«Самұрық-Энерго» АҚ. Жылдық есеп / 2013

ӨТІМДІЛІК ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШІ

EBITDA MARGIN КӨРСЕТКІШІ 2013 Ж.
24%


Есепті кезеңдегі пайыздарды өтеу көрсеткіші 3,22, жоспар тұсында 3,85 құрады. Көрсеткіштің жақсаруы EBITDA көрсеткішінің өсуі мен қаржыландыру шығындарына байланысты болып келеді. Көрсеткіштің жақсаруы 2012 жылдың фактісімен (3,6) салыстырғанда EBITDA көрсеткіштерінің өсуінің қаржыландыру шығындарынан асып түсуінен көрінеді.

Қаржылық левереджа көрсеткіші 0.56, жоспар тұсында 0,46 құрады, жақсару қарыздың төмендеуіне байланысты болды. 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, көрсеткіштің жақсаруы Қоғамның меншікті капиталының өсуінен көрінеді.

Ағымдағы өтімділік көрсеткіші 2,01 құрады, бекітілген жоспар тұсында 1,79 болды, бұл облигациялар алмастыру және қысқа мерзімді кредит қалдықтарын азайтудан алынған ақшалай қаражаттардың есепті кезең соңында өсуіне байланысты болды. 2012 жылғы фактымен салыстырғанда, нашарлауы ағымдағы міндеттемелердің төмендеуінен көрінді.