«Самұрық-Энерго» АҚ. Жылдық есеп / 2013

ҚОҒАММЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына сай және қоғаммен өзара әрекеттесу мақсатында «Самұрық-Энерго» компаниялар Тобы демеушілік қайырымдылық көмегі іске асырылатын басым бағыттарды анықтады.

Қоғам бұл үдерісті Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік стратегиясына және Даму стратегиясына бекітті. Көмек көрсету өлшемдері қала және ауыл тұрғындарының барлығы пайдалана алатын жаңа мүмкіндіктерді құру,  сондай-ақ тұрғандардың тұрмыс сапасын жақсарту болып табылады.

Мемлекет адал бәеклестік мәселелеріне ерекше көңілмен қарайды. Бәсекелестікті қорғау агенттігі және оның өңірлік басқармасы  жосықсыз бәсекені және өндірушілер келсімін кесіп өту мақсатында нарықты тұрақты негізде бақылап отырады.

«Самұрық-Энерго» компанияларының Тобы өз бизнесін үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес жүргізуге тырысуда. Операциялық пайданың өсуі  және нарық үлесінің көбеюі адал және бәсекелестіктің арқасында жетеді. 2013 жылдың ішінде «Самұрық- Энерго» компаниялар Тобына қадағалау органынан бәсеклестәк бөгеттер жөнінде хабарлама келіп түспеді.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫСТЫ ТӘУЕКЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ БІРЛІКТЕР БИЗНЕСІН ТАЛДАУ

Саясат Қоғам қызметкерлерінің және де басқа да тұлғаларында Қоғамда сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық әрекеттердің кез-келген түрін қабылдамау туралы түсінігін қалыптастыру мақсатында жасалған.

2013 жылдың 28 наурызында (№ 71 хаттама) Директорлар кеңесі шешімімен бекітілген, «Самұрық-Энерго» корпоративтік басқаруды жетілдіру бойынша іс-шаралар жоспарының 37 пунктіне сәйкес, «Самұрық-Энерго» АҚ сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы әрекет жасау жөнінде Саясат құрылып бекітілді («Самұрық-Энерго» АҚ ДК шешімі, 09.09.2013 ж. № 77 хаттама).

Саясат Қоғам қызметкерлерінің және де басқа да тұлғалардың Қоғамда сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық әрекеттердің кез-келген түрін қабылдамау , сондай-ақ Қоғамды сыбайлас жемқорлық қызметке тарту және алаяқтық қатерді азайту. Саясатта сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы әрекеттердің негізгі қағидаттары орнатылған, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықты және онымен күресу, оның салдарын жоюды ескертутің ұйымдық және басқармалық негіздері орнатылған.

Саясат Ережесі Қоғамның лауазымды тұлағаларына, қызметкерлеріне және оның еншілес ұйымдарына, сонадй-ақ келісімдік қарым-қатынас шеңберінде жұмыс жасайтын үшінші тұлағалар — контрагенттерге жайылады (аудиттер, кеңесшілер).

Саясат мазмұнында тағайындауды, қолдану аймағын, бекіту, жауапкершілік, сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы әрекет жасаудың негізгі қағидаттары, сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық заң бұзушылықтың түрлері, іске асыру әдістері, сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы әрекет жасау саласында бірігіп әрекеттесу, сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы әрекет жасаудың негізгі бағыттары, сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықты алдын-алу шаралын ескеру бөлімдері бар. 

ЖОҒАРЫДА КӨРСЕТІЛГЕН САЯСАТТЫ ІСКЕ АСЫРУ МАҚСАТЫНДА 30.09.2013 ЖЫЛЫ «САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ ЖАСАУ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛГЕН. ЖОСПАРДЫ ОРЫНДАУ ШЕҢБЕРІНДЕ КЕЛЕСІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛДІ:

  1. 2013 жылдың қыркүйек айында «Самұырқ-Энерго» АҚ лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері Саясатпен танысты және АРБД танысу жөнінде жазбаша растау ұсынды. Бұдан басқа, АРБД қайта қабылданушы қызметкерлерді Саясатпен таныстыруды тұрақты негізде жүргізеді;
  2. 19.09.2013 ж. Қоғам қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы әрекет саясатын қолдану саласында дәріс жүргізілді. Дәрісті Қаржы полициясы Академиясының сот өндірісіне дейінгі және қылмыстық құқық кафедрасының доценті, з.ғ.к., қаржы полициясының капитаны Филипец Оксана Борисовна оқыды. Қорытынды бойынша баспасөз парағы дайындалды және Қоғамның web-сайтында жарияланды;
  3. 2013 жылдың қыркүйек айында Саясаттың мәтіні «Самұрық-Энерго» АҚ web-сайтында жарияланды;
  4. 2013 жылдың 10 қазанында Саясат ЕТҰ-ға ұқсас Саясатты дайындау және бекіту үшін бағытталды.
  5. «Самұрық-Энерго» АҚ-да сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы әрекет жасау бойынша Ескертпе Қоғамның барлық құралымдық  бөлімшелеріне жасалынып жіберілді;

Бұдан басқа, «Самұрық-Энерго» АҚ және ЕТҰ жұмысшылары мен лауазымды тұлғаларына қатысты сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық таныту факты бойынша БАҚ-ғы жағымсыз басылымдардың мониторигі тұрақты негізде өткізіліп жатады.

2013 жылдың қорытындысы бойынша  «Самұрық-Энерго» компаниялары Тобында сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық фактілері байқалмады.

Саясат Ережесі Қоғамның лауазымды тұлағаларына, қызметкерлеріне және оның еншілес ұйымдарына, сонадй-ақ келісімдік қарым-қатынас шеңберінде жұмыс жасайтын үшінші тұлағалар - контрагенттерге жайылады (аудиттер, кеңесшілер).