«Самұрық-Энерго» АҚ. Жылдық есеп / 2013

ЕҢБЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

«Самұрық-Энерго» компаниялары Тобының негізгі мақсаттары өнімділік деңгейін арттыру, еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрарлық сыйақы ұсыну болып табылады.  

Осы мақсаттар акционерлер, қызметшілер және жергілікті ұйымдар алдында әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын ұстануды көрсетеді. «Самұрық-Энерго» компаниялары Тобы қызметкерлерінің лауазымдық қызметақылары қызметтердің біліктілігіне және орындалатын жұмыстың күрделілігіне байланысты бекітілген штаттық кесте бойынша белгіленеді.

«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНЫҢ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІ КЕЛЕСІ ҰСТАНЫМДАРДАН ҚҰРЫЛАДЫ:

  • Жеке қызметтердің, құрылымдық бөлімшелер қызметтерінің тиімділігін арттыру жолымен Қоғам мақсаттарына жетуіне және ұйымның стратегиялық мақсаттарына жетуіне қызметкерлердің себептесуі;
  • Өңірлік ерекшелік және бизнес өзгешелігі есепке алынған еңбек нарығындағы әлеуметтік пакеттің бәсекеге қабілеттілігі;
  • Мөлдірлік (айқындық) — құпиялылықты сақтау кезінде сыйақы  деңгейі мен құрылымын қалыптастыру ұстанымдарын барлық қызметкердің түсінуін қамтамасыз ету;
  • Еңбек ақы төлеу жүйесінің қолданыстағы заңдарға сәйкес келуі;
  • 2013 жылы Қоғам компаниялары Тобының кәсіпорындарындағы қызметкерлердің орташа еңбек ақылары 2012 жылғыға қарағанда, 6,8 % - 128 278 теңгеден 136 981 теңгеге дейін өсті. Өндірістік қызметкердің орташа еңбек ақысының өсуі 2013 жылы 119 486 теңгеден 125 333 теңге дейінгі шамада болды.

Әлеуметтік көрсеткіштер*

Атауы Өлшем бірлігі 2010 2011 2012 2013 2015 (жоспар)
Қызметкерді тарту дәрежесі
%
-
-
-
63
68
Кадрлардың жыл сайынғы тұрақтамауы
%
%
8
8
10,1
10
Өндірістегі оқыс оқиғалар саны, (мың адам)
Саны/1000 адам.
1,18
1,49
0,85
0,48
жоқ
Тауарлар сатып алудағы жергілікті қамту үлесі
%
62
70
64
74
65
Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді, сатып алудағы жергілікті қамту үлесі
%
57
87
73
65
76
* Болжамдық мәліметтер (2013-2015 жоспары) «Самұрық-Энерго» АҚ 2012-2022 жылдардағы даму стратегиясына сәйкес ұсынылған
ҚОҒАМ БОЙЫНША ЕҢ АЗ ЕҢБЕК АҚЫ КӨЛЕМІ 2013 ЖЫЛЫ
56 824
ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ

ҰЙЫМ ҚЫЗМЕТІНЕ ТӘН ӨҢІРЛЕРДЕГІ БАСТАПҚЫ ДЕҢГЕЙЛІК СТАНДАРТТЫ ЕҢБЕКАҚЫ МЕН БЕЛГІЛЕНГЕН ЕҢ ТӨМЕНГІ ЖАЛАҚЫ АРАСАЛМАҒЫНЫҢ АУҚЫМЫ

Қоғам, оның еншілес және тәуелді ұйымдары жыл сайын қатысатын өңірлерде еңбек нарығы мониторингін өткізеді де, алынған мәліметтер негізінде қызметкерлердің еңбек ақы мөлшерлеріне түзету енгізеді. Қоғам бойынша ең аз еңбек ақы көлемі 2013 жылы 56 824 теңгені құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 7% асады. 2013 жылғы ең аз еңбекақы көлемі Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» заңына сәйкес 18 660 теңгені құрады.

БІЛІК-ДАҒДЫЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

Қоғамның 2012-2020 жылдардағы Даму стратегиясына сәйкес электр энергиясының бұрыннан бар  қуаттарын жаңарту, оңтайландыру, қайта құру және жаңа қуаттар құру, жаңартылатын энергия көздерінің әлеуетін дамыту бойынша ірі жобаларды, іске асыру қарастырылды.

Осыған байланысты Қоғамда қызметкердің кәсіби білік-дағдыларын дамыту жүйесі  құрылған және әрекет етуде. Жүйе энергетика саласының  қысаң ерекшеліктеріне арналған оқу бағдарламаларын көрнекті құралдар, макеттер, тренажерлер қолдану арқылы іске  асруға  құрылған. Оқыту ұйым аумағында немесе ішкі корпоративтік оқу орталықтарында жүргізіледі:

«Алматы электр желілері» АҚ - Оқу орталығы бар, онда қызметкерді оқыту бойынша қызметтер үйлестіріледі,  дайындықтар, қайта дайындаулар жүргізіледі, негізгі энергетика кәсіптері бойынша біліктілік жетілдіру курстары, сондай-ақ қауіпті өндірістік нысандарды пайдалану ісін  жүзеге асыратын қызметкерлер үшін корпоративтік семинарлар ұйымдастырылады;

«Алматы Жарық Компаниясы» АҚ — 6 оқу-жаттығу полигоны бар, оларда кәсіптілік шеберлікті жетілдіру, жөндеу-пайдалану жұмыстарын орындаудың озық әдістері мен тәсілдерін насихаттау және тарату, озық технологияны,  жаңа құрылғылар мен құрал-жабдықтарды енгізу курстар жүргізіледі;

«Богатырь Көмір» ЖШС — оқу-курс комбинаты бар, қазіргі талаптарға сай жасалған, қызметкерлерді қауіпсіздік және еңбек қорғау мәселелері бойынша оқытуға, сондай-ақ білімін тексеруге арналған. Оқу курс комбинатында тау көлігі жабдықтары және машиналары, темір жол көлігі, жүк көтергіш машиналар, слесарлық және электр монтаж ісі, еңбек қорғау кабинеттері бар және жақсы жабдықталған.

Корпоративтік оқу орталықтарында оқыту меншікті немесе сыртқы оқытушыларды тарту арқылы нақты ұйым үшін ерекше мәселелерді шешуге құралады.

Қызметкерлердің кәсіптік даму базасын қалыптастыру мақсатында «Алматы электр желілері» АҚ базасында қазіргі уақытта жаңа замнағы оқу орталығын құру жобасы іске асырылуда. Қазіргі кезде сол оқу орталығының құрылысы бойынша техникалық-эконмикалық негіздеме жасалып жатыр.

Нәтижелілігі мен мансабының өсуіне мерзімді бағалау жүргізілетін қызметкерлердің үлесі

Көрсеткіш Мән Өлшем бірлігі
1
Қызметкерлердің жыл соңындағы жалпы саны
23 532
адам
2
Нәтижеліліктің ресми бағалануынан өткен қызметкерлердің саны
1 913
адам
3
Нәтижеліліктің ресми бағалануынан өткен қызметкерлер үлесі
8
%


2014 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялары Тобының  қызметкерлерін әлемдегі ең жеткші компания - Франция ұлттық операторы — Electricite de France базасында стажировкадан өткізуді ұйымдастыру жоспарлануда. Ұйым старжировкасының тақырыптары ұйымдастыру тәжірибесін оқу және Smart Metering & Smart Grid жүйесін енгізу болып табылады. Аталған компания оқыту бағдарламаларын жасау және дәріскер ретінде тәжірибелі сарапшыларды ұсыну бойынша әріптес ретінде қарастырылды.

Қоғам қызметкердің кәсіптік даму жүйесін дамыта және жетілдіре отырып, Қазақстан Республикасының  кәсіптік және техникалық білім беру жүйесін жаңарту  үдерісіне көп көңіл бөледі: Қазақстан Республикасы Ұлттық біліктілік жүйесін құру үдерісіне сарапшы ретінде (электр энергетикасы бойынша кәсіптік стандарттарға сараптама жасайды, біліктілік, кәсіптілік стандартттар бойынша әдістемелік базаларға сараптама жүгізеді) және келесі білім  беру мекемелерімен :

  • Алматы мемлекеттік экономика және электрондық технология колледжімен бірге, «Автоматиканы және 3-4 разрядты өлшеу құралдарына қызмет көрсету бойынша электр слесары» мамандығы бойынша;
  • «К.Пішімбаев атындағы Екібастұз № 18 кәсіптік лицейі» мемлекеттік мекемесімен «Жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету бойынша слесарь» мамандығы бойынша қос нұсқалы оқыту бағдарламаларын іске асырады.

Қоғамынң мақсаттарына тиімді түрде жету үшін «Самұрық-Энерго» компаниялары Тобында қызметкердің нәтижелігін бағалау жүйесі енгізілді. 2013 жылы «Самұрық-Энерго»  компаниялары Тобы қызметкерлерінің 8% нәтижеліктің ресми бағалауынан өтті.

ӘР ҚИЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР

Қоғам барлық қызметтерге еңбек ету үдерісінде  өз әлеуметтерін іске асыруы үшін тең мүмкіндіктер беруге, олардың нәтижелерін шын және әділ бағалауға, қызметкерлерді кәсіптік біліктілігі, білімі және білік-дағдылары негізінде іріктеу және қызмет сатысымен жылытуға тырысады.

Ұйым қызметшілерінің жынысы және жас-мөлшері бойынша топтастырылағн құрамы, азшылық өкілдіктері, сондай-ақ әр қилылықтың басқа да көрсеткіштері келтірілген

Көрсеткіш Қызметкерлер Үлес
Жынысы
23 532
-
Ерлер
17 133
73%
Әйелдер
6 399
27%
Жас-мөлшерлік топтары
2 532
-
30 жасқа дейін
5 796
25%
30-дан 50 жасқа дейін
10 589
45%
50 жастан асқан
7 147
30%

Тобының басқарушы органдары

Көрсеткіш Үлес
Жынысы
-
Ерлер
83%
Әйелдер
17%
Жас-мөлшерлік топтары
-
30 жасқа дейін
11%
30-дан 50 жасқа дейін
51%
50 жастан асқан
38%

ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТАР

«Самұрық-Энерго» компаниялары Тобында көп жағдайда ұжымдық шарттар әрекет етеді, бұл шарттарда жұмыскер мен жұмыс берушінің әлеуметтік әріптестік шеңберіндегі өзара қатынасы, тараптардың өзара жауапкершіліг белгіленеді, жұмыскердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған кепілдер мен қосымша жеңілдіктер беру қарастырылады.

Шарттарда белгіленген міндеттемелер тиянақты орындалады. Әлеуметтік-еңбек дауларын реттеу мәселелері жөніндегі қостарапты комиссия жүйелі түрде жұмыс істейді.

2013 жылы Қоғам және оның өкілі қайта құрылған «Энергетиктер кәсіподақтарының федерациясы»  Қоғамдық бірлестігі болып табылатын еңбек ұжымы арасында ұжымдық шарт жасалды және бектілді.

Ұжымдық шарттардың жасалуы ҚР Еңбек Кодексінің 282-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Ұжымдық шарттар кәсіподақтардағы жұмыс тәжірибесі 10 жылдан 35 жылға дейін жететін, кәсіподақ комиттеттері төрағаларының қатысуымен жетілдіріледі. Ұжымдық шарттардың жасалуы алдында заң сараптамасы жүргізіледі.

Ұжымдық шарттармен қамтылған қызметкерлердің үлесі

Көрсеткіш Мән Өлшем бірлігі
1
Қызметкерлердің 2013 жыл соңындағы жалпы саны
23 532
адам
2
Соның ішінде, 2013 жылы ұжымдық шарттарымен қамтылған қызметкерлердің саны
22 422
адам
3
Ұжымдық шарттармен қамтылған қызметкерлердің жалпы санының үлесі
95,3%
%

ҰЙЫМ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ЕЛЕУЛІ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТУДІҢ ЕҢ АЗ КЕЗЕҢІ

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 48-бабы, 2 тармағына сәйкес Қоғам және оның ЕТҰ басшылығы  жұмыскерге немесе оның өкілдеріне еңбек жағдйларының  өзгерістері туралы хабарды бір айдан кешіктірмей,  жазбаша түрде ескертеді. Осы тармақ ұжымдық шарта белгіленген және «Самұрық-Энерго» компаниялары тобының әр ұйымында бұлжытпай сақталады.

Еңбек қорғау және қауіпсіздік

  2013 2012
Жұмыс істелген сағаттардың жалпы саны
39 940 436
32 519 397
Зақымданушылардың жалпы саны
12
19
Өндірістік зақымданушылық коэффиценті (ӨЗК)
0,06
0,117
Кәсіптік ауру жағдайларының жалпы саны
0
0
Кәсіптік ауру жағдайларының коэффиценті (КЖК)
0
0
Жоғалған күндердің жалпы саны
1 247
1 185
Жоғалған күндердің коэффиценті (ЖКК)
6,24
7,29
Ажалды оқиғалармен біткен бақытсыз жағдайлардың саны
0
3

ЕТҰ -ДА ӨНДІРІСТЕГІ БАҚЫТСЫЗ ЖАҒДАЙЛАРДЫ БОЛДЫРМАУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАТЫН ШАРАЛАР

Қоғам ЕТҰ-да 2013 жылы өндірістік зақымданушылық көрсеткіштері 2013 жылғымен салыстарғанда, едәуір төмендеді.

Өндірістік зақымданушылықты төмендету және болдырмау үшін барлық ЕТҰ келесі шарларды қолданады:

  • Бақыстыз жағдайлардың себеп-салдары барлық қызметкерлерге мәлім етіледі;
  • Барлық өндірістік қызметкерге жоспардан тыс нұсқама жүргізіледі.
  • Бақытсыз жағдай болып өткен кәсіпорындардың жұмыскерлеріне еңбек қорғау және  қауіпсіздік бойынша нұсқама жүргізіледі, олардың  ТПЕ (техникалық пайдалану ережелері), ТҚЕ (техникалық қауіпсіздік ережелері) білімдеріне жоспардан тыс тексеру өткізіледі;
  • Ай сайын кәсіпорынның бірінші басшыларының қатысуымен Техника қауіпсіздік күні өткізіледі. Өткізілген Техника қауіпсіздігі күндерінің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтары жою жөнінде іс-шаралар жасалады;
  • Еңбек қорғау және қауіпсіздік қызметтері жабдықтарды, ғимараттар мен орынжайларды,  жұмыс орындарын кешенді тексеруді ұйымдастырады. Кешенді тексерулер нәтижесінде орындау мерзімі мен жауапты тұлғалары белгіленген іс-шаралардың жоспары жасалады;
  • Барлық өндірістік қызметкерлерді Еңбек қорғау және  қауіпсіддік мәселелері бойынша оқыту мен тексеру ережелеріне сәйкес оқыту жүргізіледі;
  • ЕТҰ барлығында жөндеу компаниясы алдында құрылымдық бөлімшелердің наряд беру құқығы бар, өндірістік жұмыстарға жеткші бола алатын, бригаданың өндірістік жұмысқа дұрыс жіберілуі мен нарядтың рәсімделуі жөніндегі практикалық сабақыт өткізе алатын инженер-техник қызметкерлермен семинар-кеңестер өткізіледі;
  • Бес жылда бір рет кәсіпорындарда еңьек шарттары бойынша жұмыс орындарының аттестациясы жүргізіледі;
  • Тозығы жеткен  және өндіріістік қызметкер үшін шын қауіпті жабдықтарды жоспарлы түрде ауыстыру жүзеге асырылады;
  • Өндірістік зақымданушылықтың әр жағдайы Қоғамынң Директорлар кеңесінің, ЕТҰ қадағалу кеңесінің отырыстарында қарастырылады;
  • Қоғамынң барлық ЕТҰ-да «Денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті OHSAS-18001 жүйесінің» халықаралық стандартарына енгізу жүргізіледі.
Қоғамынң барлық ЕТҰ-да «Денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті OHSAS-18001 жүйесінің» халықаралық стандартарына енгізу жүргізіледі.

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ, ОЛАРДЫҢ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРҒА АУЫР СЫРТҚАТТАРҒА ҚАТЫСТЫ КӨМЕК КӨРСТЕУ ҮШІН ТӘУЕКЕЛДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫ БАҚЫЛАУ, КЕҢЕС БЕРУ, ОҚЫТУ, БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ҚОЛДА БАРЫ

Қызметкерлердің кәсіби даму базасын дамыту мақсатында қазіргі кезде «Алматы электр станциялары» АҚ базасында жаңа заманауи оқу орталығын құру бойынша жоба іске асырылуда.

Қазақстан Республикасы Үкіметі-нің 2012 жылы 25 қаңтарда № 166 «Зиянды өндірістік факторлар, мамандық-кәсіптер, оларға жүргізілетін медициналық тексерулер тізімін, міндетті медициналық тексерулер жүргізу ережелерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес «Самұрық-Энерго» компаниялары Тобы алдын алу және  мерзімді медициналық тексеруден өтеді. 

Медициналық тексеруді денсаулық бойынша кәсіптік жарамдылықты бағалау жөніндегі медициналық қызметтерді жүзеге  асыруға рұқсаты бар денсаулық сақтау институттары жүргізеді. 

Алдын алу және мерзімдік медициналық тексерулердің нәтижелері бойынша комиссия  қызметкерді сауықтыруға бағытталған, соның ішінде, стационарлық тексеру мен емдеуден өту, санаториялық-курорттық емдеуге және санаторий-профилакторий орындарына жіберу жөнінде іс-шаралар кешенін ұсынады.

Сонымен бірге, жоғарыда көрсетілген Қаулыға сәйкес қызметкерлердің белгілі бір тобы ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтеді.

Қызметкерлер арасындағы сырқаттану деңгейін төмендету мақсатында ағартушылық жұмыстары жүргізіледі. 2013 жылы «АЖК» АҚ-да денсаулық сақтау пунктінің қызметкерлері бекітілген жылдық жоспарға сәйкес қызметкерлерге әлеуметтік-мәнді аурулардың таралуымен күресу тәсілдері (ЖИТС (СПИД), туберкулез, вирустық гепатит) тақырыбында семинар өткізді.

«Самұрық-Энерго»  компаниялары тобын өз қызметкерлеріне ретті негізде вакциналау жүргізеді, сондай-ақ аурудың алдын алу мақсатында иммунитетті қолдаудың жаңа формаларын қолданады.

Құлақ мүкістігі, жүреектің ишемия аурулары және гипертония сияқты аурулар едәуір болатын нмесе көп ұшырайтын жағдайларда істейтін қызметкерлер

  Саны
«АлЭС» АҚ
2 472
«Актөбе ЖЭО» АҚ
281
«Богатырь Көмір» ЖШС
5 105
«Екібастұз Станция ГРЭС-2» АҚ
1 071
«Т.И. Батуров атындағы ЖГРЭС» АҚ
318
«Шардара ГЭС» АҚ
119
«МЭБК» АҚ
25
«АЖК» АҚ
164
«ШҚ АЭК» АҚ
744
«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС
917
«Самұрық-ЭнергоСтройСервис» ЖШС
51
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС
0

ЕТҰ бәрінде зиянды және қауіпті жағдайларда жұмыс істейтін қызметкерлердің жағдайларын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары жасалды.

Мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдарда жұмыс істейтін жұмыскердің денсаулық сақтауы мен қауіпсіздігіне қатысты саясат және талаптар

«Самұрық-Энерго» тобының әр компаниясы мердігерлік және  қосалқы мердігерлік ұйымдарды іріктеу кезінде өзінің ішкі құжаттарымен, сондай-ақ ҚР Заңымен сәйкес қабылданған қауіпсіздік саласында және еңбекті қорғау құжаттарымен жетекшілік етеді. 

Мұндай құжаттардың үлгісі болып табылатындар: «ҚР Электр станциясы мен жылу желілерінің жылу механикалық жабдығын пайдалану кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесі» және «ҚР электр орнатқыларын пайдалану кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесі». 

«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНЫҢ МЕРДІГЕРЛІК ЖӘНЕ ҚОСАЛҚЫ МЕРДІГЕРЛІК ҰЙЫМДАРЫ ІРІКТЕУ ЖӘНЕ ЖІБЕРУ КЕЗІНДЕ ҚОЯТЫН КЕЙБІР ТАЛАПТАР:

  • Мердігердің немесе қослақы мердігердің жеке базасы болуы;
  • Біліктілік талаптары және жұмыс тәжірибесі;
  • Сынаудан өткен көлік құралдары (автокран, жүк көтергіштер мен жүргізушілердің бар болуы)
  • Рұқсат қағаз немесе сертификаттың бар болуы;
  • Жүргізілетін жұмытың қауіпсіздігіне жауапты тұлғалардың тізімі;
  • Белгісі бар Біліктілік куәлігінң бар болуы:
  • ТПЕ, ТҚЕ, ОҚЕ білігі бойынша тексеруден өткені туралы;
  • Мемлекеттік қалалық техникалық қадағалау ережелері бойынша тексеруден өткені туралы;
  • Арнайы ережелерін білу бойынша тексеруден өткені туралы;
  • Медициналық тексеруден өткені туралы;
  • ЕК, ҚТ, және ҚОҚ бойынша саясаттың бары;
  • ЕК, ҚТ, және ҚОҚ бойынша саясатты орындауы және мониторинг өткізуі;
  • Жеткізілген жабдықты Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсаттың болуы.

ЕҢБЕК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ТИІСТІ ОҚЫТУДАН ӨТКЕН МЕРДІГЕР ЖӘНЕ ҚОСАЛҚЫ МЕРДІГЕР ЖҰМЫСКЕРЛРЕДІҢ ПАЙЫЗЫ

Мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдар жұмыс орынына жіберірер алдына міндетті түрде «Самұрық-Энерго» Тобы компанияларына сәйкес еңбек қорғау  және қауіпсіздік қызметі жүргізілетін кіріспе нұсқамалықтан өту керек. егер мердігер қызметкері кіріспе нұсқамалықтан өтпеген жағдайда,  ол  кәсіпорынға жіберілмейді. Осылайша, «Самұрық- Энерго» компаниялары Тобына қызмет көрсететін мердігерлік және қосалқы мердігерұйымдардың бәрі еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша оқытудан өтуі тиіс.

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІ ЖОСПАРЛАУ, АПАТТЫ, ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДА ҚОРҒАНУДЫ ҮЙРЕТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ІС№ШАРАЛАРЫ ЖОСПАРЫ ЖӘНЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Кез келген өндірістік іс-қимылдарда оқиғалар туындататын тәуекелдер бар, олар Қоғамның өзіне, оның қызметкерлеріне және сол сияқты экологияға тұтасымен зиян келтіру мүмкін. Мұндай оқиғалар туындаған жағдайда «Самұрық-Энерго» компаниялары  Тобының  олардан келер қатерді сейілтуге және қызметкерлерді қорғауға бағытталған бағдарламасы бар.

Мұндай бағдарламалар «Азаматтық қорғаныс туралы» және «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай туралы» ҚР Заңнамасына сәйкес жасалған және ЕТҰ қызмет орнындағы өкілетті органмен бекітіледі. ЕТҰ. Төтенше жағдай (ТЖ) бойынша бағдарламаларына енгендер:

  • Бейбітшілік және соғыс уақытына Азаматтық қорғаныс (АҚ) жоспары;
  • АҚ құрылымын, басқарма құрамын және басқа да жеке құрамдарды (қызметкер) дайындау жоспары;
  • АҚ жеке құрамын дайындауға арналған оқыту бағдарламалары, сондай-ақ, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай кезіндегі әрекеттер бойынша АҚ құрамына кірмейтін компания кықзметкеріне арналған оқыту бағдарламалары.

Бекітілген бағдарламалар мен тақырыптамалар бойынша  АҚ құруға командалық-басқарушыны және жеке құрамды, сондай-ақ, компанияның басқада жұмысшы және жеке құрамдарын келесі бағыттар бойынша оқыту іске асырылуда:

  • Штаттан тыс жағдайларға әрекет жасау;
  • Өндіріс апаттары және басқада ТЖ оқшалау кезінде АҚ мамандандырылған құрылыммен әрекеттесі тетегін істеп өтеу;
  • Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ салдарын жою, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу.
Атап айтқанда, ішкі тренингтер мен оқуларға қатысудан бөлек, «Самұрық-Энерго» Компаниялар тобы ЕТҰ-лары қатысатын қалалардағы ТЖ департаменттерінің жанындағы даярлау және оқыту орталықтарымен тығыз өзара байланыс жасайды.  

Осы бағдарламалар және бекітілген іс-шаралар жосапры негізінде, «Самұрық-Энерго» компания Тобының барлық қызметкерлерін кезеңдік оқыту жүргізіледі. Бұл ретте басым маңыздылық «Самұрық-Энерго» компаниялар Тобының ТЖ нысандарына тән сиппаттағы оқу мәселелері бойынша жұмыс істеуге беріледі. Тәжірибелік қабіллеттр мен төтенше жағдайларда әрекет жасау, қорғау ептілігін үйрену үшін барлық үйренуші санаттары, ЕТҰ бар ТЖ Департаменті ұйымдастыруымен өтетін әр санаттағы сабақтар мен жаттығуларға тартылады. Көбінесі, ішкі тренинг және үйренуге қатысудан басқа «Самұрық-Энерго» компаниялар Тобының ЕТҰ ТЖ Департаментінің дайындау және оқыту орталықтарымен тығыз әректтеседі.

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЗАҚЫМДАНУЫ МЕН ҚАТЕРЛІ ОҚИҒАЛАР САНЫ, АУРУЛАРҒА ЖАТҚЫЗЫЛАТЫН ТҮРЛЕРІ, ҚАРАСТЫРЫЛУДА ЖАТҚАН СОТ ШЕШІМДЕРІ, РЕТТЕУ ЖӘНЕ СОТ ІСТЕРІ

Электрді қолдану артықшылығымен қатар, тұрғындардың қатысуымен сәтсіз оқиға мен жанжалдарға әкеліп соғатын қауіп-қатерлер бар. 

Бұл оқиғалар негізінде электр жабдығының жұмысына рұқсатсыз араласуынан және электр беру желілерімен абайсыз байланысуларымен байланысты. 

Әр сәтсіз оқиға фактілері бойынша тұрғындармен қызметтік тергеу жұмыстары жүргізіледі. ЭЖБ қорғау аумағында электр тоғын ұруынан сақтандыруды арттыру бойынша іс-шаралар жасалуда. Жергілікті басқару орган қызметкерлері және БАҚ шақырып, ЭЖБ жанындағы сақтандыру шарасы және электр тоғының қауіптілігін халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілуде:

  • 2011 жылы ажалдық оқиғамен 1 жағдай болды. 04 қараша 2011 жылдан қызмтеттік тергеу актісі жасалды;
  • 2012 жылы  ажалдық оқиғамен 4 сәтсіз жағдай болды – 2012 жылы 2 наурыз, 3 сәуір, 14 сәуір және 26 маусым;
  • 2013 жылы 9 сәтсіз оқиға болды, оның 6-уы ажалдық оғиқа. Бұл оқиғалар 2013 жылдың 30 сәуіпінде, 3 мамырда, 29 мамырда (2), 10 маусымда, 14 маусымда, 29 маусым, 31 маусымда орын алды.