АКЦИОНЕРЛЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
2012 жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Қоғамның «ҚазТрнасГаз» АҚ жататын №1103 акциясы «Самұрық-Энерго» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға берілді. Осылайша, қазіргі кезде «Самұрық- Энерго» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Қоғамның бірден-бір акционері болып табылады.
ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ
Директорлар Кеңесі Қоғамның «Акционерлік қоғамдар туралы» заңға және Қоғам Жарғысының акционерлер жалпы жиналысы мен атқарушы органға қатысты мәселелерді шешуден басқа қызметтеріне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады.
Қоғамның Директорлар кеңесі жеті директордан тұрады. Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелері акционерлердің жалпы жиналысында сайланады.
Корпоративтік басқарудың озық тәжірибесіне сәйкес акционерлер мен компания басшыларынан тәуелсіз, Қоғамның мүдделеріне сай объективті шешімдерді қабылдаудың кепілі болып табылатын директорлар бар болуы қажет.
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына сәйкес тәуелсіз директорлар саны Директорлар Кеңесі мүшелері санының үштен бірінен кем болмауы тиіс. Тәуелсіздік өлшемдері Қоғамның Директорлар кеңесі туралы ережелерінде, Жарғысында және заңнамаларда белгіленген.