СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ, МАҚСАТТАР МЕН МІНДЕТТЕР
Өз миссиясын орындау және күтілетін нәтижелерге жету мақсатында Қоғамға үш стратегиялық бағытты іске асыру өажет етіледі:
- Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- Акционерлік капиталдық құнын көтеру;
- Әлеуметтік жауапкершілік.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН ЭҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Қоғамның іс-қимылдары энергетикалық кауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, бұл Қазақстанның одан арғы экономикалық дамуындағы басты басымдықтардың бірі болып табылады. Аталған бағыттың негңзгң мкақсаты – электр энергиясы мен көмірді жеткізудің сенімділігін, сондай-ақ ҚР БЭЖ тұрақтылығын қолдауды қамтамасыз ету.
ОСЫ МАҚСАТҚА ҚОҒАМ КЕЛЕСІ МІНДЕТТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛЫМЕН ЖЕТЕДІ:
1. Қоғамға электр энергетикасы аясындағы ұлттық оператор мәртебесінің берілуі;
Ұлттық оператор мәртебесі электр энергетикасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы саланы тұрақты дамытуға, Қазақстанның ресурстық базасын тиімді пайдалануға және жеткізілімдердің дәйектілігін арттыруға мүмкіндік береді.
2. Ұлттық маңыздағы станцияларға бақылау қою;
Қоғам ұлттық маңыздағы станцияларға барынша жоғары дәрежеде бақылау қоюға ниет етеді, бұл аталған нысандарда мемлекет ролін күшейтуге жеткізеді және ҚР БЭЖ тұрақтылығын қолдауға жағдай жасайды.
3. Генерация құрылымын оңтайландыру;
Электр энергиясының қымбат бағалы импорттық жеткізілімдеріне кіріптарлықты төмендету мақсатында генерациялық қоржындағы оңтайлы қуаттар үлесін арттыру қарастырылады.
4. Резервтік қуаттарды қамтамасыз ету;
Қоғам иеліктегі қуаттарды арттыру жолымен резервті камтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуді жоспарлайды, бұл елдің электр энергетикасы жүйесінің қауіпсіздігін жетілдіруге мүмкіндік туғызады.
5. Экспортталатын, импортталатын электр энергиясын сатып алу – сату ісін орталықтандыру және экспорттық әлеуетті дамыту;
Бұл электр энергиясын Беларусь еліне экспорттау және БЭК елдеріне Орталық Азиядан электр энергиясын жеткізу жұмысына жаңа мүмкіндіктер береді.
АКЦИОНЕРЛІК КАПИТАЛ ҚҰНЫН КӨТЕРУ
Электр энергетикасы нарығының көз жетерлің келешегінде мол табыстылық болатындықтан, акционерлік капитал құнын көтеруде Қоғам дамуының стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.
АКЦИОНЕРЛІК КАПИТАЛ ҚҰНЫН КӨТЕРУ БОЙЫНША НЕГІЗГІ МАҚСАТТТАР МЕН МІНДЕТТЕР:
1. Акционерлердің мүдделерін қор-ғау және Қоғам акцияларының сәтті бастапқы орналасуы (Халықтық IPO):
Қоғам акцияларды бастапқы орналастыруды сәтті жүргізу үшін заңдарды жетілдіру жөніндегі бірқатар іс-шараларға қаржылық тартымдылықты камтамасыз ету мақсатында қатысуды жоспарлайды.
- Тариф құрылымының тұрақты жүйесін құруға қатысу;
- Дивидендтік саясаттағы өзгеріс- тер;
- Корпоративтік басқаруды жетілдіру.
Қоғам энергия өндіруші, энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға арналған тарифтік заңнамаларда жетілдіруге қатысады.
Сонымен қатар, энергия өндіруші кәсіпорындардың бекітілетін ақшалай қаражат қозғалысы жоспарына дивиденд төлемдерін қосу бойынша белсенді түрде жұмыс жүргізілетін болады. Корпоративтік басқару жұмысында 2022 жылға қарай корпоративті басқару рейтингін 80% жеткізу жөнінде мақсат қойылады.
2. Холдингтің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету:
- Шектес өндірістердегі әртараптандыру;
- Тариф құрылымының тұрақты жүйесін құруға қатысу.
Әртараптандырудың негізгі бағыты таяу шет елдерге (Ресей, Украина) экспорттау мақсатында өортқы көмір қоспасын өндіруді дамыту болады.
3. Коммерциялық жөнді жобаларға қатысу:
- Инновациялық даму
Электр энергетика саласының капиталды қажет етуі және ғылымды қажет етуі жоғары болғандықтан, аталған міндеттің маңызы айрықша арта түседі.
Қоғам инновациялық-технологиялық дамудың маңыздылығын сезінеді және компанияның бұрыннан бар жабдықтар базасын жақсарту, кешенді автоматтандыру бойынша жоспарлы түрде жұмыс жүргізеді, сондай-ақ меншікті өндірістің энергия тиімділігін қамтамасыз ету үшін озық әлемдік технологияларды қолдануды іске асырады.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Стратегиясында белгіленгендей, барлық мүдделі тараптардың мүдделерін, соған қоса Қоғамның мүдделерін есепке алмай ұзақ мерзімді құнның өсуі мүмкін емес, сондықтан да әлеуметтік жауапкершіліктің стандарттарын жетілдіру негізгі стратегиялық бағыт болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасы Үкіметі мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ әлеуметтік жауапкершілік аясындағы бастамаларын орындауға бағытталған жұмыстар қарастырылды.
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік компаниядан тысқары тарайды және мүдделі тараптардың кең ортасын: өкімет органдарын, жергілікті қоғамдарды, іскер әріптестерді, жеткізушілерді, келушілерді тартады. Қоғам инвестициялары ең алдымен, әлеуметтік жауапты сипатта болады және таза технологияларды дамытуға, қоршаған ортаны қорғауға, ресурстар мен энергия тиімділігін арттыруға бағытталған. Қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу саясатын ұстанады және еңбек аясында кемсітушілікке жол бермейді.
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік стратегиясы компания шегінде қызметкерлерге және адам капиталына инвестициялаумен байланысты мәселлерге, жеке адамның денсаулығына, қауіпсіздігіне, еңбегінің дәлелдігіне, тұрғын үймен қаматамасыз етілуінеоқытуға, кәсіподақтар құру ісіне көмектесуге қатысты әлеуметтік жауапты іс-шараларды іске асырады.
ҚОҒАМНЫҢ КОРПОРАТИВТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:
- әлеуметтік саладағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;
- өндіріс дамуына тиімді инвестициялар;
- еңбекті және қоршаған ортаны қорғау;
- кадрлық әлеуетті дамыту;
- жеке адамның қажетілігін қанағаттандыру және денсаулығын жақсарту;
- қайырымдылық және демеушілік көмек көрсету болып табылады.
Осы бағыттарды іске асыру шеңберінде Қоғам дара өндірісті елді-мекендерді дамыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу және еңбек пен қызмет аясында кемсітушілікке жол бермеу, жасыл технологияны дамыту және экологиялық стандарттарды енгізу, шығындар мен зиянды ықпалдарды қысқарту, қызметкерлердің жұмыс жағдайының мониторингі, кадрларды дайындау және қайта дайындау саясаты, кадр резервін, тұрғын үй саясатын, еңбекке ақы төлеу саясатын қалыптастыру, сондай-ақ жұмыс істемейтін зейнеткерлер мен мүгедектерді әлеуметтік жағынан қолдау бойынша міндеттерді іске асырады.
Өндірістік зақымдануды төмендету міндеттері қазіргі заманғы жабдықтарды қолдану, жұмыс істейтін жеке адамды үйрету жолымен қауіпсіздік деңгейін жетілдіру бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды, сондай-ақ қауіпсіздік және еңбек қорғау саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес өндірістік жағдайларға келтіруді қарастырады.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ШЕҢБЕРІНДЕГІ БАСЫМ БАҒЫТТАР :
1. «Жасыл» экономика стратегиясын іске асыру және «Таза» көмір технологиясы мен ЖЭК дамыту, энергия тиімділігін арттыру болып табылады.
Энергия тиімділігі қоршаған ортаны қорғаудың маңызды аспектілерінің бірі болып табылады. Қоғам алыстағы тұтынушылардың «Энергетикалық кедейлігін» жою үшін жаңартылатын энергия көздері (жел және күн электр станциялары, сондай-ақ шағын су электр станциялары) теңгеріміне тартуды жоспарлайды.
Электр энергиясы мен отынды барынша тиімді пайдалану мақсатында қолданылатын шаралар, сондай-ақ энергия сақтау бойынша өткізілетін іс-шаралар іс жүзінде энергия тұтынуды ұлғайтпай тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге мүмкіндік бере алады, соның оң салдарынан атмосфераға зиянды затардың шығу мөлшері де ұлғаймайды. Бұл ретте, электр станцияларында отын пайдалану коэффициентін ұлғайту және жеке қажетке кететін электр энергиясының шығындарын азайту ойластырылады.
Энергия тиімділігін арттыруға Қазақстандық интеллектуалдық энергетика жүйесін құру, қазіргі заманға электр станциялары құрылысы, сондай-ақ ЖЭК дамыту сияқты іс-шаралар бағытталған. Келешекте Қоғам (қосымша) қайталама энергия ресурстарын (өндіріс сулары мен булары, табиғи газдың артық қысымының энергиясы және тағы т.с.с) пайдалану жөніндегі мәселелерді қарасытруды жоспарлайды.
Киото хаттамасының сандық міндеттемелеріне байланысты 2020 жылға дейін, Қазақстанда парниктік газдардың шығарылуын үлестеу жүйесі енгізіледі.
Әрбір энергия өндіруші кәсіпорын үшін квота (үлес) санын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Ұлттық жоспар белгілейтін болады. Қоғам алдағы 10 жылда көміртек тотықтары шығуын төмендетуді, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерінің құрылысын салу жолымен қосымша квота алуды жоспарлайды.
2. Электр және жылу желілеріндегі шығындарды қыскарту.
Бұл міндет Қоғам иелігіндегі электр желілерінің технологиялық базасын жаңарту, сондай-ақ Smart Metering жүйесін енгізу және кешенді автоматтандыру жолымен жүзеге асырылатын болады.
3. Зиянды ықпалды қысқарту
Қоршаған ортаның ластануын ықшамдау мақсатында шығарылатын заттарды сүсгіге салу жабдықтары, сондай-ақ күл-қоқыс қалдықтарын өтелдендірудің қазіргі әдістері енгізілетін болады.
4. Әлеуметтік және экологиялық стандарттар жүйесін енгізу
Қоғам барлық кәсіпорындарда ISO 14001 стандартына сәйкес эколониялық басқару жүйесін жоспарлы түрде енгізеді.