ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК
Қоғамның әлеуметтік саясаты әле- уметтік саладағы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, қайырымдылық және демеушілік көмек көрсету, қызметкердің қажеттілігін қанағаттандыру және оның денсаулығын жақсарту, кадрлық әлемуетті дамыту және өндіріс дамуына тиімді инвестиция тарту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру негзгі бағыттары болып табылатын Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік стратегиясына және Даму стратегиясына сәйкес жүзеге асырылады. Қоғам әлеуметтік-бағдарлық кәсіпорын ретінде әр алуанәлеуметтік жобаларды іске асыруға көп көңіл бөледі, әлеуметтік ынтымақтастық туралы келісімдер шеңберінде облыс және қала әкімдіктерімен өзара іс-әрекет жасайды.
Қоғамынң әлеуметтік саясатының негізгі мақсаты қызметкерлердің денсаулықтары жөнінде қамқорлық таныту, қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.
2013 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлеріне ұсынылған аранйы төлемдер мен жеңілдектердің қатарына: қызметшіні еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде оқыс жағдйлардан сақтандыру, сауығуы үшін бір жолғы жәрдем, санаториялық-курорттық емдеу, сырқаттану қағаздарын төлеу, медициналық сақтандыру және емдеу, өндірістік жарақат алған кезде материалдық көмек беру және басқалары кіреді.
Бұдан өзге, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялары Тобында ұжымдық шарттарға сәйкес үстеме жұмыс төлемі, мерекелік және демалыс күндері, түнгі уақыттардағы жұмыстар төлемі; ауыр жұмыстарда, зиянды (өте зиянды) жұмыстарда жүргендерге үстеме ақы және қосымша ақы төлемдері; қосымша жыл сайын төленетін демалыс; электр энергетикасындағы еңбек өтімі 10 жыл және одан асқан кезде мерейтойына (50,60 жас) байланысты бір жолғы көтермелеу төлемдері қарастырлған.
Сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялары Тобында ауыр жұмыстарда, еңбек жағдйлары қауіпті, зиянды (өте зиянды) жұмыстарда жүрген қызметшілер үшін Қазақстан Республикасының тиісті жылдың республикалық бюджеті туралы заңымен белгіленген айлық жалақының ең аз мөлшері есебінен және салалық коэффиценттердің көтерілу есебімен еңбек ақы төлеудің ең аз стандарты сақталған.
Жұмысты оқумен қатар алып жүрген қызметшілерге емтихан немесе белгіленген сессия, диплом жобасын (жұмысын) әзірлеу мен қорғау, түсу емтихандарын тапсыру кездерінде қосымша демалыс беріледі.
Қоғам қызметшілердің өздерінің және олардың отбасы мүшелерінің салаутты өмір салтын кеңінен насихаттайдыәрі қолдайды. «Самұрық-Энерго» компаниялары Тобы кәсіподақтармен бірігіп, қызметшілердің белсенді демалуы үшін жыл сайын бұқаралық спорт жарыстарын өткізеді. 2013 жылы тамызда «Энергетиктер кәсіподақтарының федерациясы» қоғамдық бірлестігінің күштерімен Астана қаласында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялары Тобында қызметшілері арасында Қазақстан спорты күніне арналған I-ші Спартакиада өткізілді. Қоғамның еншілес ұйымдарының 11 командасы өздерінің спорттық шеберліктерін және ең күштілер қатарында екенін дәлелдеді.
5 қыркүйекте «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялары Тобы қызметкерлерінің баллары арасында Балалар суреті конкурсы өткізілді, басқа да мәдени-көпшілік іс-шаралар жүргізілді, сондай-ақ Энергетика күні қарсаңында Қоғам қызметкерлері арасында бильярд бойынша турнир өтті.
Өндірістік қызметкерлер арасындағы әлеуметтік-тұрақтылық рейтингі және әкімшілік-басқару қызметкерлерінің жұмылдыру көрсеткіші әлеуметтік аядағы негізгі көрсеткіштер болып табылады.
«Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік университеті мен Әлеуметтік ынтымақтастық орталығының қызметшілер көңіл-күйінің негізгі көрсеткіштерін өлшеу, мәселелер мен мазасыз аймақтарды анықтау мақсатында жүргізілген тәуелсіз зерттеулерінің нәтижелері бойынша Қоғам орташа ретінде сипатталады және 63% құрады. Қоғам қызмет үдерісінде туындаған әлеуметтік міндеттерді жеткілікті деңгейде сәтті шешеді, бірақ шешімдерді қажет ететін қиын мәселелі аймақтардың әлі де байқалуы әбден мүмкін.
Қоғам компаниялары тобының әкімшілік-басқару қызметкерлерінің жұмылдыру дәрежесі де 63% құрады, қабылданған шкала бойынша оң аймақта тұр.Қызметкерлер басшылармен және әріптестерімен арадағы қарым-қатынасқа, еңбек жағдйларына, еңбек мазмұнына және жұмыстағы өзіндік дербестік деңгейіне жоғары дәрежеде қанағаттандырылған.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ
2013 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялары Тобы 824 000 000 теңге сомасында демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетті, оның ішінде демеушілік мақсатқа — 536 830 000 теңге, қайырылымдылық мақсатқа — 287 170 000 теңге («Екібастұз ГРЭС-2 станциясы», ГРЭС-1» ЖШС, «Богатырь-Көмір» ЖШС 50% үлесін есепке алғанда) жұмсалды.
Демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету барысында өткізілген іс-шарлар «Самұрық-Энерго» АҚ Тобының әлеуметтік-жауапты компания ретіндегі беделін, оң имиджін нығайтуға жағдай жасады. ЕТҰ орындарында мынадай көмек көрсету түрлері ұйымдастырылды: ШҚО энергетик — ардагерлерге дәрі-дәрмек алу және медициналық тексеруден өтуге көмектесу, Балалар үйіндегі тәрбиелеушілерді әлеуметті қолдау, бұрынғы қызметші — қазіргі зейнеткерлерге ай сайынғы жәрдем жасады. Осылайша, мәселен, «Шардара ГЭС» АҚ 8 жыл бойы ҰОС ардагерлеріне және интернационалист жауынгерлерге энергиямен жабдықтау бойынша ай сайын 150 кВт•сағ. дейінгі көлемде қайтарымсыз қызмет көрсету түрінде қолдау жасалып келеді.
Компания спортты дамытуға көп көңіл бөледі, Бокстан Азия конфедерациясы атқару комитетінің отырысы, «Астана-Арланс» клубын қолдау сияқты іс-шаралардың жүргізілуіне қолдау көрсетті.
«Астана-Арланс» турнир қорытындысы бойынша 2012-2013 жылдағы Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) маусым чемпионы болды.
ЕТҰ өткізген басқа іс-шаралардың ішінде: «Қазақстан энергетикасының қалыптасуы мен дамуы туралы» кітап-шежіре, Д.А. Қонаевтың жүз жылдығына арналған салтанатты жиын, ҰОС ардагерлеріне, тыл еңбектеріне ҰОС Жеңістің 68 жылдығына байланысты қайырымдылық көмек, Энергетика күнін мерекелеуге байланысты, энергетика-ардагерлердің шеруі, Егде адамдар күніне акциялар, Серебрянск (ШҚО) қ. 50-жылдығын тойлауға арналған мерекелік іс-шаралар бар.
Негізгі қызметтер бойынша топтастырылудағы жұмыспен толық қамтылу жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерге берілетін, жұмыспен уақытша немесе толық емес жағдайда қамтылған қызметкерлерге берілмейтін төлемдер мен жеңілдіктер
№ | Көрсеткіш | Толық қамтылған қызметкерлер үлесі | Толық емес немесе уақытша қамтылған қызметкерлер үшін |
---|---|---|---|
1
| Қызметкерлерге төлемдер мен жеңілдіктер |
|
|
1.1
| Өмірді сақтандыру |
бар
|
бар
|
1.2
| Денсаулық сақтау (мединциналық сақтандыру) |
бар
|
бар
|
1.3
| Еңбекке жарамсыздық, мүгедектік бойынша өтемақы |
бар
|
бар
|
1.4
| Ана болуы бойынша демалыс |
бар
|
бар
|
1.5
| Зейнетақы беру (зейнетке шыққанда бір жолғы төлем) |
бар
|
жоқ
|
1.6
|
Компнаия
акцияларын меншікке беру |
жоқ
|
жоқ
|
1.7
| Басқалары (санаториялық-курорттық емдеу, бала туғанда берілетін материалдық көмек, отбасы мүшелерін емдеуге материалды көмек, сауықтыруға материалдық көмек) |
бар
|
жоқ
|