефоны мен (trust@samruk-energy.kz) электрондық адресі құрылған, Ақпарат «Самұрық-Энерго» АҚ кеңсесінде және сайтында жарияланған. Қоғамда шағым, үндеу және ұыныстарды қабылдайтын пошта жәшігі орнатылған.
Туындаған этикалық мәселелер және/немесе Кодекс талаптарына түсінік алу мәселелері болған, Кодекс талаптарының бұзылу және басқа да құқыққа қайшы әрекеттер жөнінде Қоғамның лауазымды тұлғалары және қызметшілері, іскерлік серіктестер және де мүдделі тұлғалар:
- ікелей басшыға;
- омбудсменге;
- Ішкі аудит қызметіне;
- Корпоративті хатшы қызметіне хабарласуға құқылы ( іскерлік этика қағидаттарын бұзу мәселелері Қоғамның Директорлар кеңесінде қарастырылады).
«Самұрық-Энерго» АҚ шешімімен негізгі функциялары Кодекс ережелерін бұзу және/немесе сақтамау туралы мағлұматтар, ҚР заңнама нормаларын және Қоғамның басқа да ішкі нормативті құжаттар жинау, Кодекс ережесі бойынша Қоғам жұмысшыларның, лауазымды тұлғалардың консультациясы, Кодекс ережелерін бұзу бойынша дауларды қарастыру бастамасы және оған қатысу болып табылатын омбудсмен тағайындалды.
Іскерлік кодекс және Корпоративтік басқарма кодекс ережелерін орындау айғағы Қоғам ДК-де орган атқарушысының сыйақы көлемін талқылау тәжірибесі болып табылады, онда Басқарма Төрағасы, оның сыйақы көлемін және басқа да қосымша бонустарды анықтау кезінде қатыспайды.
Қызметкерлердің Корпоративтік басқару кодексін сақтау мониторингіне жауаптылық Корпоративтік басқару Департаментіне жүктелген. 2013 жылдың қорытындысы бойынша Корпоративтік басқару Департаменті Корпоративтік секретариат хатшысының қатысуымен Корпоративтік басқару қағидаттарын ұстану туралы есеп дайындады, кейін олар Қоғамның Ғаламтор-сайтында орналастырылды. Соның ішінде мүдде жанжалдарының туындау жағдайларын болдырмау үшін Қоғам Басқармасы мен ДК мүшелеріне мәлімдеме, сондай-ақ Қоғамның ішкі интранет порталында жариялану жолымен жететін Қор компаниялар тобының үлестес тұлғаларының тізімі жасалады.
2013 жылы «Самұрық-Энерго» компанияларының Тобында мүдделер жанжал оқиғалары болмады.
САПАНЫ БАСҚАРУ
Қоғамда ISO 9001:2008 халықаралық стандарттарына сай келетін Менеджменттің Корпоративтік жүйесі енгізілген (одан әрі МКЖ). МКЖ енгізу аясында Қоғамның ішкі нормативті құжаттары сәйкестендірілді және МКЖ жоспарланған ішкі аудиттер өткізілуде.
ОДАН БАСҚА, КЕЛСІ ІШКІ НОРМАТИВТІ ҚҰЖАТТАР ӘЗІРЛЕНДІ ЖӘНЕ БЕКІТІЛДІ:
- МКЖ саласында Қоғам саясаты;
- МКЖ жөніндегі Басшылық;
- МКЖ міндетті тәртібі;
- Құрылым бөлімшелерінің қолданыстағы барлық ішкі үдерістер Картасы.
2011 жылы Қоғам МКЖ энергетика активтерін корпоративті басқару саласында ISO 9001:2008 халықаралық стандарттарына сәйкес TUV Rheinhland сертификатты органымен сәтті сертификатталды.
МКЖ корпоративті орталық дәрежесінде Қоғам компаниялар Тобында негізгі шешімдерді қабылдау үдерісін орталықтандыру және операциялық бақылауды күшейтетін қызметтің әр бизнес бағыты бойынша анық функционалды үлестірім құрылыған.
2013 жылы «Самұрық-Энерго» компанияларының Тобында мүдделер жанжал оқиғалары болмады.
2013 ЖЫЛ ІШІНДЕ ҚОҒАМ МКЖ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ МАҚСАТЫНДА КЕЛЕСІ ІС-ШАРАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ:
- ішкі нормативтік құжаттар көкейтесті етілді (актуалданды);
- Қоғамның құырылым бөлімшелереінің үдеріс Картасы көкейтесті етілді;
- ішкі тұтынушыларды қанағаттанушылығын талдау және сауалнама жүргізілді;
- МКЖ-нің ISO 9001 халықаралық стандарттар талабына сәйкестілігін анықтау мақсатында ішкі үдерістердің ішкі аудиті өтті.
Атқарылған жұмыстың нәтижесі 2013 жылы 5 желтоқсанда МКЖ- нің ISO 9001:2008 халықаралық стандарттар талабына сәйкестігі бойынша екінші бақылау аудитінен өтуі болды. Сыртқы аудиторлармен Қоғамда енгізілген МКЖ дәрежесі және аудитке жоғарғы дайындығы белгіленді. 2014 жылы 2011 жылы берілген ISO 9001:2008 халықаралық стнадарттарына сәйкес сертификаттың мерзімі аяқталады және Қоғамның ресертификацияланған аудит жоспарланған.
Тағы да өткен жылы Қоғамның барлық ЕТҰ бақылау, ал кейбіреулері ресертификациялау аудиттерінен сәтті өтті, әрекеттегі менеджмент жүйесінің халықаралық стандартар талабына сәйкестігін растауын алды.
2013 жылы Қоғам компаниясы Тобының сертификаттандырылған ұйымына ISO 9001, ISO 14001 және OHSAS 18001 халықаралық стандарттар талабына сәйкес менеджменттің ықпалды жүйесінің сәйкестігін дәлелдеген «Шардара ГЭС» АҚ қосылды. «МЭБК» АҚ-да менеджменттің ықпалды жүйесін енгізу жұмысы аяқталды және 2014 жылдың бірінші тоқсанында сертификациялық аудит жоспарланған.
Мемлекеттік энергетика тізілімі субъекттары болып табылатын Қоғамның ЕТҰ Энергетикалық ресурстарды баламалы мың бес жүз және оданда көп шартты отын тонна шамасында пайдаланады, 2014 жылы энергия менеджменті бойынша халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес энергия менеджмент жүйесін енгізу жұмыстары жоспарланған.
2013 ЖЫЛДЫҢ 31 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ ЖАҒДАЙ БОЙНША МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ КОРПОРАТИВТІ ОРТАЛЫҚТЫ ҚОСҚАНДА, ҚОҒАМ КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНЫҢ 11 ҰЙЫМЫНДА ӘРЕКЕТ ЕТЕДІ:
- Қоғам және 2 еншілес ұйым («АлматыЭнергоСбыт» АҚ, «ШығысЭнергоТрейд» ЖШС) ISO 9001 стандартына сай сертификатталған;
- 8 еншілес ұйым («Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз Станциясы ГРЭС-2» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «АлЭС» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «ШҚ АЭК» АҚ, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «Шардара ГЭС» АҚ) үш стандарт бойынша сертификаттандырылған (ISO 9001, ISO 14001 и OHSAS 18001).
Халықаралық стандарттар негізінде Менеджмент жүйесін жетілдіру елдің нарықтық позициясын күшейту және серпінді дамудың маңызды факторы болып табылды.