«Самұрық-Энерго» АҚ. Жылдық есеп / 2013

2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Директорлар кеңесінің құрамы

Бектеміров Қуаныш Әбдіғалиұлы
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарушы директоры «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.







Бірінші сайланған уақыты:

Бірінші сайланған уақыты: 31.01.2012 («Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ № 08/12 хаттамасы, 31.01.2012 ж.).

қызмет тізімі:

1993 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген, физик.
2004 ж. Қазақ ұлттық аграрлық университеттін бітірді, инженер-электрик.
1993-1999 ж.ж. «Атамекен» корпорациясы Алматы қ., «Алтын» АҚ, Текелі қ., Алматы облысы, «Восток Сервис» ЖШС, Талдықорған қ.
1999-2000 ж.ж. — «Талдықорғанкоммунэнерго» МКБК бас директорының орынбасары.
2000-2004 ж.ж. — «Талдықорғантеплосервис» МКБК бастығының бірінші орынбасары.
2004 ж. — Астана қ. «Астанаэнергосервис» Басқарма Төрағасының орынбасары.
2004-2008 ж. — «Астанаэнергосбыт» ЖШС директоры, Астана қ.
2008-2009 ж.ж. — «Оңтүстік Қазақстан облысының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ бастығы.
2009-2010 ж.ж. — «Казгидромет» РМК орынбасары, бас директорының бірінші орынбасары.
2011-2012 ж.ж. «Астанаэнергоконтракт» Бас директоры.
2012 ж. қаңтар айынан бастап — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарушы директоры.
2003 ж. Талдықорған қаласының мәслихат депутаты болып сайланған, Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің «ҚР электр энергетикасы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» алғыс хатымен марапатталған, «ҚР құрметті энергетигі» төсбелгісімен марапатталған, «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

Дәукеев Ғұмарбек Жүсіпбекұлы
Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры, тәуелсіз директор. Тағайындау және сыйақы комитетінің төрағасы, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Стратегиялық жоспарлау комитетінің мүшесі.



















Бірінші сайланған уақыты:

22.01.2008 («Самұрық» холдингі» АҚ 2008 жылғы 22 қаңтардағы № 01/08 хаттамасы). 2009 жылы 2 сәуірде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (хаттама №26/09) қайта сайланды.

қызмет тізімі:

1971 ж. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірді, инженер-жылу энергетигі. Техника ғылымдарының кандидаты (1982 ж.). Профессор (1999 ж.).
1971 ж. — В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының ассистенті, аспиранты.
1975 ж. — Алматы Энергетика институтының аспиранты, ассистенті, аға оқытушысы, кәсіподақ комитетінің төрағасы, доценті.
1988 ж. — Қазақстан КП ОК ғылым және оқу орындары бөлімінің нұсқаушысы.
1989 ж. — Алматы энергетика институты партия комитетінің хатшысы, проректоры.
1994 ж. — ҚР Президенті жанындағы Ғылым мен техника жөніндегі Жоғарғы консультативтік кеңес аппаратының, ҚР Министрлер кабинеті Іс басқармасының сектор меңгерушісі, жетекшісі.
1996 ж. — Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ энергетика және телекоммуникациялар жөніндегі оқу-ғылыми кешенінің директоры.
1997 ж. — Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры.
Халық депутаттары Калинин аудандық кеңесінің депутаты (1990-1993 ж.ж.).
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі жанындағы Электр және жылу энергетикасы саласындағы тариф саясаты жөніндегі сарапшылар кеңесінің, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Энергетика саласындағы тариф саясаты жөніндегі сарапшылар кеңесінің, Қазақ инженер-энергетиктері одағының мүшесі, Қазақстан ЖОО-лары қауымдастығының; Алматы аймақтық ЖОО ректорлары кеңесі тексеру комиссиясының төрағасы. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры.
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2006 ж.), «Еңбектегі ерлігі үшін. В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» (1970 ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 ж.) медальдарымен, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» (2000 ж.), Ресей БЭЖ РАО «ГОЭЛРО» Жоспарына 80 жыл» (2000 ж.) белгілерімен марапатталған. ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2005 ж.).
Энергетикалық қазандықтарда және өнеркәсіптік пештерде газ отынының жануы және жылу алмасу теориясы мен практикасы; құрама өндірісте электр және жылу энергиясына тарифтерді қалыптастыру әдістемесі бойынша 70 - тен астам ғылыми жарияланымдардың авторы. Өнеркәсіптік пештер мен жану құрылғылары конструкциялары өнертабыстары бойынша 5 авторлық куәлігі бар.

Лука Сутера
Топ Вице-президенті және (CFO) Global Power & Water Division қаржылық директоры, ABU DHABI NATIONAL ENERGY COMPANY тобының басшылар командасының мүшесі, Директорлар кеңесінің  тәуелсіз директоры, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Аудит комитетінің төрағасы.

Бірінші сайланған уақыты:

08.05.2012 «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының шешімімен (№21/12 хаттама) Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі болып сайланды.

қызмет тізімі:

1996 ж. — «Л.Боккони» Милан университетін бітірген, Іскерлік әкімшілік бакалавр саласы, мамандығы – қаржыгер.
1999 ж. — Бақылау және жоспарлау бойынша Enel S.p.A./S.A.А. менеджмент мектебінде(Рим, Италия) Шебер дәрежесін алды.
2012 ж. — Мадрид қаласындағы IE Бизнес-мектебінде Executive MBA (стратегиялық басқарма) халықаралық бағдарламасын тәмәдады.
2005 ж. қаңтар - 2007 ж. қыркүйек — Endesa Еуропа басқармасының Бас Қаржы директорының орынбасары.
2007 ж. қазан - 2011 ж. наурыз — Энел ОГК-5 қаржылық директоры және бас директордың орынбасары.
2011 ж. наурыз айынан бастап — Топтың вице-президенті және Абу-Даби Ұлттық энергетикалық компаниясы (TAQA) Су шаруашылығы және энергетикасы халықаралық басқармасының Бас қаржы директоры.
2011 ж. сәуір айынан бастап Сутера мырза Ресей Тәуелсіз Директорлар Қауымдастығының мүшесі.
Қазіргі уақытта Сутера мырза Jorf Lasfar (Абу-Даби Ұлттық энергетикалық компаниясының еншілес компаниясы) энергетикалық компаниясының Директорлар кеңесінің мүшесі.
Энергетика секторында 15 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.

Спицын Анатолий Тихонович
Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей жаратылыстану  ғылымдары академиясы Президиумының толық мүшесі, КСРО және РФ Архитекторлар одағының мүшесі, Халықаралық инвестиция академиясының бірінші вице-президенті, ЕврАзЭҚ интеграциялық мәселелерін стратегиялық зерттеу институтының директоры, Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры, Стратегиялық жоспарлау комитетінің төрағасы, Тағайындау және сыйақы комитетінің мүшесі, «Самұрық-Энерго» АҚ Аудит комитетінің мүшесі.

Бірінші сайланған уақыты:

08.05.2012 «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының шешімімен (№21/12 хаттама) Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі болып сайланды.

қызмет тізімі:

1962 ж. — Одесса инженерлік-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірді.
1972 ж. — Қоғамдық ғылымдар академиясының аспиранты.
2009 ж. — Вашингтон университетіндегі арнайы курс (АҚШ).
Қазіргі кезде РФ Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы академиясының экономика және қоғамдық сектор қаржысының профессоры, Еуразия Экономикалық Бірлестігінің интеграциялық мәселелерін стратегиялық зерттеу институтының директоры.

Руперт Эндрю Вудворд Гудман
FIRST халықаралық істер бойынша халықарлық тәртіптік ұйымының негізін қалаушы және Төөрағасы, тәуелсіз директор.






Бірінші сайланған уақыты:

21.10.2013 «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (№61/13 хаттама) «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі болып сайланды.

қызмет тізімі:

Виндзор, Итон колледжі.
Кембридж, Тринити колледжі, (2:1 Бакалавр (үздік), Магистр) National Botanic Garden of Wales, Қамқоршы және директор (2005-2008 ж.ж.);
2013 ж. бері Қазақстан-Британ қоғамының Төрағасы және Қамқоршысы (2002 ж. бастап Қамқоршы);
Британ-Алжир Іскерлік-Ынтымақтастығының вице-президенті;
Responsible Capitalism Initiative құрылтайшысы;
Atlantic International Халықаралық Консультативтік Кеңесінің мүшесі;
2009 ж. бері Artes Mundi-де даму бойынша кеңесінің мүшесі (қазіргі өнердегі жетістіктері үшін марапат);
2011 ж. бері Фауна және Флора бойынша Халықаралық қауымдастығының Вице-Президенті (экологиялық қайырымдылық);
Корольдік Географиялық Қоғамының Мүшесі;
Өнерді, Өндірушілерді және Сауданыілгері жылжыту жөніндегі Корольдік Қоғамның мүшесі;
World Petroleum and World Energy Insight Төрағасы;
1993 ж. Periodical Publicitors Association Award Жеңімпазы;
2010 және 2013 жылдары Кәсіпкерлік бойынша Корольдік марапатқа ие болды.

Огай Алексей Владимирович
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның электр энергетикасы активтерін басқару жөніндегі дирекцияның директоры, «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

Бірінші сайланған уақыты:

22.01.2008 («Самұрық» холдингі» АҚ-ның 2008 ж. 22 қаңтардағы №01/ 08 хаттамасы). 15.06.2011 ж. «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (№26/11 хаттама) Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

қызмет тізімі:

1995 ж. Алматы энергетика институтын бітірген. Мамандығы: Электр станциялары. Біліктілігі: Инженер-электрик.
1995-1998 ж.ж. — «Қазақстан ОЭК мәселелерін зерттеу зертханасы» ЖШС ғылыми қызметкері.
1998-2006 ж.ж. — «KEGOC» АҚ маманы, жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы.
2006 ж. маусым айынын бастап – бас сарапшы, «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ-ның Электр энергетикалық активтерді басқару жөніндегі директорының орынбасары.
2008 ж. қазан айынан бастап — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның бас сарапшысы.
2007 ж. мамыр айынан бастап — «КОРЭМ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
2011 ж. мамыр айынан қазіргі таңға дейін – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның Электр энергетикалық активтерді басқару дирекциясының директоры.

Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Қоғамның Басқарма төрағасы.













Бірінші сайланған уақыты:

04.07.2007 («Самұрық» холдингі» АҚ Басқарма төрағасының 2007 жылғы 4 шілдедегі №79-п бұйрығы). 15.06.2011 ж. «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (№26/11хаттама) Директорлар кеңесінің мүшесі және Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

қызмет тізімі:

1992 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін тәмамдаған, қолданбалы-математик, механик. Экономика ғылымдарының кандидаты. ТМД еңбек сіңірген энергетигі.
1992 ж. тамыз айынан бастап — «ТаССат» ЖШС-нің директоры.
1997 ж. қыркүйек айынан бастап — «ҚазТрансОйл» Ұлттық мұнай тасымалдаушы компаниясы» АҚ-да менеджер, клиринг департаментінің басшысы, жобаларды басқару департаментінің бастығы.
1998 ж. тамыз айынан бастап — «ҚазТрансОйл» Ұлттық мұнай тасымалдаушы компаниясы» АҚ-ның басқарушы директоры, экономика жөніндегі вице-президенті.
2001 ж. қаңтар айынан бастап – «KEGOC» АҚ-ында қаржы директоры, экономика жөніндегі вице-президенті.
2003 ж. қараша айынан бастап — «KEGOC» АҚ-ның бірінші вице-президенті.
2006 ж. мамыр айынан бастап — «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ-ның «КЕGOC» АҚ бойынша директоры-топ жетекшісі.
2006 ж. желтоқсан айынан бастап — «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ-ның электроэнергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры.
2007 ж. қаңтар айынан — Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің орынбасары.
2007 ж. қыркүйек айынан бастап «KEGOC» АҚ-ның президенті, 2008 жылдың қазан айынан бастап — «KEGOC» АҚ-ның вице-президенті.
2009 ж. желтоқсан айынан бастап — «KEGOC» АҚ-ның Басқарма Төрағасы.
2011 ж. маусым айынан бастап — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның Басқарушы директоры.
2012 ж. қаңтар айынан бастап — Қоғамның Басқарма Төрағасы.

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ ҚҰРАМЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ

2013 жылы 21 қазанда (№ 61/13 хаттама) «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның Басқармасы Руперт Эндрю Вудворд Гудманды директорлар кеңесіне өкілеттігі мерзімі бітуіне дейін Тәуелсіз директор – «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі етіп сайлау шешімін қабылдады.

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНЕ ІРІКТЕУ ӨЛШЕМДЕРІ

Бүгінгі күнде Қоғамда Қоғам директорлар кеңесінің құрамына әлеуетті кандидаттарды іріктеу үдерісін реттейтін нысандандырылған құжат жоқ. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның корпоративті басқарма жүйесін жақсартуға бағытталған үздіксіз жұмысы тарайтын іс-тәжірибемен сәйкес ішкі нормативтік-құқықтық қордың жылдан жылға жақсаруы үшін ғана емес, Қоғамның бизнес-үдерісінің нәтижелілігін көтеру үшін де алғышарт жасайды.

2013 ЖЫЛДЫҢ 31 ЖЕЛТОҚСАНЫНДА ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫНА КІРГЕНДЕР:

  • Экономика, қаржы және аудит саласының сарапшысы – Топтың Вице-Президенті және Global Power & Water Division қаржылық диреткоры,  ABU DHABI NATIONAL ENERGY COMPANY Көсбасшылар Тобы командасының мүшесі, Лука Сутера;
  • Стратегия және Электр энергия саласының сарапшысы – Алматы Энергетика және байланыс Университетінің ректоры Дәукеев Ғұмарбек Жүсіпбекұлы;
  • Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласының сарапшысы — Қайырымдылықпен және демеушілікпен байланысты аспектілерді, адам ресурстарын басқару Департаментіне тікелей жетекшілік ететін, Басқарма Төрағасы Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев.

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӘУЕЛСІЗДІК ӨЛШЕМДЕРІ

Корпоративтік басқарудың әлемдік озық тәжірибесіне сәйкес Жалғыз акционерден және директорлар компаниясы басшылығынан тәуелсіздердің бар болуы қажет, олар қоғам мүдделеріне сай келетін объективті шешімдерді қабылдаудың кепілі болып табылады, тәуелсіз директорлар директорлар кеңесінің үштен бір бөлігінен кем болмауы керек.

Тәуелсіздік өлшемдері Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қоғамның Директорлар кеңесі жөніндегі ережелерімен және Жарғысымен белгіленеді.

Қоғамның тәуелсіз директорлары есепті кезеңде тәуелсіздік өлшемдеріне толық сәйкес келді.

Директорлар кеңесі отырысының саны

2013 ЖЫЛЫ ҚОҒАМ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ
13
ОТЫРЫС ӨТКІЗДІ
  2013 2012 2011
Отырыстар саны 13 13 12
Күндізгі түрде 11 8 6
Сырттай түрде 2 5 6

Директорлар кеңесіне қатысу

  2013 2012 2011
Бектеміров Қуаныш Әбдіғалиұлы
100%
100%
-
Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы
100%
100%
100%
Огай Алексей Владимирович
100%
92%
-
Дәукеев Ғұмарбек Жүсіпбекұлы
100%
100%
100%
Лука Сутера
92%
92%
-
Спицын Анатолий Тихонович
92%
100%
-
Руперт Эндрю Вудворд Гудман
0%
-
-

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ ҚАБЫЛДАҒАН ЕСЕП БОЙЫНША ШАРАЛАР ЖАЛҒЫЗ АКЦИОНЕРДІҢ ПІКІРІ

Директорлар кеңесі Жалғыз акционердің пікірі мен ұстанымы үшін барынша қажетті шараларды қолдануға тырысады, соның ішінде:

  • Жалғыз акционердің өкілдері Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады, соған сәйкес Директорлар кеңесінің отырыстарында қаралып жатқан барлық мәселелер Жалғыз акционер өкілдеріне Директорлар кеңесінң күн тәртібі жөніндегі мәселелерге қорытынды жасау үшін жіберіледі;
  • Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылмайтын Жалғыз акционер өкілдері Директорлар кеңесінің комитетінде ұсынылған (кеңес дауысына құқығы бар сарапшы ретінде), сондай-ақ комитеттер және Директорлар кеңесі отырыстарында Жалғыз акционердің ұстанымын білдіреді;
  • ДК мүшелері корпоративтік басқарудың диагностикасын жасауға қатысады, Жалғыз акционердің өкілдерімен барлық кездесулерге қатысады.
Қоғамның ДК мүшесінің міндетін оырндағаны үшін тәуелсіз директорлар жылдық белгіленген сыйақылар алады, сондай-ақ Қоғамнығ ДК комитетінің әр күндізгі отырыстарына комитет мүшесі ретінде қатысқаны үшін қосымша сыйақылар алады.

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІН МАРАПАТТАУ

Жалғыз акционер өкілдері мен ДК құрамындағы Басқарма Төрағасы сыйақы алмайды. 

Қоғамның ДК мүшесінің міндетін оырндағаны үшін тәуелсіз директорлар жылдық белгіленген сыйақылар алады, сондай-ақ Қоғамнығ ДК комитетінің әр күндізгі отырыстарына комитет мүшесі ретінде қатысқаны үшін қосымша сыйақылар алады. 

Тәуелсіз директор Қоғамның ДК есептік кезеңінде өткізілген күндізгі және сырттай отырыстардың жартысынан азына қатысқан жағдайда сыйақы төленбейді. 

Тәуелсіз директорға тұрғылықты жерінен бөлек басқа жерлерде өтетін Қоғамның ДК комитеті отырыстарына қатысты жолға шығуына шығындар өтеледі (жол жүру, тұру, тәуліктік). 

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ЖӘНЕ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДАРЫН ҚОСА АТҚАРУ

Жарғыға және ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес мүдделер тартысын болдырмау және өкілеттіліктерін шектеу мақсатында ДК Төрағасының және Басқарма Төрағасынының лауазымдары қоса атқарылмайды. 

2013 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ ДК Төрағасы Бектеміров Қуаныш Әбдіғалиұлы болды, Басқарма Төрағасы – Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы.