«Самұрық-Энерго» АҚ. Жылдық есеп / 2013

ҚОҒАМНЫҢ  Инновациялық ҚЫЗМЕТІ

Әлемде жаңартылатын энергия көздерінен алынған электр энергиясы құнының төмендеу үрдісі және дәстүрлі көздерден алынған электр энергиясы құнының көтерілу үрдісі байқалады.

ЖЭК АЯСЫНДАҒЫ Инновациялық КЫЗМЕТІ

ТҰТАСТАЙ АЛҒАНДА, ЖАҢАР-ТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІНІҢ ӘЛЕУЕТІН ТИІМДІ ІСКЕ АСЫРУ ҮШІН:

  • ЖЭК қолдау туралы заңдарды жетілдіру;
  • ЖЭК қажеттілігін белгілеу міндеті бар құзырлы орган құру;
  • Қазақстандық интеллектуалдық Энергетика жүйесін (одан әрі — ҚИЭС) құру қажет.

ТИІМДІЛІГІ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ ТҰРҒЫНДАР ӨМІРІНІҢ САПАСЫН ЖАҚСАРТАДЫ, АРТЫҚШЫЛЫҰТЫ БІЛУГЕ ЖАҒДАЙ ЖАСАЙДЫ ЖӘНЕ ҒАЛАМДЫҚ ҚАУІП-ҚАТЕРЛЕРДІҢ БӘРІНЕ ЖАУАП БЕРУГЕ МҮМКІНДІК ТУДЫРАДЫ:

  • Энергетикалық қауіпсіздік және қор жасау;
  • Транзиттік және экспорттық әлеуетті пайдалану;
  • ЖЭК әлеуетін пайдалану (Жел электр станциялары, күн электр станциялары, шағын гидроэлектр станциялары және т.б.):
  • Қазақстан Республикасының аумағын толық қамту – отын-энергетика ресурстары (одан әрі — ОЭР) мен құрушы көздердің өндірістерден және тұрғындардан алыстығы жөніндегі мәселені шешу;
  • ОЭР қорларын есепке алып, энергетика құрылымын оңтайландыру;
  • Энергоэкологиялық, энергия тиімділік, энергия сақтау;
  • Инновация және ғылыми даму;
  • Қазақстандық экономиканың үстеме құнын көтеру;
  • Мемлекеттің энергетикадағы рөлін көтеру.

ҚИЭС құру Халықаралық Энергетикалық Кеңес (одан әрі – «WEC»)  бастамалық өткен ғаламдық жүйеге ықпалдасуға жағдай тудырады.

Әлемде жаңартылатын энергия көздерінен алынған электр энергиясы құнының төмендеу үрдісі және дәстүрлі көздерден алынған электр энергиясы құнының көтерілу үрдісі байқалады. Отын бағасының үнемі шарықтаудың экологияга зиянды заттар әсерінің көбейе түсуін ескеру қажеттілігін ойлайтын кез келді.

2013 жылы Қоғам «Қуаты 2 МВт Қапшағай күн электр станциясы құрамының» жобасын іске асыруда. Қазіргі таңда Қоғам Ерейментау қаласының өңріне қуаты 45 МВт болатын жел электр станциясын пайдалануға енгізу жобасын жүзеге асыруда.

«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» КОМПАНИЯЛАРЫ ТОБЫ ОРТА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАРЫНДА ЖАСЫЛ ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНДАҒЫ МЫНА ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫ ЖОСПАРЛАЙДЫ:

  • Шелек дәлізінде қуаты 60 МВт, келешекте 300 МВт дейін ұлғайтылатын электр станциясының құрылысы, пайдалану кезінде істейтін — 12 адам, жылына 180 млн кВт•сағ. электр энергиясын өндіретін болады;
  • Электр энергиясын өндіру үрдісінде сабанды (соломы) пайдалану. Электр қуаты — 5-10 МВт;
  • Ерейментау қаласы аумағында қуаты 50 МВт жел электр станциясының екінші кезектегі құрылысы. Жылына 150 млн астам электр энергиясын өндіретін болады, салу кезінде 60 адам, пайдалану кезінде 8 адам істейді;
  • Қуаты 33 МВт Кербұлақ ГЭС-нің құрылысы. Жылына 245 млн мөлшерінде электр энергиясын өндіретін болады. Құрылыс кезінде 550 адам, пайдалану кезінде 64 адам істейді.
ЕКІБАСТҰЗ ГРЭС-2-ДЕ 3-ЭНЕРГИЯ БЛОГЫН САЛУ, ҚУАТЫ
636
МВт




КӨМІР ЖӘНЕ ГАЗ ГЕНЕРЕЦИЯСЫ СЕКТОРЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯШЫЛ ҚЫЗМЕТ

Көмір генерациясындамыту шеңберінде отын шығынын төмендетуге және зиянды заттар (көмір-қышқыл газ, кул, күкірт пен азот тотықтары) шығаруды азайтуға қолайлы мынадай «таза көмір технологиясын» қолдану қарастырылуда:

  1. Бу айдау циклінде бу параметрлерін жоғарылату;
  2. Тиісті жылу жүктемелері бар жерлерде қазіргі заманғы ЖЭО  салу жолымен электр энергиясы мен жылуды құрама өндіру – когенерация қолдану;
  3. Күл ұстап қалу және азот пен күкірт тотықтарының шығарылу деңгейін төмендетудің қазіргі тәсілдерін енгізу;
  4. Күл-қоқыстарды өтелдендіру – оларды құрылыс және жол индустриясында пайдалану.
Газ генерациясында булы газ циклін қолдану қарастырылады, бұл жоғары ҚНК сипатталады және көмірқышқыл газ сияқты зиянды заттарды шығару деңгейі төмен болады.

Қоғам көмір генерациясы секторында мына жоспарларды іске асырады және іске асыруды жоспарлайды:

  • Екібастұз ГРЭС-2-де 3-энергия блогын салу, қуаты 636 МВт, бу параметрлері жоғары — 566 С0 температурада және қысымы 24 МПа. Іске асыру мерзімі 2010-2017 жылдар.
  • 2013 жылы «Мемлекеттік сараптау» РМК Жоба жөнінде оң қорытынды жасады, қазандықтардың керек-жарақтары әкеліне бастады, құрылыс ауласы нысандарына су құбыры және кәріздендіру салу, 100 орындық асхана салу, қоймалар, ішкі темір жолдар салу аяқталды.
  • Қуаты 1 320 МВт Балхаш ГЭС-ін салу, бу параметрлері жоғары және күл ұстау мен күкірт тазалаудың өазіргі жүйесі бар. Іске асыру мерзімі 2010-2018 жылдар 2013 жылы жобасы «Мемлекеттік сараптау»  РМК қарауына жіберілді.
  • Екібастұз ГРЭС-1 электр сүзгілерін монтаждау.
  • 2013 жылы Екібастұз ГРЭС-1-дің №3 және №7 энергия блоктарындағы электр сүзгілері пайдалануға қосылды. Осылайша ГРЭС-1 пайдалануындағы барлық 6 энергия блогы қазіргі заманғы, тиімділігі жоғары электр сүзгілерімен жарақтандырылды.
Жоспарланған және келешекті жобалар – Семей және Көкшетау қалаларындағы қазіргі заманғы ЖЭО салу, Семей қаласындағы  ЖЭО-3 құрылысының жобасы бойынша ЖЭБ жасау аяқталып жатыр.

Газ генерациясы секторында мына жобалар іске асырылуда:

  • Алматы ЖЭО 1–ін қайта құры-лымдау мен кеңейту. Іске асырылу мерзімі – 2011-2016 жылдар.
  • Придорожные газ кені орнындағы базада ГТЭС салу. Бұл электр станциясының қуаты 175,6 МВт болмақ. Іске асырылу мерзімі 2011-2019 жылдар.

ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН БЕРУ, БӨЛУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ СЕКТОРЫНДАҒЫ ЖАҢАРПАШЫЛ ҚЫЗМЕТ

Барлық осы іс-шаралар жаңа буынның (Smart Grid) ықпалдасуға ыңғайлы интеллектуалдық энергетика жүйесін кезең-кезеңімен енгізуіне, электр желілерін қарқынды реттеуіне, қауіпсіздікті жоғарылатуына және шығындарды азайтуына жағдай жасайды.

Азиада мен Метрополитен және АЭА АТП нысандарын электрмен жабдықтау жөніндегі жобаларды іске асыру шеңберінде  Алматы қаласында 2011-2013 жылдары «АЖК» АҚ қатар пайдаланылуға Ерменсай, Медеу, Шымбұлақ, ҚазМУ, Алатау, Отырар, Топливная, №16 Новая қосалқы станциялары енгізілді, бұлардың бәрі жаңа технологиямен жарақталды. Сондай-ақ «АЖК» АҚ Қазақстанда бірінші рет 110кВ желілерінде қиысты сымдарды қолдана бастады.

Тұтынылған және берілген электр энергиясын дәл есептеу мен жедел бақылау үшін, сондай-ақ есептеу жүргізу мақсатымен алынған мәліметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін «МЭБК» АҚ электр энергиясын коммерциялық есептеудің автоматтандырыл, ан жүйесі (ЭКЕАЖ) іске асырылды.

Барлық осы іс-шаралар жаңа буынның ықпалдасуға ыңғайлы интеллектуалдық энергетика жүйесін кезең-кезеңімен енгізуіне, электр желілерін қарқынды реттеуіне, қауіпсіздікті жоғарылатуына және шығындарды азайтуына жағдай жасайды.