«Самұрық-Энерго» АҚ. Жылдық есеп / 2013

01. ЕСЕП ТУРАЛЫ

Осы біріктірілген есепте «Самұрық-Энерго» АҚ барлық мүдделі тараптарға «Самұрық-Энерго» компаниясы тобының 2013 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейінгі қызметінің нәтижелері мен жетістіктерінен толық шолу ұсынады. Осы есепте көрсетілген Қоғамның 2013 жылғы шоғырландырылған қаржылық есеп-қисабы 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша және 2012 жылғысы 2012 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша «ПрайсуотерхаусКуперс» («PwC») ЖШС тәуелсіз аудитор аудитының нәтижесі болып табылады.

Осы есеп шеңберінде экономика, экология, өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қорғау, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік және қаржылық қызмет салаларынан ақпараттар келтірілген. 2013 жылғы кезеңдегі ақпараттар мен сандық мәліметтер ұсынылған, алайда ақпараттарды көрсеткіштер тұрғысынан салыстыру мен талдау мақсатында 2011 және 2012 жылдардағы деректер пайдаланылған.

Қоғамның қаржылық емес есеп-қисабының қалыптасу тарихы 2010 жылдан бастау алады. 2010 жылы Қоғамның 2009 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша алғашқы жылдық есебі жарияланды.

2011 жылы Қоғам жылдық есеппен қатар «Самұрық-Энерго» компаниясы тобының тұрақты дамуы туралы баяндалған, 2010 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейінгі кезең қамтылған есепті жариялады.

Соңғы біріктірілген жылдық есептің жариланған уақыты - 2013 жыл, тамыз. Содан бері қарай Қоғам жыл сайынғы негізде біріктірілген есеп дайындауды жоспарлайтын болды.

ЕСЕП МАЗМҰНЫН АЙҚЫНДАУ ҮДЕРІСІ

Осы есеп «Есептілік жөніндегі ғаламдық бастама» (Global reporting initiative, GRI3.1) қағидаттарына және электр энергетикасы саласындағы (Electric utility) салалық хаттамаға, Біріктірілген есептілік жөніндегі халықаралық комитет құжатына (International Integrated Reporting Council, IIRC) және Қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына сәйкес дайындалды. Есеппен қоса кесте беріледі, онда стандартты элементтердің Есептегі орналасу орындары көрсетіледі, 2-Қосымша: Есептің GRI нұсқауына сәйкестілік кестесі.

ЕСЕПТІҢ ҚАМТУ ШЕГІ

Қоғам басқарушы компания болып табылады және өндірістік іс-әрекеттерді жүзеге асырмайды, содан қоршаған ортаға ықпалы да елеусіз болады.

Осы есепте тұрақты даму саласындағы көрсеткіштерді толық ашу мақсаты үшін 36 еншілес және тәуелді ұйымдардан тұратын «Самұрық-Энерго» компаниясының тобы жөнінде шоғырландырылған ақпараттар ұсынылған. Мыналардың жөні бөлек:

  • «Forum Muider B.V.» – басқарушы компания;
  • «Бұқтырма ГЭС-і» АҚ, «Шүлбі ГЭС-і» АҚ және «Өскемен ГЭС-і» АҚ – жалға берілген;
  • «Қарағандыгипрошахт және К» ЖШС – сенімгерлік басқаруда;
  • 11 басқа компания.

ЕСЕПКЕ ЕНГІЗІЛГЕН МӘЛІМЕТТЕР МЕН ЕСЕПТЕУЛЕР, СОҒАН ҚОСА КӨРСЕТКІШТЕРДІ ЖӘНЕ БАСҚА АҚПАРАТТАРДЫ ДАЙЫНДАУ ҮШІН ПАЙДАЛАНЫЛҒАН БОЛЖАМДАР МЕН ӘДІСТЕМЕЛЕР

Қоғамның Есебінде ұсынылған өндірістік, әлеуметтік және экологиялық көрсеткіштерді есептеу, жинау мен шоғырлау есептілік қағидаттарына және 3.1 (Global reporting initiative, G3.1) тұрақты даму саласындағы есептілік жөніндегі нұсқаулығының ұсынымдарына, сондай-ақ Қоғамның корпоративтік басқару рәсімдеріне сәйкес жүргізілді.

Тұрақты даму саласындағы көрсеткіштердің әр санаты бойынша сандық мәліметтердің дәлсіздік ықтималдығы ықшамдалған. Қатынастар мен үлестік шамалар абсолютті мәндермен толықтырылған. Сандық мәлметтер жалпыға бірдей қабылданған өлшем бірліктерін пайдалану арқылы көрсетілген және стандартты коэффиценттердің көмегімен есептелген.