«Самұрық-Энерго» АҚ. Жылдық есеп / 2013

Қоғамның Басқарма Төрағасының арнау сөзі

Сәтқалиев Алмасадам
Майданұлы

«Самұрық-Энерго» АҚ
Басқарма Төрағасы
Құрметті оқырмандар!
2013 жыл компания үшін табысты жыл болды. Үкімет тарапынан және Ұлттық әл-ауқат қоры акционері тарапынан қолдау «Самұрық-Энерго» Акционерлік қоғамының ел басшылығы қойған міндеттерді тиімді шешуіне жағдай жасады.

Ағымдағы жылы компанияның инвестициялық қоржынында 13 жоба бар болды, олардың іске асырылуы электр қуатының тапшылығын жабуға септігін тигізеді және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа мүмкіндіктерін туғызады. Солардың ішінен 6 жоба ҮИИДМБ және индустриалдандыру картасы шеңберінде іске асырылуда.

Аяқталғандарының қатарында мыналар бар: қуаты 300 МВт «Мойнақ ГЭС-і» пайдалануға енгізілді, қуаты 500 МВт «Болат Нұржанов атындағы ЖШС Екібастұз ГРЭС-1» 8-ші энергоблок қалпына келтірілді. Samsung C&T и KEPCO корейлік консорциуммен бірігіп іске асырылатын Балқаш ЖЭС-і құрылысының жобасы бойынша жұмыс жүргізілуде.

Компания үшін «жасыл» экономиканы дамыту жөніндегі жоспарларға сәйкес энергия теңгеріміне энергияның жаңартылатын көздерін - орта және шағын су электр станцияларын, жел парктерін, күн электр станцияларын тарту басымдық болып табылады. Алматы облысының Қапшағай қаласында салынған, алғашқы өнеркәсіптік күн электр станциясының жұмысына 20 желтоқсандағы жалпы ұлттық телеарна барысында старт берілді. Келешекте оның қуатын 2-ден 100 МВт дейін ұлғайту жоспарлануда. 2014 жылы компания Ерейментау жел электр станциясын пайдалануға бергелі отыр, бұл алдағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде энергиямен жабдықтау бойынша көрсетілетін негізгі нысан болады. Бастапқы кезеңде оның куаты 45 МВт құрайды, кейінірек 300 МВт дейін жеткізіледі.

Келесі кезекте — 300 МВт дейін ұлғайтыла алатын «Шелек дәлізіндегі жел электр станциясы құрылысының» жобасын, «Кербұлақ ГЭС-і құрылысының» жобасын, сондай-ақ Шелек, Көксу өзендеріндегі шағын су электр станцияларының жобаларын іске асыру кезек күтіп тұр.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес және тәуелді компаниялары Үкіметтің және Алматы әкімдігінің қолдауымен «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ тұтынушыларына қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бірқатар жобаларды іске асырды, мегаполисті электрмен жабдықтаудың сенімділігін көп мәрте арттыратын, қуаты 220 кВ энергетикалық шығыршық жасауды аяқтады. Қос ВЛ-220 2-тізбегі бар «Кеңсай» (Бесағаш) 220 кВ қосалқы станциясының салынып, іске қосылуы Алматы энергия жүйесі тарихындағы ең ауқымды жобаның қорытындылау кезеңі болды. Қалалық шығыршық «KEGOC» АҚ 500 кВ тіректік қосалқы станцияларын және «АЖК» АҚ 220 кВ тораптық қосалқы станцияларын байланыстырды, мұның өзі Қазақстанның БЭЖ желілік байланысын нығайтуға жағдай жасады.

Алматы энергия торабын дамыту шеңберінде Алматының 1-ЖЭО-і мен 2-ЖЭО-ін, «АлЭС»АҚ ГЭC каскадын реконструкциялау мен кеңейту жөніндегі жобалар жұзеге асырылуда, әуе электр берілісі желісін кабельдікке ауыстыру жоспарланды. Энергия тиімділігін жоғарылату және есеп жүйелерін енгізу бойынша іс-шаралардың арқасында 2 жыл бойы «АЖК» АҚ желілерінде қалыптан тыс ысырап болған жоқ.

«МЭБК» АҚ және «ШҚ АЭК» АҚ күшімен батыс және шығыс өңірлердегі желілер мен қосалқы станцияларды жаңарту басталды.

Қоршаған ортаны қорғау бойынша елеулі нәтижеге «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес кәсіорындарында - елдің энергетикалық жүрегі болып табылатын Екібастұз ГРЭС-1-і мен ГРЭС-2-інде қол жеткізілді. 2009-2013 жылдар аралығында мұнда күлді кетіру жүйесі реконструкцияланды және станцияның қолданыстағы барлық 8 блогында электр сүзгілері орнатылды. Тазалаудың алғы жүйелері зиянды заттардың атмосфераға шығарылуын бірнеше рет азайтады, жылына шамамен 150 мың тоннасы кемиді, бұл Павлодар облысындағы экологиялық жағдайды жақсартуға септігін тигізеді.

Халықаралық жетекші қаржы институттарымен серіктестік дамуда. ЕЖДБ -мен 9,150 млрд теңгеге кредиттік келісім жасаудың арқасында «Шардара ГЭС-ін жаңарту» жобасы бойынша жұмыс жүргізілуде.

Былтырғы жылы «Самұрық-Энерго» оңтүстік кореялық Тэгу қаласында өткен WEC-2013 Бүкіл әлемдік энергетикалық конгресс жұмысына қатысып, өзін әлемдік энергетика жетекшісі ретінде танытты. Конгресс қорытындысының маңыздысы Бүкіл әлемдік энергетика кеңесінің Бас хатшысы Кристоф Фрайдың 2014 жылы Астана экономикалық форумы шеңберінде әлемдік энергетика жетекшілерінің саммитін өткізу туралы меморандумға қол қоюы болды.

«Самұрық-Энерго» АҚ электр энергиясының генерациясына арналған отын түрлері бойынша оңтайлы теңгерімге қол жеткізгісі келеді және Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға өтуі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес өзінің энергетикалық қоржынын әртараптандыратын болады. Осы факторлардың бәрін есепке ала отырып, компания стратегиясы технологиялық әлеуетті 2022 жылға дейін инновациялық түрде дамытуға бағытталған.

Тиімділікті одан әрі арттыруға және зиянды заттардың қоршаған ортаға ықпалын барынша азайтуға - күл, күкірт және азот тотықтарын шығаруды кемітуге ерекше назар аударылады. Сондай-ақ жылу станцияларының шағын бөлігі көмір қышқыл газын ұстап, сақтап тұратын электр энергиясы өндірісіне көшеді.

«Самұрық-Энерго» АҚ осы мақсатта энергетикалық және экологиялық ғылыми-зерттеу бағдарламаларының кең шоғырын жүзеге асыратын АҚШ энергетика министрлігі жанындағы (National Energy Technology Laboratory) Энергетикалық технологиялар жөніндегі ұлттық лабораториямен ынтымақтастықты ретке келтірді. Өткен жылдың күзінде NETL өкілдерінің сапары барысында Екібастұз кен орнының күлі мол көмірін жағу бойынша ұтымды зерттемелерді қолдану мүмкіндігіне зер салынды.

Жеке алғанда, энергияның жаңартылатын энергия көздерінің үлесін ұлғайту, таза көмір технологиясы негізінде жаңа құрушы қуаттарды іске асыру және барларын жаңарту қарастырылды.

Қазақстан энергетикасы үшін бүгінгі таңда алдынғы және экологиялық жағынан таза технологияларға қол жеткізу мүмкіндігі туып отыр. «Самұрық-Энерго»-ның үлесі ішкі нарықта энергетикалық көмір секторындағы өндірудің 40% шамасындай болатынын есепке алсақ, мұның айрықша маңызы бар. Болжамдар бойынша, 2022 жылы өндіру көлемі 41,7 млн (2013 ж.) тонадан 58 млн тоннаға дейін артады. Қайта сатып алынған көмір шығару орындарының базасында компания көмірді газдандыруды мөлшерлейтін көмір химиясын дамытуды, синтетикалық сұйық және газ тәрізді отындар өндіруді жоспарлап отыр.

2030 жылы «Самұрық-Энерго» ҚЗЭЖ - Қазақстандық зияткерлік энергия жүйесін құру қажет деп біледі, бұл энергияны өндіру мен беру кезіндегі аз-кем шығын болған тұстарда да тұтынушыларды энергиямен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз етуге жағдай туғызады, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін энергия теңгеріміне ауқымды түрде тартуды, транзиттік және экспорттық әлеуетте барынша пайдалануды қамтамсыз етеді. Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасында мемлекеттік саясатты іске асыру үшін «Самұрық-Энерго» АҚ базасындағы электр энергиясын өндіру аясында Ұлттық оператор құру жобаланады.

Жаңартылатын энергия көздерін дәстүрлілерімен қатар пайдалану бағытын таңдау елдің келешектегі отындық-энергетикалық кешенінің анағұрлым сындарлы және ұтымды үлгісі ретінде ұсынылады. Бұл тұрғыда «Самұрық-Энерго» АҚ «Қазақстан-2050 Стратегиясы: мемлекеттің жаңа саяси бағытын» сәтті орындау мақсатында тиімді экономика құруға және электр энергетикасы саласын тұрақты дамытуға жағдай жасайтын болады.