«Самұрық-Энерго» АҚ. Жылдық есеп / 2013
10
2012 жылдан бері Қоғам аудиторы
болып PricewaterhouseCoopers (PwC)
фирмалар желісі болып табылады.
PwC клиентердің бизнес құнын көтеруге
бағытталған аудит, салықтық және
консалтингілік қызметтерді ұсынады.

10. Аудиторлық ұйым туралы ақпарат

СЫРТҚЫ АУДИТОРДЫ ІРІКТЕУДІҢ НЕГІЗГІ ӨЛШЕМДЕРІ:

  • көрсетілетін қызметтер сапасы;
  • көрсетілетін қызметтер болып табылады.

АУДИТОРЛЫҚ ҰЙЫМНЫҢ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫ КЕЛЕСІ ФАКТОРЛАР БОЙЫНША:

  • аудиторлық ұйым мамандарының біліктілік дәрежесімен;
  • Қазақстандық және халықаралық нарықтағы жұмыс тәжірибесімен;
  • қызмет көрсету кезіндегі шапшандылығымен;
  • көмір өндіру және энергетикалық сала біліктерімен анықталады.

АУДИТОРЛЫҚ ҰЙЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚОҒАМҒА ҚАБЫЛДАУ

Қоғамның міндетті аудитіне екі жыл бойы аудиторлық ұйым қызметкері ретінде қатысқан, бұдан бұрын Қоғамда Басқарма мүшесі, басқарушы директор және бас аудитор лауазымына сайланған қызметкер ұйғарыммен аудиторлық ұйымның қызметкері болып тағайындалатын жағдайда мүдделер тартысын болдырмау мақсатында Аудит жөніндегі комитеттен алдын ала мақұлдау алу талап етіледі.

АУДИТОРЛЫҚ ҰЙЫМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

PwC клиентердің бизнес құнын көтеруге бағытталған аудит, салықтық және консалтингілік қызметтерді ұсынады. PwC ұлтаралық мұнай-газ фирмалары мен электр энергия компанияларына қызмет көрсететін жетекші фирма болып табылады.

Ресурстар мен өнімдерді біріккен, тоғыстырылған қазіргі тәжірибеге біріктіру, клиент қызметіне қосымша құндылық ендіруге және жоғары сапалы қызмет көрсетуді ұсынуға мүмкіндік береді. Клиенттер білім және тәжірибе артықшылықтарын пайдалана алуы үшін және соның бәрін күнделікті қызметтеріне ендіру үшін PwC жұмыс орындарына бүкіләлемдік ресурстарды жұмылдырады.

БҮКІЛ ӘЛЕМ БОЙЫНША PWC АУДИТ БОЙЫНША КЛИЕНТТЕРІ 2 500 АСТАМ ЖЫЛУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯ КОМПАНИЯЛАРЫ БОЛАДЫ, СОЛАРДЫҢ ІШІНДЕ:

  • AGL Resources Inc.;
  • National Fuel Gas Company;
  • BG Group Plc;
  • British Energy Plc;
  • PECO Energy Company;
  • Union Electric Company;
  • Exelon Corporation.

Бұдан басқа, компания Орталық Азия өңірлерінде белсенді жұмыс істейді: Бакуде (Әзірбайжан), Ереванда (Армения), Тбилисиде (Грузия), Бішкекте (Қырғызстан), Ташкентте (Өзбекстан), Ашхабадта (Түркменстан), Ұлан-Баторда (Моңғолия).

Соңғы 19 жыл бойы PwC Қазақстандық энергетикалық секторында аудиторлық және консультативтік көрсетілетін қызметтерді жеткізуші болып табылады. PwC тау-кен қазақстандық ірі өндіру және электр энергетикалық компаниялармен жұмыс жасайды, оларға сонғы жыл бірнеше жыл бойы немесе қазіргі уақытта Қаржылық есептің халықаралық стандарттарымен (ҚЕХС) дайыедалған, қаржылық есептік аудиті бойынша қызмет көрсетіліп келеді.

Компания Қызмет түрі Кезең
«Самұрық-Энерго» АҚ Холдингтік компания.
2008-2010, 2012
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Алматы қаласы және Алматы облысы үшін электр энергиясын тасымалдау, желідегі электрді техникалық бөлу бойынша көрсетілетін қызметтер.
2010, 2012
«Алматы электр станциялары» АҚ Алматы қаласы және Алматы облысы үшін электр және жылу энергиясын өндіру.
2010, 2012
«АлматыЭнергосбыт» ЖШС Алматы қаласы және Алматы облысы өңірінде электр энергияны іске асырады.
2008-2010, 2012
«ҚазҚуат» АҚ «Шардара ГЭС» АҚ және «Мойнақ ГЭС» АҚ еншілес компанияларына басшылығын жасауды жүзеге асыратын Холдингтік компания.
2008
«Шардара ГЭС» АҚ Электр энергиясын өндіру.
2007
«Мойнақ ГЭС» АҚ Шарын өзенінде су электр станциясын салу.
2008
«Манғыстау электр желілерін бөлу компаниясы» АҚ Электр энергиясын тасымалдау, мұнай және басқа да компаниялар үшін желідегі электрді техникалық бөлу, сондай-ақ Маңғыстау облысының алыстағы ауылдық аудандарында электрді іске асыруда көрсететін қызметтер.
2008-2010, 2012
«ГРЭС-2 Екібастұз Станциясы» АҚ «Богатырь» және «Северный» көмір шығару кенінде өндірілетін көмір негізінде электр және жылу энергиясын өндіру.
2005 - 2009
«Еуро Азиялық Энергетикалық Корпорация» АҚ «Восточный» көмір шығару кенінде ашық әдіспен көмір өндіру және электр өндіру.
2005-2012
«Богатырь Көмір» ЖШС «Богатырь» және «Северный» көмір шығару кенінде ашық әдіспен көмір өндіру.
2008-2010, 2012
«Өскемендік жылу желілері» АҚ Өскемен қаласында жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу.
2006
 Аудит қызметін ұсынатын бұрынғы компания KPMG фирмалар желісі болатын.