«Самұрық-Энерго» АҚ. Жылдық есеп / 2013

ЕТҰ (ЕНШІЛЕС ЖӘНЕ ТӘУЕЛДІ ҰЙЫМДАРЫ) ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

ӨНДІРУШІ ЖӘНЕ СЕРВИСТІК КОМПАНИЯЛАР

«БОГАТЫРЬ КӨМІР» ЖШС

«Богатырь Көмір» ЖШС Қазақстандағы ең ірі көмір шығаратын кәсіпорын болып табылады, елде шығарылатын көмірдің жалпы көлемінің 37% компания үлесіне тиеді (ҚР МИНТ жедел мәліметтері бойынша).

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің жалғыз қатысушысы «Forum Muider B. V.» компаниясы болып табылады.

Қазіргі уақытта «Богатырь Көмір» ЖШС кен орындарының жобалық қуаты жылына 42 млн тонна көмірді құрайды. (Богатырь бөлігінде — 32 млн тонна, Северный бөлігінде — 10 млн тонна).

2013 жылы көмір шығару көлемі 41,7 млн тонн аны құрады.

Богатырь Көмір көмірді Топтың құрушы нысандарына жіне Қазақстан мен Ресейде орналасқан үшінші жақтарға нарық жағдайында жеткізеді.Богатырь Көмірдің көмір шығарар орындары Екібастұз 1 ГРЭС-нен 35 км және Екібастұз 2 ГРЭС-нен 53 км қашықтықта орналасқан, (әрі темір жолға таяу), мұның өзі Топ үшін көмір тасымалдау шығынын ықшамдауға мүмкіндік тудырады. Қазақстандағы көмір электр станцияларының басым бөлігі Богатырь Көмір шығарған көмірді пайдаланады.

«ТЕГІС МҰНАЙ» ЖШС

«Тегiс Мұнай» ЖШС қызметінің негізгі түрі геологиялық барлауды ұйымдастыру болып табылады.

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы шешіміне сәйкес және 2012 жылғы 30 қазандағы қатысу үлестерін сатып алу-сату шартына сәйкес Қоғам «Тегiс Мұнай» ЖШС-нің жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100% алды, оның құрамына «Манғышлақ-Мұнай» ЖШС-нің жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100% кіреді.

«Манғышлақ-Мұнай» ЖШС-не «Придорожный» газ кен орындарын жасаудың барлық құқығы жатады.