Жаңа құрушы қуаттарды іске қосу және
бұрыннан барларын жаңарту жөніндегі ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында 2007 жылы 18 сәуірде құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімімен «Самұрық-Энерго» АҚ құрылды. «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдинг» Самұрық» АҚ және «Қазтрансгаз» АҚ Қоғамның құрылу сәтіндегі құрылтайшылары болып табылды. |
04. КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
ҚОҒАМ 2007 ЖЫЛЫ 10 МАМЫРДА ТІРКЕЛДІ.
ҚОҒАМНЫҢ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ОРНАЛАСТЫ.
2008 жылы 3 қарашада «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі»« АҚ және «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қосу жолымен қайта құрылымдау нәтижесінде Қоғамның акционері «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдинг»« АҚ-ның құқықты мирасқоры болып табылатын «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ болды. 2010 жылы мамыр айында Қоғам Алматы қаласынан Астана қаласына көшті.
«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ ҚР АУМАҒЫНДА ЭЛЕКТР ЖӘНЕ КӨМІР КӘСІПОРЫНДАРЫН БАСҚАРАТЫН ХОЛДИНГТІК КОМПАНИЯ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
Қоғам активтерінің құрамында ірі өндіріс компаниялары, оның ішінде Екібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2, Жамбыл ГРЭС сияқты ұлттық маңызы бар станциялар. сондай-ақ Ақтөбе қаласында және Алматы өңірінде жылу мен электр энергиясын өндіретін басқа да станциялар бар. Ертіс ГЭС каскадына енген Республиканың негізгі су электр станциялары, сонымен бірге, мемлекеттің оңтүстік аймағындағы ГЭС (Шардара және Мойнақ ГЭС) солардың қатарында. Сондай-ақ Қоғам активтерінің құрамына аймақтық бөлу желілері мен Алматы өңірі, Маңғыстау, Шығыс-Қазақстан облыстарының өнім өткізу компаниялары енеді және көмірді Топтың құрушы нысандарына, Қазақстанда, сол сияқты Ресейде орналасқан үшінші жақтарға нарық жағдайында жеткізетін Қазақстандағы ең ірі көмір өндіру кәсіпорны «Богатырь Көмір» ЖШС кіреді.
Мемелекеттің сенімді электр қорын қамтамасыз ете отырып, Қоғам оның қоршаған ортаға ықпалын азайтуға бағытталған жобаларды жүзеге асырады. Энергия көздерінің жаңартылуына қарай өндірісті инвестициялайды. Барынша толық ақпаратты «Қоғамның ЕТҰ (Еншілес және тәуелді ұйымы) және «Инвестициялық қызмет» туралы ақпарат» бөлімінен таба аласыз.