«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі Төрағасының арнау сөзі

Әбдіғалиұлы
«Самұрык-Энерго» АҚ Директорлар
кеңесінің Төрағасы
«Самұрық-Энерго» АҚ үшін 2013 жыл серпінді даму кезеңі болды, еуразиялық маңызы бар бәсекеге қабілетті электр энергетикалық холдинг қалыптастырудың берік негізі салынды. Қоғам Акционерлер қойған міндеттерді орындады және Даму жоспары бойынша іс-қимылдардың негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізді.
Қоғамның таза пайдасы 40,85 млрд теңгені құрады, бұл 2012 жылғы деңгейден екі есе жоғары. «Самұрық-Энерго» АҚ қаржылық нәтижелері мен өндірістік көрсеткіштерінің тұрақты өсуі мемлекеттің электр энергиясын өндіру, бөлу және өткізу, көмір өндіру бойынша бытыраңқы активтерін біріктірудің тиімділігін дәлелдеп берді.
Холдинг құрамына «ШҚ АЭК» АҚ, «ШығысЭнергоТрейд» ЖШС қосылды. 2013 жылдың аяғында «Қазақмыс» тобының «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның 50% үлесін, сондай-ақ «Қазгидротехэнерго» ЖШС жарғылық капиталына қатысудың 100% үлесін сатып алу туралы келісім жасалды. Құны 1,3 млрд доллар мәміле аяқталған жағдайда «Самұрық-Энерго» АҚ ұлттық маңызы бар ең ірі станцияның 100% меншік иесі болады. «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС қолда бар қуаты жаңғырту бағдарламасы аяқталған соң, 25%-ға - 4 000 МВт-қа дейін ұлғаяды. Бұл «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Халықтық IPO бағдарламасы шеңберіндегі құны мен инвестициялық тартымдылығын арттырады.
Генерация секторында активтерді ұлғайту Директорлар кеңесі 2013 жылы бекіткен «Самұрық-Энерго» АҚ Ұзақ мерзімді Даму стратегиясы мен «2022 жылға дейінгі Инновациялық-технологиялық стратегия» мақсаттарына сәйкес келеді.
Белсенді түрде іске асырылатын осы құжаттың басым бағыттары Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, акционерлік капиталдың құнын көтеру және әлеуметтік жауапкершілікті арттыру болып табылады. Келешекте біз «Самұрық-Энерго» АҚ-ны бәсекеге қабілетті еуразиялық маңызы бар холдинг ретінде көреміз.
Осы мәртебе компанияның озық корпоративті іс-тәжірибелер арқылы, соның ішінде ұлттық маңызы бар электр станцияларын, көмір кен орындарын сатып алу және салу, әлеуметтік жауапты тарифтерді белгілеу, электр энергиясының мемлекетаралық саудасы кезінде салалардағы мемлекет мүдделерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Компанияның Стратегиялық мақсаттары шеңберінде тұрақты даму мәселелері, энергияның жаңартылатын көздерін энергия теңгеріміне тарту мәселелері басым болып белгіленді. Жыл қорытындысы бойынша, «Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстанда бірінші қуаты 2 МВт Қапшағай күн электр станциясы құрылысы мен іске қосу жобасын аяқтады.
2014 жылы қуаты 45 МВт Ерейментау жел электр станциясын кеңейтілген қалпында пайдалануға беру жоспарланып отыр, бұл «Астана ЭКСПО-2017» энергиямен жабдықтау жөніндегі халықаралық көрмесінің негізгі нысаны болады. Біздің тұрақты даму туралы есебіміз осы жылдық есепке біріктірілген, мұнда БҰҰ (UN Global Compact) Ғаламдық Шарт қағидаттарына сәйкес біздің ұзақ мерзімді, тұрақты өсуге бейімділігіміз қамтылып көрсетілген.
Қоғам әлемдік ең жақсы іс-тәжірибелерге, тәжірибешілдерге сәйкес корпоративтік басқаруды жетілдіруге айрықша назар аударады.
Бүгінгі таңда электр энергетикасы саласында нарықтың аса тиімді үлгісін анықтауды, заңнамалық және нормативтік базаны жетілдіруді қажетсінетін жаңа жағдайлар туындауда. Осыған байланысты «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы KAZENERGY ассоциациясымен бірігіп, Үкіметтің тапсырмасы бойынша ОЭК Даму стратегисы шеңберінде ҚР электр энергетикасы саласын 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасын жасауға қатысты.
Бұл құжат электр энергетикасы субъектілерінің қызметтерін жүзеге асыру аясында негізге алынатын болады және электр энергетикасы саласын дамыту бойынша мемлекеттік мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз етеді.
2014 жылы «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының бизнес-бірлестікпен және мемлекеттік органдармен бірігіп, «ОЭК дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасынан» Қазақстандағы электр энергетикасы мен қуаты нарығының анағұрлым тиімді үлгілері бойынша тұрлаулы тәсілдемелерді анықтауына, құрушы станциялар мен бөлуші желілер үшін тарифтік реттеу жұргізуіне тура келеді. Барлық осы шаралар бүгінгі таңда «Самұрық-Энерго» генерация секторында, көмір шығару мен электр энергиясы дистрибуциясында негізгі ойыншы болып орын алған жерлердегі электр энергетикасы саласына инвестициялар және жаңа технологиялар тартуға жағдай тудырады.
2013 жылдың қазанында Акционерлер шешімімен Директорлар кеңесі ұлғайды, және біз тәуелсіз директор Руперт Эндрю Вудворд Гудманды қарсы алуға қуаныштымыз. Қоғамның Директорлар кеңесі және оның комитеттерінің жұмысы туралы толық ақпаратты Есептің «Корпоративті басқару» тарауынан оқуға болады.