Нарық шолуы
ҚР БЭЖ бойынша «Самұрық- Энерго» АҚ Еншілес және тәуелді ұйымдарының өнім өткізуі (электр энергиясының көтерме және жеке нарығы, жылу энергиясының жергілікті нарықтары) мен қызмет көрсетуінің негізгі нарықтары:
СОЛТҮСТІК АЙМАҚ – Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағвнды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Астана қаласы. Солтүстік аймақта Қазақстандағы жалпы өндіріс көлемінің 80% электр энергиясы өндіріледі. Бұлай болатыны, Қазақстандағы негізгі көмір шығару орындары мен су энергетикалық ресурстары Солтүстік аймақта жатыр, мұның өзі электр энергиясын өндіруді едәуір арзандатады. Электр энергиясының артылғаны энергияға зәру Оңтүстік аймаққа беріледі және Ресейге экспортталады.
ОҢТҮСТІК АЙМАҚ – Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы. Бұл аймақ электр энергиясының тапшылығымен және оның бағасы жоғары болуымен сипатталады. Тапшылық электр энергиясының Солтүстік аймақтан және Орталық Азиядан берілуі есебінен өтеледі.
БАТЫС АЙМАҚ – Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары.Батыс облыстар мұнай мен газ саласындағы көптеген жобаларға ие. Көмірсутекті шикізаттың едәуір қорына қарамастан, электр энергиясына қажеттіліктің бір бөлігі Ресей импорты есебінен өтеледі. Келешекте жеке қажеттілікті толығымен өтеу, сондай-ақ энергияны шетке экспортқа шығару үшін өңірде жаңа энергия өндіру қуаттарын құру жоспарлануда.