«Самұрық-Энерго» АҚ. Жылдық есеп / 2013

2013 жылдың 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Басқарма құрамы

Қоғамның ағымдағы іс-қимылдарының басшылығы Басқарма Төрағасы басшылық ететін Басқарма түрінде алқалы органдармен іске асырылады. Басқарманың қызметі акционерлердің мүдделерін барынша сақтауға, сондай-ақ Қоғамның міндетін орындауға және оның стратегияларын іске асыруға бағытталған.

Қоғам Басқармасының жұмысын ұйымдастыру, жиналыс және отырыс өткізу тәртібі, шешім қабылдау тәртібі 2012 жылдың 7 қыркүйегінде Қоғам Директорлар кеңесі бекіткен Қоғам Басқармасы туралы Ережемен белгіленеді (жаңа редакция).

Басқарма қызметінің негізгі қағидаттары: шындық, адалдық, ақылдылық, байқағыштық, жүйелілік болып табылады. Басқарма қызметі акционер мүдесін ұстану негізінде құрылады және Директорлар кеңесі мен акционерге толығымен есеп беруге міндетті.

Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы
Қоғамның Басқарма Төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі. Экономика ғылымдарының кандидаты.
ТМД еңбек сіңріген энергетигі.
1970 жылы 31 қазанда туылған.
Азамттығы: Қазақстан Республикасы.


Қызмет тізімі:

1992 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін тәмамдаған, қолданбалы-математик, механик.
1992 ж. тамыз айынан бастап — «ТаССат» ЖШС-нің директоры.
1997 ж. қыркүйек айынан бастап — «ҚазТрансОйл» ҰМТК АҚ-да менеджер, клиринг департаментінің басшысы, жобаларды басқару департаментінің бастығы.
1998 ж. тамыз айынан бастап — «ҚазТрансОйл» ҰМТК АҚ-ның басқарушы директоры, экономика жөніндегі вице-президенті.
2001 ж. қаңтар айынан бастап — «KEGOC»  АҚ-ында қаржы директоры, экономика жөніндегі вице-президенті.
2003 ж. қараша айынан бастап — «KEGOC» АҚ-ның бірінші вице-президенті.
2006 ж. мамыр айынан бастап — «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ-ның «КЕGOC» АҚ бойынша директоры-топ жетекшісі.
2006 ж. желтоқсан айынан бастап — «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ-ның электроэнергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры. 2007 ж. қаңтар айынан — ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің орынбасары.
2007 ж. қыркүйек айынан бастап «KEGOC» АҚ-ның президенті, 2008 ж. қазан айынан бастап — «KEGOC» АҚ-ның вице-президенті.
2009 ж. желтоқсан айынан бастап — «KEGOC» АҚ-ның Басқарма Төрағасы.
2011 ж. маусым айынан бастап — «Самұрық-Қазына» ұәқ» АҚ-ның Басқарушы директоры.
2012 ж. қаңтар айынан бастап —Қоғамның Басқарма Төрағасы.

Оспанов Серік Кеңесбекұлы
Қоғамның Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары.
1973 жылы 2 қыркүйекте туылған. Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

қызмет тізімі:

1996 ж. «Семей» Мемелкеттік университетін бітірген, инженер-механик. 2003 ж. Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясын бітірді, экономист.
1993-1994 ж.ж. — «Агропромэнерго» РАЛ  «Жетісу» ӨКФ өндіріс жөніндегі инженері. 1994-1996 ж.ж. — «Назар» АҚ Атқарушы директоры.
1997-1998 ж.ж. — «Сапар» ЖШС Бас директоры. 1998-2000 ж.ж. — «Электрим» ЖШС маркетинг жөніндегі директоры.  
2000-2001 ж.ж.
— «TSC-group» корпорациясының маркетинг және қаржы жөніндегі вице-президенті.
2001-2006 ж.ж. — «KEGOC» АҚ коммерциялық департаментінің директоры, коммерциялық директоры, эконмика жөніндегі басқарушы директор. 2006-2008 ж.ж. — «KEGOC» АҚ бірінші вице-президенті. 
2008-2009 ж.ж. — «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Президенті. 2009 ж. маусымынан желтоқсан айына дейін — «Сайман» АҚ Бақылау кеңесінің төрағасы. 
2009-2012 ж.ж. — «KEGOC» АҚ бірінші вице-президенті, «KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары. 
2012 ж. - қазіргі уақытқа дейін — Қоғамның Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары.

Ли Валерий Константинович
Қоғамның Басқарма Төрағасының орынбасары.
1951 жылы 20 тамызда туылған.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

қызмет тізімі:

1974 ж. — Мәскеу энергетика институтын бітірген, инженер-механик.
1993 ж. — Алматы халық шаруашылығы институтын бітірді, экономист.
1974-1977 ж.ж. — Средазэнергомонтаж» тресінің жетекші инженері.
1979-1989 ж.ж. — «Средазэнергомонтаж» тресінің шебері, жіберу-реттеу участкесінің прорабы, тресттің бөлім бастығы.
1989-1992 ж.ж. — «Қазкоммунэнергожөндеу» ХПНУ инженер-жөндеушісі.
1992-1993 ж.ж. —  «АЮ» ИСК директордың экономика жөніндегі орынбасары.
1993-1994 ж.ж. — «Қазақметаллсақтандыру» АҚ Бас директорының орынбасары. 1994-1995 ж.ж. —  «Лира» фирмасының директоры.
1995-1996 ж.ж. — «Средазэнергомонтаж» тресінің жетекші инженері. 
1996-1997 ж.ж. —  «Қазақстанэнерго» ҰЭЖ бас маманы.
1997-2012 ж.ж. — «KEGOC» АҚ Коммерциялық теңгерім және келісімдер басқармасының басты коммерциялық диспетчер бөлімінің бастығы, Сату жөніндегі  басқарманың бастығы, Коммерциялық департамент директорының орынбасары, Сату  департаментінің директоры, басқарушы директоры, вице-президенті, жүйелік қызмет және ТҚШ жөніндегі басқарушы директоры.
2012-2013 ж.ж. — Қоғамның басқарушы директоры, Қоғамның  «Генерация» дивизионының басқарушысы.
2013 ж. қазан айынан бастап — Қоғамның Басқарма Төрағасының орынбасары.

Мақсұтов Қайрат Берікұлы
Қоғам Басқарма Төрағасының  орынбасары. 
1970 жылы 16 мамырда туылған. Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

қызмет тізімі:

1991 ж. Қарағанды Қазтұтынушы- одағы кооперативтік институтын бітірген, экономист-ревизор.
1991-1992 ж.ж. — Қарағанды Облтұтынуодағы Бақылау және есеп басқармасының ревизоры. 
1992-1997 ж.ж. — «Игілік-Банк» АКБ Қарағанды филиалында инвестиция және инновация бөлімінің жетекші маманы, Валюталық операциялар мен халықаралық есеп бөлімінің бастығы, директордың орынбасары.
1997-1999 ж.ж. — Жәйрем-Атасу арнайы экономика аймағы, ЕЭА Әкімшілік кеңесі төрағасыынң орынбасары, Қаражал қаласы әкімінң орынбасары. 
1999-2004 ж.ж. — Қарағандыдағы «Альфа-Банк» ЕБ ААҚ филиалы директорының орынбасары, директоры.
2004-2009 ж.ж. — «Гефест» тау-кен холдингінің Экономика және қаражат жөніндегі вице-президенті.
2009-2012 ж.ж. — Қоғамның Басқарма Төрағасының Қаражат және  экономика жөніндегі орынбасары.
2012-2013 ж.ж. — Қоғамның Басқарушы директоры, Корпоративтік басқару жөніндегі басқарушы директор. 
2013 ж. қараша айынан қазіргі таңда – Қоғамның Басқарма Төрағасының орынбасары.

Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы
Даму жөніндегі басқарушы директор.
1963 жылы 23 қазанда туылған. Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

қызмет тізімі:

1987 ж. – Павлодар индустриялық институтын бітірген, инженер-электрик.
2002 ж. – Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетін экономист-заңгер мамандығы бойынша бітірді.
2004 ж. — ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын бітірді, мемлекеттік қызмет менеджері.
1987-1997 ж.ж. — Баянауыл аудандық электр желілерінің электр слесарі, шебері, диспетчері, бас инженері, бастығы.
1997-1999 ж.ж. — «Баянауыл аудандық электр желілері» АҚ Президенті.
1999-2004 ж.ж. – аудан әкімінің орынбасары, Павлодар облысы Баянауыл ауданының әкімшілігі.
2004-2007 ж.ж. – Электр энеретикасы  басқармасының бастығы, Энергетика және минералдық ресурстар министірлігі.
2007-2009 ж.ж. – «Северные МЭС» филиалының директоры, «KEGOC» АҚ.
2009-2011 ж.ж. – ҰЭД департаментінің директоры, «KEGOC» АҚ.
2011-2012 ж.ж. – Индустриалдық активтер басқармасының директоры, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ.
2012 ж. наурыз - 2012 ж. қараша — Қоғамның Инновациялық-технологиялық саясаты және даму департаментінің директоры.
2012 ж. қараша - қазіргі уақытқа дейін — Қоғамның Даму жөніндегі басқарушы директоры.

Платонов Сергей Викторович
«Отын, логистика және сервис» дивизионының басқарушысы.
1955 жылы 28 шілдеде туылған. Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

қызмет тізімі:

1980 ж. — Қарағанды политехникалық институтын бітірген, тау-кен инженері-механик мамандығы бойынша.
1980-2000 ж.ж. — Костенко атындағы» Қарағандыкөмір» ӨБ, участке механигі, бастықтың көмір өндіру жөніндегі орынбасары.
2000-2005 ж.ж. —  «Топаз 2000» ЖШС Шахта директоры.
2005-2008 ж.ж. — «Гефест» КӨКҚ, тау-кен өндіру департаментінің директоры.
2008-2011 ж.ж. — «Goal Trade Company» ЖШС, Жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы.
2011-2012 ж.ж. — Қоғамның «Отын логистика және сервис» департаментінің директоры.
2012 ж. қараша - қазіргі уақытқа дейін — «Отын, логистика және сервис» дивизионының басқарушысы.

Сәлімжуаров Ғани Ғалиоллаұлы
«Бөлу және өткізу» дивизионының басқарушысы.
1954 жылы 20 наурызда туылған. Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.





















қызмет тізімі:

1982 ж. — Павлодар индустриялық институтын бітірген, «Электр желілері және жүйесі» мамандығы бойынша.
1971-1972 ж.ж. – Володар ӨЭС электр монтері, Көкшетау ПЭС.
1974-1975 ж.ж. – Володар ӨЭС Көкшетау қосалқы станциясының 2 дәрежелі электр слесарі, ӘЖ бойынша 2 дәрежелі электр монтері.
1975-1978 ж.ж. – РҚА апаратурасының 4 және 3 дәрежелі электр монтері.
1978 ж. ақпан - 1978 ж. шілде — «Көкшетау» қ/ст220/110/35/10 қызметі бойынша электр монтері.
1978-1980 ж.ж. – КМӨК кезекші инженері, Көкшетау ЭТК.
1980-1981 ж.ж. – ШДҚ диспетчері, Көкшетау ЭТК.
1981-1986 ж.ж. – Володар ӨЭС аға инженері, бастығы.
1986-1989 ж.ж. – ЭТК ШДҚ диспетчері.
1989-1990 ж.ж. – Володар ЭТК бас инженерінің міндетін атқарушы.
1990-1996 ж.ж. – Көкшетау 1150 кВ электр тарату жүйеаралық кәсіпорыны бас инженерінің орынбасары, Пайдалану қызметінің орынбасары, КСРО Энергетика электрлендіру министрлігінің  «Шалғай электр берілісі» ӨБОКҚ(ОДГ) жетекші инженері.
1996-1999 ж.ж. – «Қазақстанэнерго» ҰЭЖ Ақмола жүйеаралық электр желілері филиалының бас инженері,  «KEGOC» ЭСМ АФ директоры, «KEGOC» ЭСМ ОФ директоры.
1999-2001 ж.ж.  – ЭСМ Ақмола филиалының директоры, «KEGOC» АҚ Астана қаласы.
2001-2003 ж.ж. – «KEGOC» АҚ Ұлтттық электр желілерін пайдалану департаментінің директоры, Алматы қаласы.
2003-2006 ж.ж. – «KEGOC» АҚ Күрделі құрылысты жаңғырту департаментінің директоры, Алматы қаласы.
2006-2008 ж.ж. – Күрделі құрылыс департаментінің директоры, «KEGOC» АҚ, Астана  қаласы.
2008 ж. ақпан - 2008 ж. қазан – Алматы қаласы АӨК АҚ өндіріс және даму жөніндегі Басқарма Төрағасының орынбасары.
2008-2009 ж.ж. – Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары, «Алматы Пауэр Консолидейтед»  АҚ, Алматы қаласы.
2009-2011 ж.ж. – «АЖК» АҚ Өндіріс және даму басқармасы Төрағасының орынбасары.
2011-2012 ж.ж. – «Екібастұз 2-ГРЭС» АҚ Басқармасының төрағасы.
2012 ж. ақпан - 2012 ж. қараша – Қоғамның басқрушы директоры.
2012 ж. қараша - қазіргі уақытқа дейін – Қоғамның «Бөлу және өткізу» дивизионының басқарушысы.

Мақұлбеков Рүстем Нұрланұлы
«СЭС және ҚКЭК» дивизионының басқарушысы.
1979 жылы 27 тамызда туылған. Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

қызмет тізімі:

2002 ж. – APU Cambridge, UK бітірді.
2002-2003 ж.ж. – «ҚазТрансГаз LNG» ЖАҚ өндірістік-технологиялық менеджері.
2003-2006 ж.ж. – Газ тасымалдау және маркетинг департаменті директорының орынбасары, Өндірістік-техникалық бөлімінің менеджері, Интергаз Орталық Азия ЖАҚ.
2006 ж. сәуір - 2006 ж. маусым – Өткізу жөніндегі Атқарушы директор, «АӨК» АҚ.
2006-2007 ж.ж. – «Алтыналмас» АҚ Даму жөніндегі вице-президенті.
2006-2010 ж.ж. – «Алтын тет» ЖШС басқарушы директоры.
2010 ж. тамыз - 2010 ж. қараша – «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС бас директордың Песрпективті даму жөніндегі орынбасары.
2011-2012 ж.ж. – «Астана Солар» ЖШС бас директордың коммерция жөніндегі орынбасары.
2012 ж. ақпан - 2012 ж. қараша – Қоғамның басқарушы директоры.
2012 ж. қараша - қазіргі уақытқа дейін – «СЭС және ҚКЭК» дивизионының басқарушысы.

Әуезова Мира Жақсылыққызы
Заң департаментінің директоры.
1977 жылы 7 қыркүйекте туылған. Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

қызмет тізімі:

1998 ж. – Қазақ Мемлекеттік Заң университетін бітірді.
1998-1999 ж.ж. – ҚР Әділет министрлігі заң қызметін ұйымдастыру департаментінің аға маманы.
1999-2000 ж.ж. – ҚР Әділет Министірлігі Сот қаулыларының орындалуы жөніндегі комитеттің аға, жетекші, бас маманы.
2000-2002 ж.ж. – ҚР Әділет Министірлігі Кадр жұмыстары және  аттестациялық комиссия қызметін қамтамасыз ету басқармасының бас маманы,  басқарма бастығының орынбасары.
2002-2004 ж.ж. – ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты Мемелекеттік қызмет және кадр бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2004 ж. ақпан - 2004 ж. желтоқсан – ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратының Мемелекеттік қызмет және кадр бөлімінің меңгерушісі.
2005-2006 ж.ж. – Қазақстан Адвокаттар одағының атқарушы директоры.
2008 ж. наурыз - 2008 ж. қазан – «KEGOC» АҚ Корпоративті хатшысы.
2008-2012 ж.ж. – «KEGOC» АҚ Заң департаментінің директоры.
2012 ж. ақпан - қазіргі уақытқа дейін – Заң департаментінің директоры.

Қоғам басқармасының отырыстар саны

  2013 2012 2011
Отырыстар саны 12 21 31
Күндізгі отырыстар үлесі 100% 100% 100%
Қарастырылған мәселелер саны 234 139 123

БАСҚАРМА МҮШЕЛЕРІН САЙЛАУ ӨЛШЕМДЕРІ

Сандық құрамның анықталуы, басқару өкілеттілігінің мерзімі, басқарма мүшелерін сайлау, сондай-ақ басқарма төрағасын тағайындау акционердің басқарма төрағасын тағайындау келісім шарттарымен Директорлар кеңесінің бірыңғай құзыретіне қатысты.

Директорлар кеңесі Басқарма құрамындағы лауазымдарға тағайындау және сайлау кезінде осы лауазым кандидаттары мен оларды сайлау үдерісі талаптарын анықтайтын Қоғамның ішкі құжаттары қолданылады.

Басқарма құрамындағы лауазымына кандидаттар оларға жүкетлген міндетерді тиісті орындау үшін қажет білімді, тәжірибелі және білікті болуы қажет, жағымды беделі болуы керек және директорлардың көпшілігінен мақұлдау алу қажет.

Басқарма мүшелерін сайлау және тағайындау Директорлар кеңесімен белгіленген айқын рәсім негізінде жүргізіледі.

БАСҚАРМА МҮШЕЛЕРІ ҚҰРАМЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ

2013 жылдың 10 қазанында Қоғам Директорлар кеңесінің шешімімен (№ 78 хаттама) Басқарма мүшесі Пазылхаирова Гүлбану Тәжібайқызының өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Басқарма құрамына сайланды: Мақсұтов Қайрат Берікұлы –  Басқарма Төрағасының орынбасары.

2013 жылдың 18 желтоқсанында Қоғам Директорлар кеңесінің шешімімен (№ 80 хаттама) Басқарма құрамына 9 мүше сайланды.

БАСҚАРМА ЕСЕБІ БОЙЫНША ШАРАЛАР, ҚОҒАМҒА ҚАТЫСТЫ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ПІКІРІ

Директорлар кеңесі Қоғамды басқару бойынша өзінің функцияларын іске асырады, Қоғам қызметінің стратегиялық мақсаттарын, дамудың басым бағыттарын белгілейді және негізгі бағдарларын орнатады.

Басқарма өз кезегінде, Директорлар кеңесінің барлық шешімдері мен тапсырмаларын орындайды.

Директорлар кеңесі мүшесінің пікірі, Директорлар кеңесі мүшесінің бірі консультативтік-кеңесші органның мүшесі болып табылатынын ескере отырып, Қоғамның инвестициялық-инновациялық қызметінің мәселелерін қарастыру кезінде есепке алынады.