ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІ
ҚЫЗМЕТ МАҚСАТЫ, САНДЫҚ ҚҰРАМ, ФУНКЦИЯЛАРЫ:
Ішкі аудит қызметі Директорлар кеңесіне және Басқармаға Қоғамның стратегиялық мақсаттарына жету міндеттерін орындау жағынан септігін тигізеді.
Ішкі аудит қызметінің негізгі мақсаты – тәуекелдерді басқару, корпоративтік басқару және ішкі бақылау жүйелерін жетілдірудің жүйелік тәсілдемесін енгізу жолымен Қоғамның нәтижелі басқаруын қамтамасыз ету үшін Директорлар кеңесіне тәуелсіз және объективті ақпарат беру.
Ішкі аудит қызметінің басшысы мен қызметкерлерін Директорлар кеңесі тағайындайды. Ішкі аудит қызметіне Қоғам директорлар кеңесінің аудит жөніндегі комитеті жетекшілік жасайды.
2013 жылы Ішкі аудит қызметінің сандық фактісін 7 адам құрады. Қызмет басшысы — Сейдіғалиева Ақмарал Кәкімқызы.
Ішкі аудит қызметі халықаралық кәсіби стандарттар қағидаттары негізінде өз қызметін атқарады.
ЕСЕПТІК МЕРЗІМ КЕЗІНДЕГІ ЖОСПАРДЫ ОРЫНДАУ :
Есептік жылы Ішкі аудит қызметі Қоғамның Корпоративтік орталығының құрылымдық жеті бөлімшесі мен тоғыз ЕТҰ-ның қызмет аудитін өткізді.
АУДИТ КЕЛЕСІ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРМЕН ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ:
- Сатып алу ережелер талабын сақтау;
- Инвестициялық жобаларды іске асыру;
- ҚР бюджетінен бөлінген ақшаларды, қарыздар және қаражаттарды басқару;
- ҚР Заңнама талаптарын ұстану, соның ішінде табиғи монополия мен нарықты реттеу, бәсекелсестік туралы;
- Еңбекті қорғау және қауіпсіздік;
- Жоспарлау және бюджеттеу.
Қызмет Қоғамның ішкі бақылау жүйесі мен тәуекелдерін басқарудың корпоративті жүйесінің нәтижелік бағасы және корпоративтік басқару диагностикасын өткізді. Сондай-ақ кейбір ЕТҰ-да корпоративтік басқару диагностикалары өтті.
Қызметтің берген ұсыныстары корпоративті басқару, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау басқармасы жүйесін жетілдіруге бағытталған.
ІАҚ және оның басшысының қызмет бағасын өткізу үдерісі.ІАҚ мен оның басшысының қызметінің нәтижелілігі Қоғам ДК-мен белгіленген және ДК Аудит жөніндегі комитеті шешімімен мақұлданған әдістеме бойынша тоқсан сайын бағаланады.
ІАҚ іс-қимылдар бағасының нәтижесі.
Қызметтің іс-қимылдары 2013 жыдың қорытындысы бойынша Қоғам Директорлары кеңесімен «Нәтижелі» деп бағаланды.