«Самұрық-Энерго» АҚ. Жылдық есеп / 2013

ЕТҰ (ЕНШІЛЕС ЖӘНЕ ТӘУЕЛДІ ҰЙЫМДАРЫ) ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

БӨЛУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ КОМПАНИЯЛАРЫ

«АЛАТАУ ЖАРЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АҚ

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Республиканың Оңтүстігіндегі ең ірі өңірлік электр желілері компаниясы болып табылады, өз қызмет аймағында – Алматы қаласы мен Алматы облысында тұрғындар, өндірістік жіне ауылшаруашылық кәсіпорындарға электр энергиясын бөлу мен өткізуді қамтамасыз етеді.

«АЖК» АҚ қамтитын аумағы Балхаш көлінің жағалауынан Қытай шекарасына дейін созылып жатыр.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның Жалғыз акционері «Самұрық-Энерго» АҚ болып табылады.

«АЖК» АҚ теңгерімдік керек-жарағына 220-110-35-10-6-0,4 кВт кернеулі электр желілері қосылады.

«АЖК» АҚ теңгерімінде жалпы тарқыштығы 34 577 км, соның ішінде электр берілісі желісі бар:

  • кернеуі 220 кВ, тартқыштығы 432,4 км; 110 кВ тартқыштығы 2 733 км әуе электр берілісі желістері;
  • 220 кВ-37,2 км; 110 кВ-101,12 км кабельдік желістері;
  • кернеуі 35 кВ тартқыштығы 2 887 км электр желілері;
  • кернеуі 6-10 кВ жалпы тартқыштығы 12 544,5 км әуе және кабельдік желілер;
  • кернеуі 0,4 кВ, жалпы тартқыштығы 10 716 км электр берілісі желістері;
  • кернеуі  35-220 кВ — 211 бірлік, 6 762 МВА жалпы трансформаторлық қуаты бар трансформаторлық қосалқы станцияар саны.

2007-2013 жылдар аралығында 80 млрд астам теңге инвестиция игерілді, содан Алматы қаласындағы кернеуі 35 кв жоғары қосалқы станциялардың 40% жаңаланды.

2013 жылы желтоқсанда Алматы қалаының айналасына 220 кв шығыршық салу аяқталды.
2013 жылы берілген электр энергиясының көлемі —  5 818,4 млн кВтс.

«АЛМАТЫЭНЕРГОСБЫТ»  ЖШС

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС 2006 жылы маусымда электр энергетикасы туралы заңға сәйкес энергиямен жабдықтау кәсіпорны ретінде құрылды. «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің бірден-бір қатысушысы «Самұрық-Энерго» АҚ болып табылады, қатысу үлесі 100%.

«АЭС» ЖШС Алматы қаласы мен Алматы облысының 2,6 млн астам тұрғындарын және 24 мың кәсіпорнын электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Бұл Қазақстан аумағында электр энергиясын жеткізушілердің ірісі болып табылады.

«АЭС» ЖШС электр энергиясынан көтерме және жеке нарығының субъектісі бола отырып, мына қызметтерді жүзеге асырады:

  • энергия өндіруші кәсіпорындардан электр энергиясын сатып алу және оны жеке тұтынушыларға сату;
  • өңірлік желілер компаниясының жедел өкімдерін орындау, бұл ретте жеткізу-тұтыну тәртіптерін реттеу;
  • тұтынушыларға электр энергиясын беру шарттарын жасау;
  • ЭБК электр энергиясын беру бойынша, жүйелік оператор көрсеткен қызметтерді төлеу;
  • жасалған шарттарда белгіленген электрді тұтыну тәртіптерінің, тұтынушылардан алған электр энергиясы үшін ақы төлеу реттерінің сақталуын қадағалау.
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС жұмысының негізгі бағыттарының бірі электр энергиясын тұтынушылар жабдықтау ісін жақсарту болып табылады.
2013 жылы іске асырылған электр энергиясы көлемі 5 556,3 млн кВтс құрады.

«САМҰРЫҚ – ЭНЕРГОСТРОЙСЕРВИС» ЖШС

«Самұрық  ЭнергоСтройСервис» ЖШС 2009 жылы құрылыстық қызмет көрсету және электр энергетикасының құрал-жабдықтарын жобалау, әзірлеу, монтаждау мен жөндеу бойынша қызметтер көрсету мақсатында құрылды.

Бейінді емес активтер мен нысандарды рееструктуризациялау бойынша іс-шаралар (2013 жылыдың 20 мамырдағы №73 хаттама) жоспарын іске асыру шеңберінде 2013 жылы желтоқсан айында «Самұрық – ЭнергоСтройСервис» ЖШС   Жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100% сату-сатып алу шарты жасалды.

«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛІК ЭНЕРГЕТИКА КОМПАНИЯСЫ» АҚ

«Шығыс Қазақстан өңірлік энергетика компаниясы» акционерлік қоғамы Қазақстанның ірі өңірлік бөлу компанияларының бірі және Шығыс Қазақстан облысы табиғи монополиясының субъектісі болып табылады.

2012 жылы кәсіпорын «Самұрық-Энерго» АҚ энергетикалық холдингінің сенімгерлік басқаруына берілді. 2013 жылы наурызда «Шығыс Қазақстан өңірлік энергетика компаниясы» АҚ акциялар пакеті «Самұрық-Энерго» АҚ меншігіне өткізілді.

«Шығыс Қазақстан өңірлік энергетика компаниясы» АҚ қызметінің негізгі түрі электр энергиясын беру және бөлу болып табылады. Жабдықтау аумағы 283 300 шаршы километр.

Кәсіпорын желілерінің жалпы аумағы 34 537 км.

Компания құрамына мыналар кіреді:

  • кернеуі 220 кВ, тартқыштығы 143,8 км; 110 кВ – 4 776,7 км; 35 кВ – 4 320,77 км; 6-10 кВ – 12 884,3 км; 0,4 кВ – 10 693,27 км әуе электр берілісі желістері;
  • кернеуі 10-6-0,4 кВ – 1 718,57 км кабельдік ЭБЖ;
  • кернеуі 35 кВ және жоғары, белгіленген қуаты 3 412,8 МВА 312 қосалқы станция;
  • кернеуі 6-10/0,4 кВ, белгіленген қуаты 1 536,2 МВА 6 495 трансформаторлық қосалқы станция;
  • белгіленген қуаты 2 МВт Зайсан ГЭС-і (жұмыс тәртібі маусымдық).
2013 жылы берілген электр энергиясы көлемі 3 443 млн кВтс.

«ШЫҒЫСЭНЕРГОТРЕЙД» ЖШС

«Шығысэнерготрейд» ЖШС 2004 жылы «Шығыс Қазақстан өңірлік энергетика компаниясы» АҚ-ның еншілес кәсіпорын ретінде құрылды.

«ШЭТ» ЖШС Шығыс Қазақстан облысының 480 мың тұтынушысына электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын, энергиямен жабдықтаушы ұйым болып табылады. Электр энергиясын іске асыру (энергиямен жабдықтау) бойынша ШҚО нарығындағы «ШЭТ» ЖШС-нің үлесі 43% құрайды. 

Шығыс Қазақстан облысындағы «ШЭТ» ЖШС-нің тұтынушылары «ШҚ АЭК» АҚ, «ҚазМырыш» АҚ желілеріне және басқада энергия тарату ұйымдарымен байланысқан. ЭТҰ жалпы саны 15 кәсіпорынды құрайды.

2013 жылда бір кВт•сағ. іске асырудың орта бағасы 9,42 теңгені құрады.
Жыл бойындағы іске асыру көлемі 2 577 млн кВт•сағ. құрады.

«МАҢҒЫСТАУ ЭЛЕКТРТОРАПТЫҚ БӨЛУ КОМПАНИЯСЫ» АҚ

«Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ табиғи монополия субъектісі болып табылады және Маңғыстау облысының тұтынушыларына электр энергиясын бөлу және беру бойынша қызмет корсетеді.

«Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ-ның ірі акционері «Самұрық-Энерго» АҚ болып табылады — 75% +1 акция.

«МЭБК» АҚ электр желілері бойынша жіберілетін электр энергиясының 90% Маңғыстау облысының ірі мұнай өндіру компаниялары тұтынады («Маңғыстау мұнай газ АҚ «Қазмұнайгаз» ҰҚ АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ және т.б.»).

Компания құрамына мыналар кіреді:

  • кернеуі 220 кВ, тартқыштығы 665,1 км: 110 кВ — 2 316,4 км; 75 кВ — 948,7 км; 6-10 кВ — 1 638 км; 0,4 кВ — 601,8 км әуе электр берілісі желістері;
  • кернеуі 3,5 кВ және жоғары, белгіленген қуаты 1 956,4 МВА 57 электрлік қосалқы станциялар;
  • кернеуі 6-10 кВ, белгіленген қуаты 67,2 МВА 428 трансформаторлық қосалқы станция.
2013 жылы берілген электр энергия көлемі – 2 598 млн кВт•сағ.